Конспект занятия "«Алтын сақа» ертегісі"

Балабақшадағы ересектер тобындағы балалармен
өткізілген ашық сабақ.
Ершеева Мақпал Қанатқызы
Таран ауданы әкімдігінің
«Калинин балабақшасы» МКҚК,
қазақ тілі мұғалімі
Тақырыбы: « Алтын сақа» ертегісі.
Мақсаты: «Алтын сақа» ертегісі желісінде мектепке дейінгі балалардың қазақ тіліне
деген қызығушылын арттыру.Қазақ халқының ертегілерімен таныстыра
отырып,оларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.өткен тақырыпты пысықтау.
Сабақтың барысы: (қазақша күй ойналып тұрады)
-Сәлеметсіздер ме? Балалар.Халдарың қалай?-Балалар,бүгін бізге қонақтар
келіпті.қонақтармен амандасайықшы.Сәлемдесу.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдаршы.
(Есік қағылады.Хат әкіліп беріледі)
-Балалар,айтыңдаршы,хат кімнен келді деп ойлайсыңдар?(Балалардың ойлары)
-Олай болса,тыңдаңдар.(Хаттың сыртында баланың суреті бар)Хат Асан атты
баладан келіпті.
-Ол қай ертегі кейіпкері кім айтады?
-Дұрыс айтасыңдар. «Алтын сақа» ертегісінің кейіпкері.Тыңдаңдар(хат оқылады)
-Сәлеметсіздер ме?Балалар!Мен Асан деген баламын.Менің алтын сақамды мыстан
кемпір алып қойды.Менің алтын сақамды алып беріңдерші.(осы жерде Асанның
суреті тақтаға ілінеді)
-Көмектесеміз бе?-Қалай көмектесеміз? (беті жабулы сандық тұрады.Ішінде асықтар
салынған)
-Балалар,мынау не?-Сандық.Бұл сандықта не бар деп ойлайсыңдар?-Бәлкім осы
болар алтын сақа.Қараңдаршы.Енді түсіндім бұр жәй асықтар.Бұл асықтарда
тапсырмалар жасырып қойыпты.(осы жерде мыстанның суреті тақтаға ілінеді)
-Кел (Артем) сен бір асықты ала қойшы.Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.
(осы жерде сандықтың суретін тақтаға ілдіремін)
1.Тапсырма: «Не жейді?» ойыны.-Балалар,жәй ғана сызып қоймай, «жейді,жемейді»
сөздерін қоса айтып,толықтай жауап береміз.(Қоян сәбіз жейді)
Екінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен
тапсырманы оқимын.
2. Тапсырма: «Ғажайып қоржын» ойыны.(Экраннан ойнатамын)-Бұл не?-Түсі
қандай?
-Дәмі ше?
Үшінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен
тапсырманы оқимын.
3.Тапсырма: «Дене мүшелерін ата» Толық айтып үйренеміз.Мынау көз. Т.с.с.
Төртінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен
тапсырманы оқимын.
4.Тапсырма: «Кім жылдам» ойыны. Отбасы мүшелерін атау.-Балалар,біз қандай
тақпақ білеміз отбасы жайлы. Мой отец родной-әке.....
Физминутка. Аяқпенен топ-топ,ал қолменен хлоп-хлоп.
Бесінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен
тапсырманы оқимын.
5.Тапсырма: «Не жетпейді,соны сал», «Көкөністерді сана»
Алтыншы бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен
тапсырманы оқимын.
6.Тапсырма: «Азық-түлік дүкенінде» Шарты бір-бір баладан шақырып алып,кімге
не керек? Қазақша талап етемін. Мыс: -Маған сүт керек.(балалардың назарын бос
сандыққа аудару.-Балалар, біз алтын сақаны әлі таппадық,енді не істейміз.-Жарайды
әзірге бүгінгі сабақты есімізге түсіріп көрейік,бәлкім табылып қалар.)
Сабақты қорытындылау.Тақтадағы суреттерге қарап сабақты еске түсіреміз.
-Балалар,бүгін біз не істедік.Бәрін рет-ретімен еске түсірейікші.
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Олай болса, сандыққа жақындап тағы да көрейікші.(сандық ішінен алтын сақа
шығады.Балаларға алтын сақа іспеттес сақалар таратамын) Марапаттау.