Технологическая карта урока "Мысық тамақ ішкен соң неге жуынады? Литва халық ертегісі"
Ақтөбе қаласы, № 41 «Назерке» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Тлеулиева
Кулнар Кемаловна
Тақырыбы: Мысық тамақ ішкен соң неге жуынады? Литва халық ертегісі
Мақсаты: Ертегіні тындауға деген сүйіспеншілігін артыру. Балалардың ой-өрісін,
сөздік қорларын дамыту, сұрақтарға түсініп жауап беруге дағдыландыру.
Балаларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: аңдып__________________________________________________
Билингвалдық компонент:мысық- кошка._________________________________
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялқ
қозғаушы
Балалар сендерді көргеніме өте қуанышты-
мын. Ал балалар шаттық шеңберіне тұрып,
шаттық шеңберін айтайық.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз,қандаймыз?
Күлімдеген күндейміз.
Ренжуді біз білмейміз!
Жарайсыңдар балалар, енді біз әдемі болып
отырайық.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс айтасыңдар, ауа-райы қандай?
Далада не жауып тұр?
Қардың түсі қандай?
Шаттық шеңберіне тұрады.
Іс-әрекетпен көрсетіп
айтады.
Қазір жылдың қыс мезгілі.
Ауа-райы суық, салқын.
Далада қар жауып тұр.
Қардың түсі ақ.
Іздену ұйымдастырушы
Тосын сый:Балалар бәріміз мұхият
тындайықшы, бір дыбыс естілетін сияқты.
(осы кезде мысықтың дыбысы шығады).
Балалар бұл ненің дыбысы?
Мияулаған мысық екен. Мысық орысша
кошка, қайталайық.
Мысық қалай мияулайды?
Мысық нені жақсы көреді?
Дұрыс айтасыңдар балалар, сендер қандай
ертегі білесіңдер?
Балалар сендер көп ертегі біледі
екенсіңдер, жарайсыңдар.
Ендеше балалар барлығымыз назарымызды
көгілдір экранға аударайық.
Нені көріп тұрсыңдар?
Балалар сендер ертегі тындағыларың келе
ме?
Олай болса алдымен әдемі болып отырай-
ық, барлығымыз мұхият тындаймыз.
Тындайды.
Мысықтың дыбысы.
Мысық-кошка
Мияу, мияу.
Мысық сүтті,балықты
жақсы көреді.
Маша мен аю, Шұбар тауық,
үш аю, бауырсақ, шалқан,
үйшік, мақта қыз бен
мысық.
Көгілдір экранға қарайды.
Мысықты көріп тұрмыз.
Ия тындағымыз келеді.
Әдемі болып отырып.
Мен сендерге « Мысық тамақ ішкен соң
неге жуынады?» деген ертегі айтып
беремін. (ертегі слайд арқылы көрсетіледі).
Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегі не туралы?
Торғай қайда ұшып келеді?
Аулаға ұшып келген торғай нені көріп жей
бастайды?
Торғайды не көріп қалады?
Торғайды көрген мысық не істейді?
Мысық торғайға не дейді?
Ал торғай не деп жауап береді?
Мысық не деп жауап береді?
Сол кезде торғай не істейді?
Ал мысық не істейді?
Сол кезден бастап мысықтар не істей
бастады?
Ал, енді балалар мен сендерге ертегіні
флонеграфта айтып беремін, барлығымыз
мұхият тындаймыз.
Кім маған ертегіні фланелеграфта айтып
береді?
Балалар сендер тамақ ішер алдында және
тамақ ішкен соң қолдарыңды жуасыңдар
ма?
Дұрыс балалар, қолдарымызды міндетті
түрде жууымыз керек.
Ал енді денемізді бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Үстінде үйдің,
Тұр еді мысық.
Қасына келді,
Бір торғай ұшып.
Бас салмақ болып,
Ыршыды мысық.
Пыр етіп ұшып.
Ертегіні тыңдайды.
Ия ұнады.
Мысық пен торғай туралы.
Торғай аулаға ұшып келеді.
Торғай шашылған дәндерді
көріп жей бастайды.
Торғайды мысық көріп
қалады.
Торғайға бас салып, қанаты-
нан тістеп алады.
Мияу, енді бір тоятын
болдым,-дейді
Ей, мысық мырза ұялсаңыз-
шы? Жуынуды ұмытып
барасыз ғой өзі. Өзіңіздің
қожайыныңызда, оның әйелі
де жуынғаннан кейін тамақ
жейді,-дейді торғай.
Мияу, оның дұрыс екен-ау!-
деп мысық жақсылап жуы-
нып, сүртіну үшін алдыңғы
аяғын тұмсығына апарады.
Қанатын қағып, пыр етіп
ұшып кетеді.
Ашуланып қала береді.
Мысықтар тамақ жегеннен
кейін жуынатын болды.
Ертегіні тындайды.
Ертегіні балалар фланеле-
графта айтып береді.
Ия жуамыз.
Іс-қимылмен сергіту сәтін
жасайды.
Ал балалар денемізді сергітіп алдық. Енді
балалар, мына үстел үстіндегі қиындылар
арқылы мысықты әдемі етіп құрастыру
керек.
Балалар мысықтың жүні қандай болады?
Мысыққа ат қояйықшы.
Үйлеріңде мысық бар ма?
Балалар мысық сендер сияқты кішкентай
балалармен ойнағанды өте жақсы көреді.
3 бөлікті қиындылардан
мысықты құрастырады.
Мысықтың жүні жұмсақ
болады.
Мурка.
Иә, бар
Рефлексивті
коррекциялаушы
Балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырыл-
ған оқу іс-әрекетеі ұнады ма?
Ендеше көңілдірек қол шапалақтаймыз.
Сендер бүгін оқу іс-әрекетіне өте жақсы
қатыстыңдар! Рахмет сендерге балалар,
жарайсыңдар ертегіні мұхият тындап,
жақсылап айтып бердіңдер.
Ия ұнады.
Қол шапалақтайды.
Қуанады
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс.Мысықты дыбысынан ажырата білді.
Түсінігі:Ертегіні түсініп, түсініктерін өз сөздерімен жеткізу.
Көрсете білуі:Мысықты қиынды суреттерден құрастырды.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта ОУД "Лодочка. Оригами"
- Конспект сюжетно-ролевой игры "Лесная больница"
- Конспект занятия "Лепка на тему: Воробей"
- Конспект занятия "Создание композиции из ручейка и мостика. Моделирование мостика из 3-4 «брёвнышек», подобранных по длине"
- Технологическая карта урока "Күзгі саябақ"
- Технологическая карта урока "Кедергілердің арасынан еңбектеп жүру"