Конспект урока "Гүлдер әлемі"

« Райса » бөбектер бақшасы
« Гүлдер әлемі »
( Ашық сабақ )
« Жұлдыз » ересек тобы
Тәрбиеші: Аменова М.Ж.
2018 2019 о.ж.
Тақырыбы: Гүлдер әлемі
Мақсаты: Гүлдер туралы түсінік беру, сөздік қорларын молайту, байланыстыра
сөйлеуін дамыту.
Көрнекілік: Гүлдердің суреті, магнит тақтасы, түрлі-түсті бояулар, мақал-
мәтелдер, нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрнекілік сұрақ-жауап, практикалық.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ізгі ниет болған жерде гүл тұрған,
Гүл дегенің гүл емес – ол жыр тұнған.
Той мереке гүл болмаса ажарсыз,
Дархан дала гүлден ғана жаралған.
Балалар бүгінгі сабағымызды ізгі ниетпен, жылы лебізбен, жақсы тілектен
бастасақ.
Балалар: - Қош келдіңіздер қонақтар!
Аспанымыз ашық болсын!
Балабақшамыз гүлге толсын!
Табиғатымыз таза болсын!
Жеріміз гүлге толсын!
Балабақшамыз гүлдене берсін!
Аға тәрбиеші: Өте жақсы тілектер екен балалар.
ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Гүлдер әлемі»
а/ Сұрақ-жауап
Аға тәрбиеші: - Балалар сендер қандай гүлдің түрлерін білесіңдер?
Балалар: - Бәйшешек, қызғалдақ, раушан.
Тәрбиеші: - Гүлдерді қай мейрамдарда кімге сыйлаймыз.
Балалар – Аналар мейрамында, туған күнге, досымызға сыйлаймыз.
ә/ Суретпен жұмыс
Мынау бәйшешек гүлі. – Ол ерте көктемде қар еріп жатқан кезде тауда гүлдейді.
Түсі қандай балалар?
Ақ
Мынау қызғалдақ гүлі. Ол қырда өседі.
Түсі қандай балалар?
Қызыл
Мынау раушан гүлі. – Барлық гүлдердің патшасы, сұлулық пен әсемдік белгісі.
Түсі қандай балалар? /Ақ, қызыл, қызғылт/
Балалар, сендер білесіңдер ме? Бөлме гүлдері әсемділігімен көрік беріп қана
қоймай үйдің ауасын тазартады. Балалар осы гүлдер жайқалып өсу үшін
жаңбырдың суы, күннің нұры, су қажет екен.
«Ертегілер» әніне билеу.
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалып.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалған.
Ал енді балалар біз үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Топтармен таныстыру:
1-ші «Шешендік өнер» тобы – өздерінің гүлдерге байланысты тақпақтарын
айтады
2-ші «Шебер қолдар» тобы – гүл құрастырады
3-ші «Суретшілер» тобы магнит тақтасына гүлдің суретін салады
«Шешендік өнер» тобының гүлдерге байланысты жаттаған тақпақтарын
тындайық.
Нурай
Гүлдерді мен терейін,
Айта жүріп жырымды.
Қыздарға мен берейін,
Жеткізіңдер сырымды.
Аделя
Бақша гүлге толады,
Гүл теруге болады.
Гүл көп болса,қызық көп,
Әсемдіктің мол әні.
Дарын
Күннің көзі шықты,
Жарқырап жайнап.
Мен – раушан гүлімін,
Құлпырған жайнап.
Тәрбиеші: Балалар сендер тақпақтарыңдыөте жақсы айттыңдар. Сендерге
рахмет.
«Шебер қолдар» тобына гүлдің бөлшектерін үлестіріп берейін, сендер
құрыстырғанша «Суретшілер тобы» магнит тақтасындағы сызықшамен берілген
түймедақ гүлін кезекпен келіп суретін салады.
ІІІ. Қорытындылау
Балалар бүгін, үш топта өте жақсы жұмыс жасады. Гүлді аялайық, қорғайық
гүлдер өте нәзік келеді. Гүлдер бізге қуаныш сыйлайды. Сендер де осы гүлдер
сияқты жайнап жүре беріңдер.
Гүлдерді өсіріңдер, тимеңдер
Көктем етіп жайқалтыңдар үйлерде
Гүл – достықтың, гүл – жастықтың белгісі
Гүл өсірші, сұлулықты сүйгендер – деп бүгінгі «Ересектер» тобының «Гүлдер
әлемі» атты сабағымызды аяқтаймыз. Енді балалар орнымыздан тұрып
қонақтармен қоштасайық.
Балалар: «Сау болыңыздар» - деп қоштасады.