Ө ө дыбысы мен әрпі.
БҚО,Теректі ауданы,Айтиев БМ
Танатарова Шолпан Каратаевна
Сабақтың тақырыбы:Ө ө дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Ө ө дыбысы мен әрпін таныту,.берілген сөздерді
түсініп, дұрыс буынға бөле білдіру.Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, дауысты,
дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету.
ә\Тәрбиелілігі:Имандылыққа, ізгілікке, сыйластық қарым-
қатынасқа, тазалыққа,әдемі жазуға баулу.
б\Дамытушылығы:Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын
кеңейту.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі:аралас
Көрнекілігі: Мазмұнды суретттер,қима әріптер буындар, дидакткалық материалдар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң достар,
Қайырлы таң болсын.
Бүгінгі күнің сәтті
Сәттіліке толсын
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру
-Ә дыбысы мен әріпін қайталауға арналған жаттығулар. «Кім тапқыр?» ойыны
-Ә дыбысын дауыстап айтып бір оқушыға допты лақтыру арқылы Ә дыбысы бар сөздер тауып айту ойын
жалғастырылады
- Ә дыбысына қатысты сөздерді буынға бөліп оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау.
Жұмбақтар
Өшірді,сүртті,
Өзгені құртты,
Өзінде құртты.
Бұл не?(өшіргіш)
Өшіргіш не үшін қажеттеп ойласыңдар
Өшіргіш - сөзін қима әріптерден құратып, буынға бөлдіріп, әр буындағы дыбыстарды шартты белгілер
арқылы дауысты.дауыссыз дыбыстарға ажырату..
ә) Мазмұнды суретпен жұмыс.
Мәтінге ат қою.
Түйе туралы әңгімелеу.
Түйенің екі өркешіті. . Өркештің пайдасы бар
Сызба арқылы жаздыру.___ ___. ___ ___ ___.
3.Оқулықпен жұмыс
Берілген сөздерді оқыту.
Буындар құрату
-Балалар,шырын деген не?Ол неден жасалады?Шырынның қандай түрлерін білесіз?
Мәтінді оқыту.
Мазмұнын айтқызу, мәтінді талдау
4.Сергіту сәті
5. Дәптермен жұмыс.
1..Ө ө әрпін жазу үшін оның элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын
өрнектеу.
2.Ө ө әрпін жазу кезінде әріп элементтерінің қайырмасын қалай келтіруін (доғал, сүйір ілгек) түсіндіре
отырып көрсету.
3. Буындарды жазу.
4.Өрік,көпір – дыбыстық талдау жасау.
IV.Сабақты бекіту.
«Кім тапқыр ? » ойыны арқылы қорыту.
Ө әрпінен басталатын сөздер ойлату.
V.Қорытынды
- Қай әріпен таныстық? -Ө дыбысы қандай дыбыс?
V I. Мадақтау.