Технологическая карта "Ғажайып саяхат"

Ұйымдастырылған оқу іс-әреретінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ғажайып саяхат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: аралас, қайталау ұйымдастырылған оқу
қызметі
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»,
«Денсаулық».
Мақсаты: а) Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, 3-ке дейінгі
сандарды қайталау; ә) Шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру; б) басына
қиындық түскенге әрқашан көмек көрсету керек екенін түсіндіру; табиғатқа деген
қамқорлық сезімін ояту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойындар, тыңдау, көрсету.
Көрнекі-құралдары: интербелсенді тақта, слайд, ,үлестірмелі материалдар,
конверттер,плакат, суреттер, сандар, геометриялық пішіндер,музыка.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері:
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң,балалар,
Күліп атты таң бүгін.
-Кәнекей, балалар, бүгінгі күнге жақсы
тілектерімізді арнайық! Қандай жылы
сөздер айтамыз?!
Балалар мұғаліммен
амандасады.
Шаттық шеңберіне
тұрады.
Бір-біріне жақсы
тілектерін айтады:
-Бүгінгі күн жақсы өтсін!
-Сәтті күн болсын!
-Жақсылық көп болсын!
-Аман болайық! т.б
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Көп адамдардың ерсілі-қарсылы жүрген
поезд бекетінің, поезд жүрісінің
дауыстары естіледі. Кенет жылаған
кішкентай баланың дауысы шығады.
-Ой,балалар естимісіңдер, біреу жылап
жатқан сияқты.
-Сәлеметсің бе , балақай! Саған не болды,
неге жылап отырсың?
Шынашақ бала: Мен ойнап жүрген едім.
Кенеттен қатты жел соғып мені ұшырып
әкетті. Енді үйіме қайта алмай жылап
отырмын.
- Балалар біз ергежейліге көмектесеміз
бе? Ендеше, балалар, барар жерге тез
жету үшін не керек бізге,айтыңдаршы,?
-Дұрыс айтасыңдар. Біздер балалар барар
жерге поездбен барамыз. Поездға міну
үшін не керек?
-Ал , билетті кайдан аламыз?
-Барлығымыз бару үшін неше билет керек
-Әрине,көмектесеміз!
Балалар күлімдеп қуана
келіседі.
- көлік керек болады
- билет алу керек
- кассадан
-қанша бала болса,
сонша билет керек
болады?
-Дұрыс. Ендеше, билетті кассадан алып
поездға отыру үшін мынадай тапсырманы
орындауымыз қажет.
Дидактикалық ойын: «Поездға билет»
(Шарты: тәрбиеші үстелінен конверт
таңдалып, ішіндегі суретте бейнеленген
нәрселер айтылады)
- Жарайсыңдар! Балалар, кеттік ендеше.
Поезд жүрісінің дауысы естіледі.
Поезд тоқтап, өзеннің сылдырының
дауысы естіледі.
-Балалар, біздің поезд тоқтап қалды.
Қане, не болғанын көрейікші.
Қараңдаршы, бұл өзен ғой!
-Балалар, өзеннің түсі қандай?
-Не істеймі? Ергежейліні үйіне жету
үшін, өзеннен қалай өтсек екен?
Шынашақ бала: Өзенде көпір болған, оны
жел бұзып кеткен. Көпір салсақ қалай
болады?!
(Қалған балаларды отырғызу)
-Дұрыс. Көпірді салу үшін бізге өзен
жағасында жатқан геометриялық
пішіндер қажет болады.
Дидактикалық ойын: «Көпір салайық»
Шарты: тақтаға суреттер ілінеді.
Суреттегі нәрсе қай пішінге ұқсаса, сол
пішінді тауып өзен бетіне көпірді
құрастырамыз.
-Бұл ненің суреті?
-Қандай пішінге ұқсайды?
-Түсі қандай?
Көпір тұрғызып, әрі қарай жолға
шығады.
-Өзеннен өттік,алақай!
Сергіту сәті.
Секірейік, секірейік
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды басайық,
Сонда болар тамаша!
-Балалар , біз сендермен бірге гүлдер
алаңына келген сияқтымыз!Гүлдер
жайқалыпты, әсемдік деген осы, ия,
балалар! Қане, барлығымыз
құшағымызды кең жайып таза ауаның
иісін иіскейікші.
болады.
Балалар суретте
бейнеленген заттарды
айтады:
- астында-үстінде,
- ішінде-сыртында,
-үлкен-кіші,
-ұзын-қысқа,
- биік-аласа…
Барлығы:
-Пш-пш-пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу-гу-гу-гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
Балалар сұраққа жауап
береді.
Балалар тақтадағы
суретке ұқсас пішінді
тауып көпір салады.
Балалар сұраққа жауап
береді.
-Шырша. Үшбұрыш.
-Терезе. Төртбұрыш
-Доп. Дөңгелек. Шеңбер.
Балалар сергіту сәтін
орындайды
Слайдтан гүлдер алаңын көрсету.
-Гүлдер қандай әдемі?! Балалар гүлдердің
түстері қандай?
-Гүлдер бізге не үшін керек?
-Оларды басып, жұлып тастауға бол ма?
-Дұрыс айтасыңдар! Гүлдер әсемдіктің
белгісі. Таза ауа сыйлайды. Жұлуға
болмайды. Көктемде дала гүлдерін теріп
анамызға сыйға тартамыз.
-Жарайды, ендеше, бізде теріп әкелген
гүлдеріміз бар екен. Сол гүлдерді өз
құмырасына салу керек.
Дидактикалық ойын: «Гүлдер»
Шарты: тақтада 3 құмыра суреті
ілінеді. Құмыралар 1,2,3 цифрларымен
белгіленген. Гүлде қанша жапырақ болса
сол цифр белгіленген құмыраға гүлді
саламыз. Құмырадығы цифрд атау.
Санау. Кері санау.
-Жарайсыңдар! Гүл алаңының артында
ергежейлінің үйі болу керек.
Слайдтан бос алаңқайды көрсету.
Шынашақ бала көңілсіз: Менің үйімді
қатты соққан жел қиратып кетіпті. Енді
мен қайда тұрамын.
- Сен қам жеме біз балалармен бірге саған
үй салып береміз.
Ұжымдық жұмыс «Шынашақ балаға
арналған үй»
Шарты: тәрбиешімен бірге плакатқа үй
бөліктерін жапсыру. (шатыры,
қабырғалар, есік, терезе, мұржасы)
Әр бөліктің пішінін атап жапсырады.
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
-қызыл, ақ, сары, көк.
-анамызға сыйлауға,
әдемілікке
-гүлдерді жұлуға
болмайды.
Балалар гүлдердің
жапырағын санап сол
санға сәйкес белгіленген
құмраны тауып гүлді
апарады. Тура және кері
санайды.
Балалар үй бөліктерін
бірге тақтаға жапсырады.
Үйдің әр бөлігін атайды:
есік, терезе, шатыр,
қабырға
Рефлексивті-түзету
-Міне, балар біз шынашақ баланы үйіне
оралуға көмектестік.
-Әрдайым, балалар, біреудің басына іс
түскенде көмек қолын соза білуіміз керек.
-Не дегенмен, бір ғажап саяхат болды.
Солай емес пе?
-Сендерге саяхат ұнады ма?
- Сендерге саяхатымыз барысында
қандай жағдайлар ұнады?
Ергежейлі: Рахмет сендерге балалар!
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
-Иә
Өздеріне ұнаған
жағдаяттарды айтады.
-Көпір құрастырғанымыз
ұнады.
-Шынашақ балаға үй
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Түстерді ажыратып, геометриялық пішіндерді танып және 3-ке дейін
санауды білуі керек;
Болуы керек: Өткен тақырыптар бойынша түсінігі және ұйымдастырылған оқу
қызметіне деген қызығушылығының болуы керек;
Үйренуі керек: Тәрбиеші сұрақтарына толық және анық жауап беріп үйренуі керек.
Маған үйімді табуға көмектестіңдер. Мен
сендерге тәтті таратып алғыс айтамын.
құрастырған ұнады
Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратады,1-ден 3-ке дейін сандарды қиналмай
санайды,заттар құрастырады.
Қандай түсініктерді игерді:Басына қиындық түскенге әрқашан көмектесу керек
екенін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қимылдарды нақты орындау, қойылған
сұраққа толық әрі дұрыс жауап беру.