Конспект ОУД "Жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер"

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет:
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Алғашқы тамшы тамды»
Тақырыбы/Тема: «Жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған
ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере
отырып дүниетанымын, ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы
түсініктерін қалыптастыру. Балаларға жаз, күз, қыс, көктем мезгілдері жайында мағлұмат
беру және өздіктерінен әңгімелеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау
технологиясы, ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, жемістер
мен көкөністердің муляждары, киімдер бейнеленген суреттер, жұмсақ модуль «Суреттерді
құрастыр».
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жыл мезгілдері- времена года,
жаз-лето, күз-осень, қыс-зима, көктем-весна.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: (Кенеттен топқа сиқыршы кіріп келеді.)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендерге алыс жақтан ұшып келдім.
Мен сендерді сиқырлы таяғымның көмегімен жыл мезгіліне саяхатқа шығуға
шақырамын.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Жыл мезгілдері туралы бейнефильмдер тамашалау.
Сиқыршы жыл мезгілдері жайлы бейнефильм арқылы түсіндіріп өтеді.
Күз туралы бейнефильмді тамашалау.
Күзде күн суыта бастайды. Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Күзде ағаштардың
жапырақтары сарғаяды. Күзде егін піседі. Егінді адамдар жинайды.Күзде барлық жеміс-
жидектер пісіп, жерге түседі. Жан-жануарлар да қысқа азық жинайды.
Билингвалдық компонент: күз-осень.
«Ғажайып дорба»ойыны
Балалар дорбадан әр түрлі жемістер мен көкөністерді (муляж, суретерін) біртіндеп алып,
заттарды атап, пішінін, түр-түсін, дәмін айтып сипаттайды.
Жеке жұмыс: Айлин сен дорбадан қандай жемісті алдың?
Қыс туралы бейнефильмді тамашалау.
Қыста күн суық болады. Қар жиі жауады. Ағаштардың бұтақтарын қар басып, бұтақтар
иіліп тұрады. Айнала аппақ қарға оранады. Боран соғып, үскірік аяз болады. Аюлар
апанында ұйқыға жатады. Өзендер мен көлдердің бетіне қалың мұз басады.
Жеке жұмыс: Бағланмен, Амирханмен фонетикалық жаттығуларды қайталау.
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар – ар – ар,
Жауады қар.
Билингвалдық компонент: қыс-зима.
Көктем туралы бейнефильмді тамашалау.
Көктемде күн жылына бастайды. Қар еріп жылғалардан су ағады. Жыл құстары өз
мекендеріне ұшып келе бастайды. Келе сала ұя салып, балапан басып шығарады. Ағаш
бұтақтары бүршік жарады. Құрт-құмырсқа, аралар оянады.
Билингвалдық компонент: көктем-весна.
Аз қимылды ойын: «Көктем келді»
Музыка ырғағына сәйкес жай жүру. Бір-бірінің соңынан музыка ырғағының өзгеруіне
сәйкес жеңіл жүгіру; «Құстар ұшты» - қолдарын шетке еркін созып, «қанат қағып»
«көбелектер ұшып келді» «көбелектер гүлге қонды» (тоқтап, еденге сәл отыра, орындыққа
отыру), қолды жоғары-төмен түсіре, бір-бірінің соңынан, музыка ырғағының өзгеруіне
сәйкес қатарды бұзбай жүгіру; бытырап жүгіру.
Жаз мезгілі туралы бейнефильмді тамашалау.
Жазда күн ыстық болады. Жаз бойы балалар демалады. Жаз мезгілінде жеміс-жидектер
пісе басайды. Жаз мезгілінде айнала жасыл желекке еніп, әртүрлі гүлге толады.
Билингвалдық компонент: жаз-лето
«Жазғы киім» зерттеу жұмысы.
Шарты: киімдерді маусым бойынша жіктеу.
Киімдер бейнеленген суреттерді жыл мезгілдеріне байланысты бөліп қояды. Жазда
неліктен жеңіл киінетіндерін әңгімелейді, дәлелдейді. «Жазда неліктен қалпақ киеді?»
деген сұраққа жауап береді.
Жұмсақ модуль «Суреттерді құрастыр»
Балалар суреттерді құрастыра отырып, оның қай жыл мезгіліне тән екенін айтады.
Мысалы, сары жапырақ – күз, алма – жаз мезгілі т.б
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар қанша жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Жаз, күз, қыс және көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Сиқыршы:
-Балалар сендер жыл мезгілдері жайында көп біледі екенсіңдер. Мен өте ризамын.
Сиқыршы белсенді қатысып отырған балаларға жыл мезгілдерінің сыйларынан береді.
Күз мезгілінің сыйы саңырауқұлақ пен жемістерінен. Қыс мезгілінің ақ ұлпа қарларын.
Көктем мезгілінің бәйшешек гүлдерінен. Жаз мезгілінің көбелектерін сыйға тартады.
Сиқыршы балалармен қоштасып кетеді.