Конспект занятия "Ғажайып ойыншықтар әлемі"
«Ғажайып ойыншықтар әлемі»
Ән әуенімен кіреміз.
Амандасамыз екі тілде.
-Балалар,бүгін біз сендермен «Ғажайып ойыншықтар әлеміне» саяхатқа
барамыз.Автобусқа отырып жолға шығайық.Балалар,жол қысқаруы үшін ән
айтайық.
(Балалар ән айтады )
Жүргізуші:
-Балалар,аялдамаға жақындап қалдық,қазір тоқтаймыз,автобустан түсеміз.
Ғажайып ойыншықтар әлеміне келдік.Алдымен бір-бірімізге жылы тілектерімізді
айтайық.
Жылулық шеңбері:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын,
Деніміз сау болсын,
Достарымыз көп болсын.
Саяхатымызды жалғасытрамыз:
-Балалар қараңдаршы, қандай әдемі ойыншықтар.Балалар ойыншықтарды қолымызға
алып сипаттап көрейікші.
Інжу:
Ойыншығым аю,
Не берсемде жемейді,
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Айханша:
Ыдыстарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз,
Кесе, қасық бәрін де,
Өз орнына қоямыз.
Исатай:
Машинамын көлікпін,
Мамандарға керекпін,
Үйренген соң білімді,
Көресіңдер тілімді.
-Балалар,ойыншықтарды сындыруға болама екен?
Балалар:Жоқ сындыруға болмайды,олар өкпелеп қалады.
Тәрбиеші:Саяхатымызда әрі қарай жалғастырайық.Ойыншықтар дүкеніне
барайық.Балалар , қараңдаршы қандай әдемі қуыршақтар бар екен.Қуыршақтарға
арналған ыдыстар да бар екен.Біз осы дүкеннен әдемі екі ойыншық сатып аламыз.
Дүкенші:Сәлеметсіңдер ме, балалар?,менің дүкеніме қош келдіңдер.Өздеріңе ұнаған
ойыншықтарды ала қойыңдар.
Жансая:Апай маған ойыншық беріңізші.
Дүкенші:Саған қандай ойыншық керек?
Жансая:Ең әдемісін беріңізші.Қуыршақтың бағасы қанша?
Дүкенші:Екі мың теңге,ма,ала қой қуыршағыңды.
Айханша:Апай,мағанда қуыршақ беріңізші.
Дүкенші:Саған қандайын берейін?
Айханша: Маған ұнайтын қуыршағымды беріңізші
Дүкенші:Мінекей,ала қой қуыршағыңды.Қуыршақтарыңды ренжііп алмаңдар.
Тәрбиеші:Сендерге қуыршақтарың ұнайма?.Ұнаса оларға ат қояйық.
Тәрбиеші:-Жансая ,сен кім деп қоясың?
-Мен,Сәуле деп қоямын.
Тәрбиеші:-Айханша,ал сен ше ?
-Мен,Айгүл деп қоямын.
Тәрбиіші:Жарайсыңдар,біздің қуыршақтардың қарны ашқан шығар
сияқты.Қуыршақтарымызды тамақтандырайық,асханаға барайық.
Аспазшы:Сәлеметсіңдер ме?балалар! «Ғажайып ойыншықтар әлемін» саяхаттап
қуыршақтарыңның қарны ашқан шығар,келіңдер тамақтандырамыз.Дастархан жаю үшін
бізге не керек алдымен балалар?
Балалар:Тарелка,кесе,қасық.
Аспазшы:Өте дұрыс,қанекей дайындаңдар.
Тәрбиеші:Балалар,біздің қуыршақтарымыз шаршаған шығар,қанекей бәріміз ортаға
шығып сергіту сәтін жасайық.
Аспазшы:Балалар,сендер сергіту сәтін жасап,ойындарыңды ойнап болғандарыңша,мен
сендерге өзімнің пісірген ,асханадан тәтті тоқаштарымды әкеліп берейін.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Алақанды ашайық ,
Бәрін санап алайық.
-Қанекей,балалар бәріміз бірге санайықшы.
Тәрбиеші:Балалар,қазір сендермен менің қолымдағы доппен ойын ойнаймыз.
Ойын: «Өз ойыңды тап».Ойынның шарты мынандай.Мен қолымдағы допты қасымдағы
балаға беремін,суреттегі қандай заттың аты екенін айтамыз.
Тәрбиеші:-Балалар,доп қандай?
Балалар: Доп домалақ
Тәрбиеші:Доп туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар:Иә, білеміз.
Дилназ:Доп дөңгелек ала доп,
Қызыл ,жасыл және көп.
Алихан.Ала шықтым ауылға,
Ойнайтұғын бала көп.
Тәрбиеші:Балалар ойын ұнады ма?Біздің де аспазшы апайымыз келген сияқты,сендерге
тәтті тоқашарын әкелген сияқты.
Аспазшы:Балалар, мен сендердің бүгінгі ойыншыұтар әлеміне келіп,ойыншықтарды
жақсы көретіндеріңді көріп,сендерге өте риза болдым.Меніңде сендерге сыйлығым
бар.Сендерге тәтті тоқаштар пісіріп әкелдім,осы тоқаштармен топтарыңа барып шәй
ішіңдер.
Тәрбиеші:Рахмет, аспазшы апай,сіздің тәтті тоқашқарыңызбен балаларға шәй
береміз.Енді біз автобусқа отырып,өзіміздің балабақшамызға
барайық.Балалар,барлықтарың отырдыңдар ма?,онда жүрейік.
Балалар көңілді әнмен оралады.
Тәрбиеші:балалар,сендерге «Ғажайыр ойыншықтар әлемі» ұнады ма?
Балалар:Иә ,ұнады.
Тәрбиеші:Балалар, біз немен бардық?
Даяна:Автобуспен .
Тәрбиеші:Не көрдіңдер?
Санжар:Әдемі көп ойыншықтар көрдік.
Тәрбиеші:Дүкеннен қандай ойыншық сатып алдық?
Айханша: Қуыршақтар.
Тәрбиеші:Қуыршақтарға қандай есім қойдық?
Балалар:Айгүл және Сәуле деп қойдық.
Тәрбиеші: Бізге кім қонаққа келді?
Балалар: Аспазшы.
Тәрбиеші:Сендерге не пісіріп берді?
Балалар:Тәтті тоқаштар.
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге келген Сәуле иен Айгүл қуыршақтар,сендерге өздерінің
тәттілерін алып келіпті.
Данил:
Үйдің ішін аралап,
Добым кетті домалап.