Отбасы - алтын діңгек
№30 мектеп
Класс сағаты
Тақырыбы: «Отбасы – алтын діңгек»
Өткізген: М.Б. Зурбаева
Класс: 6 «Ә»
2013-2014 оқу жылы
Күні: 09.09.13
Тақырыбы: «Отбасы – алтын діңгек»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру;
оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгіме.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз бүгін керемет бір ғажайып
әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане,
ойланып көріндерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол
мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады. Қазақстан Республикасы Мемлекет
басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы»
заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі
Отбасы күні болып бекітілді.
(Оқушылардың «Менің отбасым» тақырыбына жазған шығармалары.)
Балаға сіңірген ата-ана еңбегін, бала, өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген
махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын өшпес
махаббат. Енді біздің оқушыларға сөз кезегін берейік.
1-оқушы:
Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,
Құрметтеп ата-баба, салт-дәстүрін
Тыңдайық кезекпенен жанұяны
Құлшынып ортамызға келген бүгін.
2-оқушы
О, ата-анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болса екен деп қашанда.
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!
Ән - «Анашым»
Мұғалім: Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы, ата-ана. Әр
отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке -
отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы. Қай халық
болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп,
артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған ақылда,
дана сөздерінде.
Көрініс - «Әкесі мен ұлының сөйлесуі»
Әкесі ұлына: Балам, мына бір топ шыбықты сындырып көрші.
Оңай ма, әлде қиын ба екен бұл ісің?
Күштеріңді байқауды мен мақсат еттім.
Үлгі етуді өсиетті қалайды еркім.
Ұлы: Сындыра алмай, әуре болдық, әкешім
Қиын неткен құпиялы жұмбағын?
Өсиетің бізге әрдайым өнеге
Шырақ болар мына жалған дүниеде.
Әкесі: Шыбықтарды бір-бірлеп болады
Осылайша татулық көзден ұшады.
Араздаспай бірлікті мәңгі дос етсең
Топ шыбықтай мықты отбасы құрылады.
3-оқушы: Бақытты отбасы - келешек кепілі
Тәрбие - бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету үлгі ету өнеге көрсету - әрқашан үлкендер міндеті.
Мұғалім: Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін
ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі қыз – ертенгі
ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке ол әкеге қарап өседі. Балаға
білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса. Оны жалғастыру демеуші - ата-ана.
Отбасы жайлы мақал-мәтел жарысы.
1. Отан - отбасынан басталады.
2. Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілесін.
3. Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.
4. Отбасы - ошақ иесі.
Мұғалім: Отбасы ордасын
Періштелелер қорғасын.
Тіккен әрбір отауға,
Тәңірім жақсылық жолдасын.
Халқы бар ынтымақты шырақ еткен,
Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен!
Шағын орда отбасы аталады,
Сыйластық, жақсылықтың дәнін еккен.
Қорытынды: Ата-бабамыз балаға қамқорлықты анасының құрсағында жатқанда,
ол дүниеге келмей-ақ жасаған. Жас нәрестені тек әке-шешесі ғана емес, ата-әжесі де
тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттер сіңдіре білген. Олар әдептілігімен, өнерпаздығымен,
отбасы мүшелерімен бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен енбегімен
балаларына үлгі өнеге көрсеткен. «Бала – біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел
ұрпағының жақсы азамат болып өсуіне зор ықпалын тигізері анық. «Бала нені білсе
ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей, отбасындағы тәрбие балаға өмірлік
азық болмақ! Сонымен оқушылар, ата-аналарымызды сыйлап құрметтейік. Айтқандарын
тыңдап ренжітпейік.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект занятия для детей младшей группы "Зима. Дикие животные"
- Экологическая викторина "Зимний лес" для старшей группы
- Индивидуальный проект "Смертная казнь - за или против?"
- Социально-педагогические технологии работы социального педагога с неблагополучной семьей
- Дене шынықтыру пәнінің мазмұны мен құрылымы
- Қазақ тілінен ережелер