Конспект урока "Отбасы тіршіліктің тірегі"
Западно Казахстанский инженерно-технологический колледж
Тақырыбы: «Отбасы тіршіліктің тірегі»
Сабақтың мақсаты: Ата – ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым
қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Бала тәрбиесіне байланысты салт дәстүр, мақал мәтелдер, нақыл сөздерді
пайдалана отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге
баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздар, слайд.
Әдістері: cұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг.
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе.
Қазақ қоғамында отбасы-өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан
жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да,
бүкіл жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы маздап
тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да
соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы.
Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан – жақты
тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.
Отбасы ата ана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы
мүшелерінің жылы қарым қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату
болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр
адамның жүрегінен орын алуы керек.
«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың,
жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Оқушылар мен ата аналарға сұрақтар:
1. «Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?
3. Ата – анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
4. Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?
Барысы:
1. Шаттық шеңбері.
Ата-аналар мен оқушылар шеңберде қол ұстасып тұрып сол жағындағы
көршісіне өз баласына, ата – анасына айтатын жылы сөздерін айтады.
2. «Біз бір отбасымыз …» тренинг.
Домаланған жіп арқылы жақсы екі сөзден тұратын тілек айту арқылы
шаңырақ жасайды.
3. Сыйлық тренингі.
Онда мақсаты: адамның қалағанын затын сыйлыққа алмауы қаншалықты
көңіл күйіне әсер ететінін анықтау. Ортаға алты адам қалаулары бойынша
шақырылады. Қағаз бен қалам ұсынылып, үстел үстіндегі сыйлықтардың
(қалам, шоколад, майлық қағаз, карандаш, қылқалам, дәптер) қайсысын
алғысы келеді, соны қағазға жазады. Қатысушылардың қалауларын ескермей
сыйлықтарды үлестіреді және кімнің қалаулары сәйкес келгенін сұрайды.
Талқылау сұрақтары:
А) Кімнің қалаған сыйлығы келді?
Ә) Сіздің тілегіңіз бен сыйлық сәйкес келгенде сезіміңіз қандай болды?
(қуаныш, рахаттану)
Б) Сіздің тілегіңіз бен сыйлығыңыз сәйкес келмегенде қандай сезімде
болдыңыз?(ренжу, көңіл күйдің түсуі, не сізді түсінбейтіндей сезімнің пайда
болуы).
4. «Ата мұраң – асыл қазынаң».
1. Тоқымқағар дегеніміз не?
2. Баланы қырқынан шығару дегеніміз не?
3. Беташар, тәрбиелік мәні неде?
4. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
5. Жеті қазынаға не кіреді?
6. Қазақтың қонағы неше түрлі болады?
7. Бесік, түрлері, жабдықтары жайлы не білесіңдер?
8. Табақ түрлері қандай болады?
9. Ұлттық ойын түрлерін ата.
5. Сұрақ – жауап.
1. Отбасының қорғаны кім? (Әке – асқар тау)
2. Үйдегі алтын қазық кім? (Үйдегі алтын қазық - ана)
3. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? (Ана)
4. Өмірде кім жетім? (Ата – анасы болмаса, бала жетім)
5. Үйде кім қадірлі, елде кім қадірлі? (Үйде – қонақ, қарт адам, бала
қадірлі, елде – ұстаз, ата – ана қадірлі)
6. Адамға ақыл беретін кім? (Адамға ақыл беретіндер: ата – ана, ұстаз,
дос)
Қорытынды сөз. Әр бала – дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата- ана балаға
қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеу, жат қылықтар көрсетуден
аулақ болып, балаға үлгі бола алса – жан-жақты дамыған, шығармашылық
қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей ата- баба
дәстүрін сақтап ұл- қыздарымызды ұлттық салт – дәстүрімізге сай тәрбиелеу
– ата – ананың парызы. Ендеше, бүгінгі ашық тәрбие сағатынан әр оқушы
мен ата-ана ой түйіп, «Отбасы – тіршіліктің тірегі» деген қағидамен келіседі
деп ойлаймын. Қатысқандарыңызға рахмет.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Сценарий "Осень - пора туманов"
- Конспект урока "Олимпийские игры: прошлое, настоящее и будущее" 3-4 классы
- Конспект урока "Окончание существительных мужского, женского, среднего рода в именительном падеже множественного числа"
- Праздник "Один день в армии" 4 класс (23 февраля)
- Конспект урока "Огонь ошибок не прощает" 4 класс
- Классный час "Лучше знать, чем догадываться"