Технологическая карта "Ғарыш әлемі"

Білім беру саласы : Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет: Сурет салу.
Тақырыбы : «Ғарыш әлемі».
Мақсаты: . Ғарыш әлемін бейнелеуге, дәстүрден тыс заттармен сурет салуға
қызығушылықтарын ояту. Бастыру әдісін қолдану арқылы сурет салу ,
техникасын меңгерту.
Білімділігі: Балалардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту суреттерден
көргендерін тереңдету.
Дамытушылығы: Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты ғарыш әлеміне қызығушылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,қорытындылау.
Керек құралдар: Көк түсті парақ,бастырма акварель, су,үлестірмелі
материалдар қол сірткіштер.
Ұйымдастырылған
оқу іс –әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-
әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбер құру.
Армысың,қайрымды көк
Аспан!
Армысың мейрімді Жер ана!
Армысың шұғылалы Алтын
күн!
Армысыздар қадірлі
қонақтар!
-Жарайсыңдар,
балалар,бүгінгі көңіл-
күйлерің қалай, жақсы ма?
-Ендеше , жақсы көңіл-
күймен орнымызды табайық.
Балалар шаттық
шеңберін құрады.
-Иә, көңіл-күйлеріміз
жақсы.
Балалар орындарына
жайғасады.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
Тәрбиеші балаларға
интерактивті тақтаға назар
аударуын сұрайды.
Көктем туалы слайд
көрсетіледі.
Тәрбиеші балалардан қай
мезгілді тамашалағандарын
сұрайды.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Көктем мезгілі неше айдан
тұрады?
Балалар көктем айларының
атауын атайықшы?
-Көктем мезгілінде қандай
Балалар тақтаға назар
аударып, көктем туралы
слайд тамашалайды.
Көктем мезгілі.
-Үш айдан тұрады.
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Күн жылынады,құстар
қайта оралады,адамдар
жеңіл киінеді, ағаштар
бүршік атады, жәндіктер
жер бетіне шығады т.б
өзгерістер болады?
Жарайсыңдар, балалар, міне
көктем мезгілі өзінің керемет
ерекшеліктерімен қуантады
екен. Ал көктемнің осы айы
нешінші айы?
- Осы ай қалай деп аталады?
- Иә, бұл сәуір айында да, бір
үлкен мереке бар. Ол -
ғарышкерлер мерекесі.
Балалар бүгінгі біздің оқу
іс-әрекетіміз
Ғарышкерлер,ғарыш әлемі
туралы болмақ.
Ғажайып сәт:Балалар бізге
ғаламтордан хат келді.Бұл
хатты ғаламтор арқылы
Балапан телеарнасынан Али
мен Ая жіберген екен. Слайд
көрсетіледі.
Балалар Али мен Аяның
тапсырмасын орындауға
дайынсыңдарма?
1-тапсырма .Ғарышкер
дегеніміз кімдер балалар?
Слайд көрсетіледі
Иә, ғарышкер дегеніміз олар
ғарышқа,аспан әлеміне
ұшатын адамдар.Аспан
әлемінде де ,көптеген ғалам
бар.Ал біздер жер
ғаламшарында өмір сүреміз.
2-тапсырма
-Балалар,сендер қандай әуе
көліктерін білесіңдер?
-Иә,ғарышкер ағаларымыз
ғарышқа зымыранмен ұшады
екен.Оны ғарыш кемесі деп
атаймыз.Олар ғарышқа ұшып
барып,аспан әлемін зерттейді.
3-тапсырма.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері
де ұшқан. Олар кімдер?
Екінші айы
Сәуір айы
12-сәуір Ғарышкерлер
күні.
Хат, балалар таңдана
қарайды.
Иә дайынбыз.
Ғарышкер аспан әлеміне
ұшатын адамдар.
Ұшақ,зымыран, ғарыш
кемесі.
Мына суретте өзіміздің қазақ
ғарышкерлері-Т.Әубәкіров
және Т.Мусабаев деген
ағаларымыз.Бұл кісілер
еліміздің
мақтаныштары.Олар
ержүрек,батыр,халық
қаһармандары. Мынау
Байқоңыр ғарыш
айлағы.Ғарышкерлердің бәрі
осы жерден ғарышқа ұшады
екен.Байқоңыр ғарыш айлағы
ол біздің Қазақстанда,оның
ішінде Қызылорда
облысында орналасқан.Мына
суретте ғарыштағы адам,ол
үстіне арнайы скафандр
киген.Ғарышта ауа
жоқ,сондықтан ол жақта тек
осындай арнайы киіммен ғана
жүруге болады Ал мынау
аспан әлемі.Аспан әлемінде
көптеген жұлдыздар бар.
Ойын «Бұл не?»
дидактикалық ойын.
Үлестірмелі материалдармен
4-тапсырма. Балалар
ғарышкерлер туралы
тақпақтар білесіңдерме?
Талғат Мусабаев
,Тоқтар Әубәкіров
Балалар
ғарышкерлермен
танысады.
Балалар берілген
суреттерден не екенін
табады.
Апта түгіл ай өтті,
Ол ғарышқа ұшқалы.
Сонша неткен сай, епті,
Сонша неткен күшті әрі.
Еш адамға жолыкпас,
Гүлге толмас кұшағы.
Сонда да бір жалыкпас,
Күні-түні ұшады.
Ол кеткенде кыс еді,
Ойын. « Күн көзі мен
жаңбыр».
Музыка ойнайды. «Жаңбыр
жауды»дегенде балалар
қолшатыр астына
жиналады,ал «Күн шықты »
дегенде шеңберге
түрады,балалар қозғалып
билейді, «Кеш
батты,жүлдыздар
жымыңдады»дегенде балалар
«үйлеріне» қарай
жүгіреді,орындарына
отырады.
5-тапсырма .Аспан әлемінде
жұлдыздардан басқа нелер
бар?
Жарайсыңдар балалар,
ендеше аспан әлемі
суреттерін саламыз.
Бастырма әдісі бойынша
суреттер саламыз,ол үшін
алдымен мен сендерге
көкөністер бастырмасынан
пішіндер дайындап
келдім.Ал күннің суретін
саусақтарыңды сары түсті
бояуға батырып салады.
Тәрбиеші балалардың
жұмыстарын
қадағалайды,балаларға жеке
бағыт -бағдар береді.
Тәрбиеші жұмыс соңында
балалардың еңбегін
мадақтайды.
Жер беті енді көктеңбіл.
Қашан жерге түседі?
Шыдамды еді неткен
бұл?
Балалар ойынды қызыға
ойнайды.
Күн, ай, бұлттар
болады.
Балалар тәрбиешінің
көрсетуімен
бастырманы қызыл
,сары бояуға
қылқаламмен
бояу,арқылы аспан
әлемін салады.
Балалар өздері салған
суреттерді қызықтайды.
Сергіту сәті
-Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
Таудай биік талабым,
Мен бармақтай баламын,
Көктің жүзін барлайтын,
Үлкен ғалым боламын!
Өлең жолдарына сай
қимыл қозғалыстар
жасайды.
Рефлексиялық
түзетушілік
Балалар бізге кімнен хат
келді?
Ғарышқа ұшқан баты
ағаларымызды атайықшы?Біз
ненің суретін салдық?
Али мен Аядан.
Талғат Мусабаев
,Тоқтар Әубәкіров
Аспан әлемін суретін
салдық.
Күтілетін нәтиже
Біледі:суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді
Игереді:эстетикалық сезімін қалыптастыруды.
Меңгереді: бастыру әдісмен сурет салуды меңгереді.