Конспект ОУД "Реттік санау"

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Көктемгі ағаштар»
Тақырыбы/Тема: «Реттік санау»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды ұқыптылыққа, реттілікке
тәрбилеу.Қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: заттарды салыстыру арқылы балалардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыруға,
заттардың ретін анықтауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: аю
және қоян ойыншық, карточкалар, жұмсақ модуль «Санды жылан».
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент:аю- медведь,
реттік сан – порядковый счет
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар бүгін бізге ертегілер елінен аю мен қоян қонаққа
келіпті. Жануарлар жейтін азықтарын дайындап жатыр.
Балалар айтыңдаршы көктем келгенде жануарлар не істейді?
Дұрыс айтасыңдар, ұйықдан оянады. Жаз бойы азығын жинап қыста ұйқыға
жатады. Аю бізден көмек сұрай келіпті.
Ол қонжықтарына бал салынған бөшкелердің жететін-жетпейтінін біліп
беруді сұрайды.
-Қалай, оған көмектесеміз бе?
Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалардың назарын әрқайсысының үстелінде жатқан үш аю бейнеленген
сурет-карточкаға және екі бөшкесі бар тәрелкеге аударады.
-Суреттегі қонжықтар көңілсіздеу ме, қалай? Қонжықтарды немен қуантуға
болады? Таптым, оларға бал салынған бөшкелерді сыйлайық, қонжықтардың
бәріне бөшкелердің жеткенін тексеріп көрейік.
–Қонжықтардың әрқайсысына бал салынған бөшкенің жеткен-жетпегенін
қайдан білеміз?
-Қонжықтарға бөшкелер жетті ме?
-Қайсысы көбірек – қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме?
-Олар бірдей болу үшін не істеу керек?
Тәрбиеші әрқайсысына тағы да бір-бір бөшкеден таратады.
-енді қанша бөшке болды?
-Қайсысы көбірек: қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме? Балалар
қонжықтар бейнеленген карточкаларға назар аударады.
-Балы бар бөшкені қонжықтардың үстіне қою керек.
-Қонжықтар көбірек.
–Бал салынған тағы бір бөшке керек.
-Қонжық қанша болса, бөшке де сонша болды.
–Бірдей болды.
Билингвалдық компонент: аю – медведь
Ойын: жұмсақ модуль «Сандық жылан»
Бал салынған бөшкелердің реттік нөмір қандай екен? Оны мына сандық
жыланнан тауып көрейік.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Балалар қоян да бізден көмек сұрайды.
Тәрбиеші балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аударады.
-Қояндар не жегенді жақсы көреді?
-Сәбізді, орамжапырақты.
-Қояндардың бәріне сәбіз жете ме?
Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды
қонақ етейік.
Балалар сәбізден қоянға дейін жол салады.
-Қайсысы көбірек: қояндар ма, сәбіздер ме?
Балалар қоян қанша болса, сәбіз де сонша.
Балалар тапсырманы орындайды.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Қоян мен аю балаларға алғысын білдіріп, балалармен қоштасып орманға
кетеді.
Балалар біз бүгін аюға қалай көмектестік?
Қоянның сәбіздері қанша болды?
Балаларды мадақтау.