Классный час "Халық өлшемі"

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қараағаш орта мектебі
Тәрбие сағаты:
Халық өлшемі
Бастауыш сынып мұғалімі
Шухаманова Рашиля Кенжибайқызы
Халық өлшемдері
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
1. Халық тәжірибесіндегі заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу
жолдары.
2. Шәкірттер бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіртіп ата - бабасының
тыныс тіршілігінен хабардар етіп , есте сақтау.
3. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі:
Қазақша ұзындық, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған
әдістерді бейнелейтін суреттер метрлік, литр, ыдысы.
Тұз, бидай, күріш.
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру.
-Балалар, бүгін біз бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, өздерінің
күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану
үшін ұзындылықты, сыйымдылықты қалай пайдаланғанымен танысамыз.
Бұрын қазіргідегідей ұзындықты өлшейтін дайын метрлік, сыйымдылықты
өлшейтін кг, метр өлшеуіш құралдары көп болмаған, болса да көп адамдар түсіне
білмеген. Сондықтан көз, қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған.
Қазақ халқына ортақ өлшеуіштерге жалпы халық сенген және түсінген. Біз сол
өлшемлерге көз жеткізуіміз керек.
Мысалы: Үлкендер бес саусақты қалай атаған?
(Бір оқушы саусақтарын көрсете отырып айтады.)
Оқушы:
1) Бас бармақ. 2) Сұқ саусақ. 3) Ортан саусақ. 4) Аты жоқ саусақ. 5)Шынашақ..
-Дұрыс.
-Ал, Осы саусақтар бірдей ме?
-Жоқ..
-Неге?
-Білмейміз.
-Ендеше бес саусақ туралы халықтың аңызын әңгімелеп берейін.
Ең алғашқыдаБсе бармақ бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда
бас бармақ басқаларға қарап:
-Ұрлық жасаймыз ба? – депті.
Сұқ саусақ оның сөзін қолдап, - Жасасақ, жасайық – депті.
Ортан саусақ:
-Құдай не қылар дейсің? – депті.
Сонда шынашақ:
Алайық та қашайық, ұрлайық та сояйық. – депті шыдамсыздана.
Саусақтардың осы айтқандарын жаратушы құдай естіп, оларды әр түрлі етіп
жаратқан екен.
Кейде өмірде адамдардың іс - әрекетін, қадыр – қасиетін бағалап, басқамен
салыстырғанда «бес саусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде үлкендер жиі
айтып отырады.
- Балалар, математика сабағында ұзындық өлшемдерін өттіңдер, атаңдаршы.
- Милиметр, сантиметр, дециметр.
- Дұрыс, ал салмақ өлшеуіштері қандай?
- Грамм, килограмм, центнер, тонна.
- Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік, таразы
әрбір үйде болмаған.
- Міне, сондықтан олар өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған. Қазақша
ұзындық өлшемдері былай атаған.
(суреттерін көрсете отырып айту)
1. Елі.
2. Сүйем
3. Сынық сүйем
4. Қарыс сүйем
5. Қарыс
6. Тұтам.
Қазақша ұзындық өлшемдеріне жеке-жеке тоқталайық..
1-оқушы: Елі – саусақтың көлденең қалындығы.
2-оқушы: Сынық сүйем бас бармақ пен сұқ саусақттың буыны бүгіліп барып
белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.
3-оқушы: Сүйем бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.
4-оқушы: Қарыс сүйем – бас бармақ пен ортан саусақтың аралық өлшемдері.
5-оқушы: Қарыс бас бармақ пен шынашақтың аралық өлшемдері.
6-оқушы: Тұтам бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең
ұзындық.
- Дұрыс. Мысалы, пісіп тұрған сүтті мұздай жерге қойса, қаймақ бетіне жиналады,
үлкендер оны бір елі қаймақ жиналды дейді.Ал, математикадағы ұзындық өлшемі
бойынша айтсақ 1 см қаймақ жиналды дер едік.
Кішкентай аласа бойла адамды бойы бір қарыс деп тілге тиек еткен.
Сонымен бірге тәжірибеде сыйымдылық өлшемдерін былай атаған:
(суреттерін көрсету)
1. Шымшыма
2. Шөкім
3. Бір уыс
4. Қос уыс.
5.
Осы өлшемдерге түсінік берейік.
1-оқушы: Шымшым ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып
алғандағы өлшем.
2-оқушы: Шөкім ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
3-оқушы: Бір уыс – қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем.
4-оқушы: Қос қуыс қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра бүккендегі
өлшем.
Практикалық тәжірибе жасап көрсету
Кеседегі тұзды өлшеп көрсету.
Тамақтың бір шымшым тұзы кем. Бір шөкім тұзы кем.
Бидай: Бір уыс бидайды тауыққа шаш. Қос уыс шаш.
(Сыйымдылық өлшемдерін сурет бойынша балалардың өздеріне орындату.)
Қорытындылау.
- Балалар, бүгін сендер ата-бабаларымыздың ұзындық өлшеуіштері мен
сыйымдылық өлшемдерін қалай пайдаланғандығымен таныстыңдар.
1-оқушы:
Бес саусақ
Бас бармағым бауға барды,
Сұқ бармағым суға барды,
Ортан саусақ орақ орып,
Аты жоғым ағаш жарды.
Жұмсамапты алақаным
Тек шынышақ балапанын.(Он саусақ)
«Зеңгір көктем» әніне салып төрт оқушыға орындату.
( оқушылардың орындауында)
1. Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де.
2. Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
3. Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
4. Өнерлі екен он саусақ
Ұала салсақ, жол салсақ.
Сөз жұмбақ шешу.
1. Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
2. Саусақтың көлденең қалыңдығы.
3. Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғандағы өлшем.
4. Бас бармақпен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.
5. Бес саусақ тұтқындағы көлемге шамалас төрт еліге тең ұзындық.
Қорыту: Қол, саусақтың адам үшін атқаратын қызметі өте көп. Оны жоғарғы
сыныпқа барғанда кеңірек танысасыңдар. Әзірге бүгінгі үлгергендеріңді үйдегі
отбасыларыңа, достарыңа айта жүріңдер.