Технологическая карта "Ертегілер әлемі"
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы №12
«Балапан» ІІ кіші тобы « » қараша 2014
Білім беру саласы: « Қатынас».
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ертегілер әлемі
Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру және айтқызу арқылы сөздік қорын молайтып тілін дамыту.
Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балаларды тапқырлыққа, мейрімділікке, достыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балалармен әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап
Қостілдік құрам: қасқыр-волк, ешкі-коза.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық-
қозғаушылық
Балаларға шеңбер болып тұруды ұсынады.
Аспанда күн ыстық
Ал жерде кім ыстық?
Әке мен шешеміз
Бәрінен тым ыстық
Жасаған туыстық
Достық пен тыныштық!
Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап
Алдаркөсе келеді.
Педагогпен бірге
сәлемдесу рәсімін
жасап, жылы тілектерін
айтады.
Ертегілер елінен келген
Алдаркөсемен
амандасады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап
Алдаркөсе келеді.
Ертегілер елінен келген Алдаркөсе
балалардан қандай ертегілерді білетінін
сұрайды.
Алдаркөсе балаларға «Қасқар мен жеті лақ»
ертегісін ұсынады.
Педагог балаларға «Қасқыр мен жеті лақ»
ертегісінің мазмұнын сюжетті сурет арқылы
әңгімелеп береді, мазмұнын түсіндіреді.
Ертегідегі қасқырды сипаттайды, оның іс-
әрекетін, жауыздығын, ал лақтардың
тапқырлығы туралы әңгімелейді.
Балаламен сөздік жұмысын жүргізу.
Қостілдік құрам: қасқыр-волк, ешкі-коза.
Жағдаят шешу
«Лақтардың орнында болсаңдар, сендер не
істер едіңдер?» деген сұрақ қою арқылы
балалардың жауаптарын тыңдайды,
қортындылайды.
Сергіту сәті.
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секеңдеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар «Бауырсақ»,
«Шалқан», «Лақтар мен
қасқыр» т.б. ертегілерді
білетіндерін айтады.
Мұқият тыңдайды,
ертегі желісі бойынша
сұрақтарға жауап береді.
Мұқият тыңдайды,
ертегі желісі бойынша
сұрақтарға жауап береді.
Қайталайды: қасқыр-
волк, ешкі-коза.
Лақтардың орнында
өздері болса, не
істейтінін айтады.
Өлең мазмұнына сай
қимылын салады.
(І.Жансүгіров)7
Лақтарды қасқырлардан құртқаратын жолды
тапқызу.
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен
ертегі кейіпкерлері, оның іс-әрекеттері
туралы әңгімелесу.
Лақтарды қасқырдан
құтқаратын жолды
табады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттау,
сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын
бекіту.
Өз іс-әрекеттерін
әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Үй жануарларын жабайы жануарлардан ажырата білуге үйрететін тапсырмаларды.
Үйрену: Ертегі кейіпкерлерін қалай сипаттау керектігін.
Меңгереді:Ертегіні қысқаша әңгімелей білу іскерліктерін.
Әдіскер: ______________________ Тәрбиеші: Туймешова А С