Конспект урока "Музыка әлеміне саяхат" 1 класс
Сабақтың
барысы
Оқытушының қызметі
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже
І.
Ұйымдастыру
кезеңі
1.Оқушылармен амандасу:(Баянмен орындайды)
Ән саламыз , жар саламыз
Ұстазды біз, қарсы аламыз.
Бәріміз зор ізетпен,
Амандасып аламыз .
2.Оқушыларды түгелдеу:
Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;
1.Оқытушымен амандасу:( ауызша айтады)
Ән саламыз , жар саламыз
Ұстазды біз, қарсы аламыз.
Бәріміз зор ізетпен,
Амандасып аламыз .
2.Кезекші оқушының есеп беруі;
3. Қосылып орындайды.:
Оқушы бар
зейінімен сабаққа
көңіл аударуы.
Оқушылар сабақ
бастауға дайын
Бекітемін:
Пәні :
Музыка
Сыныбы:
1 а 1 б
Уақыты:
Тоқсанның тақырыбы:
Музыка әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы:
Музыка суреттейді
Құзыретілікке жеткізетін
сабақтың мақсат-міндеттері:
А) Ақпараттық
Баланы құдіретті музыка әлеміне, музыка тыңдауға, ән айтуға баулу,
қызығушылығын ояту. Музыкаға іс- әрекет арқылы сезімін (эмоциясын)
ояту.Сурет пен дыбыстық байланысын ұғындыру
Б)Коммуникативтік
Музыка тыңдау, ән айту ережелерін үйрету.
В) Проблеманы
шешу құзыреттілігі
Музыка арқылы баланы әсемдікке, мейірімділікке, адалдық пен шыншылдыққа
тәрбиелеу
Түрі:
жаңа материалды түсіндіру
Қолданылатын педагогикалық
технологиялар:
Ақпараттық-коммуникативтік технология
Әдістер:
Сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық
Пәнаралық байланыс:
Ана тілі
Пайдаланылған көрнекілігі:
Суреттер, домбыра.аспаптар.
3.Дауыс жаттықтыру:
Қыздар және ұлдарға. Арнайы дауыс жаттықтыруға
шығарылған ән .Әні мен сөзін жазған
Ә.У.Кулмурзина.(Кимылмен орындау)
.
.
Ля,ля-ля, ля,ля-ля, ля, ля-ля, ля.
Қыздар әнге салады
Тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля,ля,
Ұлдар аспап алады.
Қыздар биді билесе ,
Ұлдар қолды соға
ІІ. Үй
тапсырмасы.
Жаңа оқулықтың авторларымен, баспасымен, шартты белгілерімен, негізгі тарауларымен таныстыру.
Алғашқы сабақты оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастау.
МАД тобынан естерінде қалған жақсы әндерді өз қалаулары бойынша хормен, орындату.
Оқушылардың
өткен материал
бойынша
түсінгендері,жат-
тағандары бойынша
жауаптары.
ІІ. Жаңа
материалды
игеру кезеңі
Балалар мектепке алғашқы қадамдарың құтты болсын.
Жаз бойына алған әсерлерін,көрген қызықтарын,демалған жерлерінің әсем табиғатын әңгімелейді.
Мектеп,мұғалім,оқу құралдары туралы жұмбақтар шешеміз. балдырғандарды оқуға
шақырамыз,білімге деген қызығушылығын арттырып,оқуға,сауатты болуға ынта-ықыласын дамыту
жұмыстарын жүргіземіз.
- Біз бүгінгі музыка сабағында таңғажайып музыка әлеміне саяхатты бастаймыз,- деп, оқулықтағы
шартты белгілермен таныстырамыз. Балалар, суретке қараңдар. Суретте не бейнеленген?
- Суреттегі балаға ат беріңдерші?
- Ол қайда жүр?
- Оның жанындағы кімдер?
- Балалар, суретке қараңдар. Суретте не бейнеленген? Егер осы балалардың орнында сендер
суреттегі жерде жүрсеңдер қандай дыбысты естір едіңдер?
1. Ауладағы ең биік ағаш болайық, қолды барынша жоғары көтеріп, желдің «у-у-у» деп дыбысын
ақыры шығару.
2. Жел ақырын соқты, ақырын қолдың басын қозғаймыз. Бірте- бірте жел күшейіп, дауысты
қаттырақ шығарып бел, денені қозғалысқа келтіру.
3. Қолды төмен түсіріп, тырнақпен партаны тықылдатып жаңбырдың даусын шығару.
Оқушылар жаңа
сабақты
қабылдайды,
қабылдаған
ақпаратты
талқылап, талдайды,
ақпарат негізінде
білімін жүиелейді,
жинақтайды, одан
қорытынды шығара
алады.
Музыка
тыңдау:
Ақсақ құлан х/к
тыңдау
(Кішкене ғана
үзінді
тыңдалады)
. Құлан деген жануарды кім біледі .(Кейін
суреті көрсетіледі) Құлан есектен үлкен,жылқыдан кіші ,қазақ даласын мекендеген жабайы жылқы
.Ал, сол емін –еркін далада жүрген малды әдейі қырған Жошы ханның балдасы туралы әңгіме айтып
берейін. Ол аңыз «Ақсақ құлан» Бұрынғы өткен заманда Жошы деген хан болыпты.Оның ең сенімді
бас уәзірі болыпты. Жеті жыл жер бетін шарлап,алыс сапардан оралған оны Жошы хан шақырып
алып:
Ал, уәзірім не көрдің?-дейді Сонда ол : Саруалдың арғы деген жерде көп ордалы құлан жатыр
екен.Соның ішінде киелі ақсақ құлан бар екен,оған ешкім жоламайды екен .Өйткені өзіне тигенді ол
теуіп немесе таптап өлтіреді екен- дейді.
-Ау,ақсақал, мен адамды құлан теуіп өлтіріпті дегенді сенбеймін-дейді Жошы ханның қасында
отырған баласы.Сөйтіп ханның баласы 40 жігіт ерітіп сол құландарға бармақ болады. Киелі
жануардан сескеніп барғысы келмеген жігіттерді «Дарға асам» деп қорқытып құланды атуға алып
кетеді.Айтқан жерге келсе ,көп құлан жайылып жүр екен. Хан баласы қызыл шекпенін киіп,садағын
қолына алып,қалған жігіттерін тасамен жіберіп ,өзі құландарға қарсы жүріп шетінен ата жөнеледі.
Сонда көп құланның ішінен бір ақсақ құлан, үйірінен бөлініп шығып,жер тебініп ,пысқырып қалғанда
айналаны қап-қара тұман басады. «Қырық жігіттен қаша жүріңдер,қызыл шекпендіні баса жүріңдер»
деген күңіренген дауыс естіледі. Топырақ арасынан құланның тұяғының дыбысы ғана естіледі.
Тұман сейілгеннен кейін 40 жігіт қараса құландар да ханның баласы да жоқ болады.Көп құлан
ханның баласын таптап өткен екен, үш күн іздеп жігіттер Х/б жалғыз шынашағын ғана тауып алады.
Қадған белгілерінің барлығын жерге көміп ,40 жігіт елге қайтады. Баласы келмегеннен кейін хан
«Кімде-кім менің баламның өлгені туралы хабарласа соның көмейіне қорғасын құямын » -дейді. Хан
баласын жоқтап қайғырып жатып алады...
Күйді тыңдап
талдап үйренеді.
Музыка
сауаты:
Баянмен фо-номен көрсетіледі.
Төменгі ,ортаңғы , жоғарғы дыбыс.
Оқушылар айырады.
Жаңа сабақты
бекіту
1.Сонымен біз қандай күйден үзінді тыңдадық?
2.Не себепті құландарды өлтіруге болмайды?
3.Хан баласы қайда барады?
4. Қандай жағдайға ұшырайды?
5. Ханның жарлығы қандай?
7.Музыка мен сурет бір-бірімен байланысты ма?
Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын
ойша іздейді , жауап береді .
Қойылған сұраққа
жауап беру арқылы
оқушы бойында
проблеманы шешу
құзыреттілігі
шыңдалады, жаңа
материалды
қорытындылайды
Музыка - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері" 1 класс
- Конспект урока "Музыка и настроение" 1 класс
- Технологическая карта "Музыка в театре, кино и на телевидении" 5 класс
- Конспект урока "Музыка в народном стиле" 2 класс
- Конспект урока "Музыка в лесу" 1 класс
- Технологическая карта "Музы не молчали" 1 класс