Сценарий "Гүлдер фестивалі" 6-7 класс
Гүлдер фестивалі
Қатысатын сыныптар: 6-7 сыныптар
Шараның мақсаты: Өз өлкемізде өсетін гүлдер туралы білімдерін толықтырып,
гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетімен
таныстыру. Әдемілікті сезіне білуге, талғамдарының жетілуіне ықпал ету.
Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге
тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, слайд көрсету, сұрақ - жауап, сергіту, мадақтау.
Көрнекіліктер: Слайд, суреттер.
Шара мектептің кіші спорт залында өтеді, оқушылар сынып-сыныппен тұрады.
Жүргізушілер: Бекзат пен Алсу.
Бекзат: Қош келдіңіздер қонақтар!
Алсу: Қайырлы күн, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі салтанатты шарамызды
әсемдіктің, махаббаттың символы гүлдерге арнаймыз. Гүл дегеніміз - өсімдік, олар
өмір сәні, табиғат көркі. Гүлдер сән бергенімен қоймай, ауаны тазартады,
адамдарға жақсы көңіл - күй сыйлайды.
Бекзат: Аспанымыз ашық болсын!
Айналамыз гүлге толсын!
Табиғатымыз таза болсын!
Жеріміз гүлге толсын!
Лицейіміз гүлдене берсін!
Қыздар тобы билейді.
Алсу: Гүлдер, гүлдер , көп гүлдер,
Қызыл гүлдер көк гүлдер.
«Жайнар кезім келді» - деп,
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып,
Күн нұрына боянып,
Көрік бердің далаға, - депТұманбай Молдағалиев атамыз жырлағандай, біздің
өлкемізде гүлдердің түр – түрі өседі.
Бекзат: Қазір әр сынып өздері дайындаған гүлдері туралы мәлімет беріп өтеді.
Осы сыныптардың өнерін әділ-қазылар алқасы бағалап отырады.
Алсу: Көктеммен бірге оянып, даламызды ерекше сәнге бөлейтін Ұйқышөп гүлі
туралы айтып беретін 7 Ж сыныбын ортаға шақырамыз.
Алсу: 7м2 сыныбы маржандай тізілген Інжугүл туралы айтып береміз дейді.
Бекзат: Көк аспан түстес бәрпі туралы 7 м1 сыныбы айтып берсін.
Алсу: 6 А сыныбы көктемгі жанаргүлді дайындап келіпті.
Бекзат: 6б сыныбы күн нұрынан нәр алған Күнгелді гүлімен таныстырады.
Алсу: 6В сыныбы: Қызыл кілемдей Таушымылдық гүлімен таныстырады
Бекзат: Әр сынып гүл тақырыбына дайындаған заттарын әділ-қазылар алқасына
ұсынсын.
Бекзат: Енді, әділ қазылар алқасы қорытындыларын шығарғанша, мынадай
қызықты мәліметтерге назар аударсақ. (Слайд арқылы гүлдер туралы қызықты
мәліметтер көрсетіледі).
Алсу: Әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Грамоталармен мадақтау.
Фестивальдың жабылуы.
Бекзат: Осымен, бүгінгі гүлдер фестивалі аяқталды, белсене қатысқан 6-7 сынып
оқушыларына, сынып жетекшілеріне, ұстаздарға, қонақтарға үлкен алғысымызды
білдіреміз!
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Классный час "Россия и Крым - вместе" 8 класс
- Презентация "Пути и средства поддержки эмоционального комфорта на уроке"
- Проект "Подвижные игры"
- Конспект занятия по подготовке к обучению грамоте "Звук и буква Р" (старшая группа)
- Итоговый педагогический совет "Подведем итоги"
- Конспект родительского собрания в ясельной группе "В детский сад без слёз"