Открытый урок "Тіл көрнекілігі" 10 класс
Сабақтың тақырыбы: «Тіл көрнекілігі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл
көрнекілігі жөнінде білім беру
Тәрбиелік: Троп және фигура түрлерінің табиғатын таныту. Оқушыларға
тарихи шешендік ойларды байланыстыра отырып, өз
Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу
Дамытушылық:Оқушыларға шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз
сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру,тіл
тазалығын сақтауды насихаттай отырып, тіл мәдениетін
дамыту
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену, талдау,деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, оқулықтар, мультимедиялық
проектор.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Аудиторияның сабақ жүргізуге дайындығын, оқушылырдың сабаққа
дайындығын тексеру,түгелдеу.
II. Үй тапсырмасы.
Тіл тазалығы мәтінін , ой толғауларын сұрау. Оқушылар жауаптарын
тыңдағаннан соң, үй тапсырмасын пысықтауға бірнеше сұрақтар қою,мақал –
мәтелдердің жалғасын табу.
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз
-Тіл тазалығын сақтамау дегенді қалай түсінеміз?
-Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
-Тіл тазалығына байланысты қандай ой – пікірлерді білесіңдер?
2. Көп нүтенің орнына тиісті сөздерді табыңыз
I. Тіл сүйексіз болса да,
Өзі ........ өтеді.
II. Қылыш жарасы бітер,
... жарасы бітпес.
III. Басқа .... тілден.
IV. Өнер алды - ... ....
V. Тілден тілдің кеңдігі болғанмен,
...... жоқ.
VI...... тілден басталады.
( №1слайдпен жұмыс)
III. Жаңа сабақ. «Тіл көрнекілігі».
Сөйлеу мәдениеті жоғары адамдар жақсы өмір сүріп қана қоймай,
шешендікке қол жеткізе алады. Шешендік – тіл мәдениетінің жоғарғы
формасы деп өткен сабақта айтылған болатын. Сонымен, сөздің таза, дұрыс,
анық, дәл айтылуының үстіне , лебіз көрнекті, көркем болуы да керек. Сол
лебіз көркедігі әсерлі шығу үшін тілімізде әр алуан көріктеу құралдары мен
айшықтау тәсілдерін қолданамыз. Бүгінгі сабағымызда сол тәсілдері
кейбіреулеріне тоқталып өтеміз.
1. Қызығушылықты ояту.
Оқытушы оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін, троп және фигура
түрлерін түсіндіре отырып, оларға мысалдарды оқушылармен бірлесе
отырып тауып, дәптерге жазу.
(№ 2 слайдпен жұмыс)
Көркемсөз - көрікті ойдың көрінісі.
А.Байтұрсынов шығарма тілін екіге бөледі:
1. Ақын тілі
2.Әншейін тіл
Ақын тілі - айрықша өң беріліп айтылатын сөз. Ақын тілімен сөйлегенде,
сөзге айрықша өң берілгендіктен лебіз көрнекті болып шығады.
Әншейін тілі - көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын,
дәлдігін талғайды. Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өң берілмегендіктен
лебіз жалаңаш болып шығады.
Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне
көрнекті әуезді болуын толғайды. Тыңдаушы жанның нәзік пернелерін дөп
басу үшін шешен белгілі әр алуан көріктеу құралдары мен айшықтау
тәсілдерін орнымен пайдаланса лебіз көркемдігі әсерлене түседі.
Бұл элементтер: троп және фигура. (тілдік белгілер)
Троп- гректің “иін, иірім” деген сөзі. Троп түрлерінің бәрі ауыпалы
мағынада қолданылады.
Фигура – латынның “келбет”, “бейне” деген сөзі, қазақша айшықтау
деп айтылып жүр.
2. Мағынаны тану. Бұл бөлімде оқушыларды 2 топқа бөліп, деңгейлік
тапсырмалар бойынша сұрап, талдау. ( №3 слайдпен жұмыс)
I деңгей тапсырмалары.
1. Қайталау түрлерін табу
І топ
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып,
Шерне үшін жанды жаратты.
Ш. Қанайұлы
ІІ топ
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай қорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды.
Ш. Қанайұлы
Айтматов әлемнің бес құрлығына бірдей ортақ биік бел үстіне қырғыздың
алты қанат ақ үйін апарып тікті.
2. Мәтінді оқып, шендестіруді, параллелизмді тауып, жазу.
І топ
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде:”Аз бен көпті, ақ пен қараны,
нашар мен мықтыны меңгере алмадың, біреу – біреуді шауып жатыр, оны
басқара алмадың”, - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым
амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
- Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің – ау! - депті.
Сонда сырым:
- Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып
жүрмін, - депті.
Сырым шешен
ІІ топ
“Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм –
тұзын ақтай білген елміз...”
Қазыбек би
II деңгей тапсырмалары
Өлең жолдарын мәнерлеп оқып, кейіптеуді анықтап ашу.
І топ
“Қысқы жол”
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінен дем алып,
Ішінен тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ - сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы – басы жыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
“Әпсүн” оқып үреді.
М.Жұмабаев
ІІ топ
“Толқын”
Ерке бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлып,
Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусар суымен,
Суының алтын буымен,
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасын,
Сүйіп сылқ – сылқ күледі.
Жылағаны – күлгені,
Күлгені – оның өлгені,
Жылай, күле өледі.
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де, өледі,
Өледі толқын – тынады.
2. 59 – жаттығу. Шешендік сөздердегі теңеулерді тауып, теңелген нәрсе
мен теңелуші нәрсені тіркестіріп жазу.
І топ. Ақтамберді жырау
ІІ топ . Қаражігіт шешен
III деңгей тапсырмалары
1. 60-жаттығу.Билер сөзіндегі метафроларды тауып,метафораларды
метафораланған сөздермен сызықша арқылы теріп жазыңдар. Сөздерді
тұлғасына қарай талдаңдар.
І топ. Байдалы би
ІІ топ . Бөлтірік шешен
2. Мәтіндегі эпитетті тауып, өзі айқындап тұрған сөздермен бірге теріп
жазу. Төмендегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Қазақтың қонағы неше түрлі болады?
Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:
- Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? –деп сұрапты.
- Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: бірінші- арнайы қонақ,
екіншісі- құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі-
қылқыма қонақ.
- Ал оны қалай айырамыз? – дегенде:
- Арнайы қонағымыз – алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы,
жиен, құда, күйеу,қайын сияқты жегжатың немесе сүйікті достарың,
жақсы жолдас-жораң.
Міне, бұл- нағыз сыйлы қонағың.
Құдайы қонағымыз – өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден,
алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде
қонақ.
Міне, бұл – нағыз далбаса қонағың.
Қылқыма қонағыңыз – үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу
шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып
жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ.
Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың, - депті, көпті көрген би Төленді
қарт.
І топ. Сыйлы, қазақтың, жіберіп.
ІІ топ . Қонағымыз, отырған, ауылды.
3. Толғаныс
IVдеңгей. «5 минуттық ой толғау». (эссе)
«Шешен болғым келеді» сабақты толық меңгергендерін әдеби тіл
арқылы 7-8 сөйлемнен өз ойларын жазып, жеткізе білу.
IV.Сабақты қорытындылау.
1. Троп дегеніміз не?
2. Троп түрлерін атаңыз?
3. Фигура дегеніміз не?
4. Фигураның түрлерін атаңыз?
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы.Троп және фигура түрлеріне мысалдар жазу.
Гуманитарлық пәндік (циклдік) комиссиясында қаралды
Хаттама № ______________
“____” ___________ 20 ж.
ПЦК төрағасы ____________ Азғалиева.А.Қ.
Бекітемін
БҚИТК аға әдіскері
_______ Ш.Н.Куспаева
«_____» ______ 2013ж.
Сабақтың тақырыбы: «Тіл көрнекілігі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл
көрнекілігі жөнінде білім беру
Тәрбиелік: Троп және фигура түрлерінің табиғатын таныту. Оқушыларға
тарихи шешендік ойларды байланыстыра отырып, өз
Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу
Дамытушылық:Оқушыларға шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз
сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру,тіл
тазалығын сақтауды насихаттай отырып, тіл мәдениетін
дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену, талдау,деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, оқулықтар, мультимедиялық
проектор.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Аудиторияның сабақ жүргізуге дайындығын, оқушылырдың сабаққа
дайындығын тексеру,түгелдеу.
II. Үй тапсырмасы.
Тіл тазалығы мәтінін , ой - пікірлерін сұрау. Оқушылар жауаптарын
тыңдағаннан соң, үй тапсырмасын пысықтауға бірнеше сұрақтар қою,мақал –
мәтелдердің жалғасын табу.
1. Тіл тазалығын сақтамау дегенді қалай түсінеміз?
Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
Тілдің тазалығы
Ой жүйелілігі
Сөздің мазмұндылығы
Сөз қысқалығы
Сөз түсініктілігі
Сөз әуезділігі
Сөз байлығы
Сөз анықтылығы
Сөз дұрыстығы
Сөз дәлдігі
Тіл тазалығына байланысты қандай ой – пікірлерді білесіңдер?
2. 1.Тіл сүйексіз болса да,
Өзі ........ өтеді.
2. Қылыш жарасы бітер,
... жарасы бітпес.
3. Басқа .... тілден.
4. Өнер алды - ... ....
5.Тілден тілдің кеңдігі болғанмен,
...... жоқ.
6. ..... тілден басталады.
( 1слайд көрсетіледі.)
III. Жаңа сабақ. «Тіл көрнекілігі».
Сөйлеу мәдениеті жоғары адамдар жақсы өмір сүріп қана қоймай,
шешендікке қол жеткізе алады. Шешендік – тіл мәдениетінің жоғарғы
формасы деп өткен сабақта айтылған болатын. Сонымен, сөздің таза, дұрыс,
анық, дәл айтылуының үстіне , лебіз көрнекті, көркем болуы да керек. Сол
лебіз көркемдігі әсерлі шығу үшін тілімізде әр алуан көріктеу құралдары
мен айшықтау тәсілдерін қолданамыз. Бүгінгі сабағымызда сол тәсілдердің
түрлеріне жекеше тоқталамыз.
1. Қызығушылықты ояту.
Оқытушы оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін, троп және фигура
түрлерін түсіндіре отырып, оларға мысалдарды оқушылармен бірлесе
отырып тауып, дәптерге жазу.
(3,4,5,6,7,8 слайдтарын көрсету)
Көркемсөз - көрікті ойдың көрінісі.
А.Байтұрсынов шығарма тілін екіге бөледі:
1. Ақын тілі
2.Әншейін тіл
Ақын тілі - айрықша өң беріліп айтылатын сөз. Ақын тілімен сөйлегенде,
сөзге айрықша өң берілгендіктен лебіз көрнекті болып шығады.
Әншейін тілі - көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын,
дәлдігін талғайды. Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өң берілмегендіктен
лебіз жалаңаш болып шығады.
Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті
әуезді болуын толғайды. Тыңдаушы жанның нәзік пернелерін дөп басу үшін
шешен белгілі әр алуан көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін
орнымен пайдаланса лебіз көркемдігі әсерлене түседі.
Бұл элементтер: троп және фигура. (тілдік белгілер)
Троп- гректің “иін, иірім” деген сөзі. Троп түрлерінің бәрі ауыпалы мағынада
қолданылады.
Фигура – латынның “келбет”, “бейне” деген сөзі, қазақша айшықтау деп
айтылып жүр.
2. Мағынаны тану. Бұл бөлімде оқушыларды 2 топқа бөліп, деңгейлік
тапсырмалар сұрақары бойынша сұрап, талдау. ( 9,10,11,12,13,14слайд)
I деңгей тапсырмалары.
1. Қайталау түрлерін табу
І топ
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып,
Шерне үшін жанды жаратты.
Ш. Қанайұлы
ІІ топ
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай қорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды.
Ш. Қанайұлы
Айтматов әлемнің бес құрлығына бірдей ортақ биік бел үстіне қырғыздың
алты қанат ақ үйін апарып тікті.
2. Мәтінді оқып, шендестіруді, не параллелизмді тауып, жазу.
І топ
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде:”Аз бен көпті, ақ пен қараны,
нашар мен мықтыны меңгере алмадың, біреу – біреуді шауып жатыр, оны
басқара алмадың”, - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым
амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
- Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің – ау! - депті.
Сонда сырым:
- Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып
жүрмін, - депті.
Сырым шешен
ІІ топ
“Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм –
тұзын ақтай білген елміз...”
Қазыбек би
II деңгей тапсырмалары
Өлең жолдарын мәнерлеп оқып, кейіптеуді анықтап ашу.
І топ
“Қысқы жол”
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінен дем алып,
Ішінен тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ - сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы – басы жыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
“Әпсүн” оқып үреді.
М.Жұмабаев
ІІ топ
“Толқын”
Ерке бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлып,
Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусар суымен,
Суының алтын буымен,
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасын,
Сүйіп сылқ – сылқ күледі.
Жылағаны – күлгені,
Күлгені – оның өлгені,
Жылай, күле өледі.
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де, өледі,
Өледі толқын – тынады.
2. 59 – жаттығу. Шешендік сөздердегі теңеулерді тауып, теңелген нәрсе
мен теңелуші нәрсені тіркестіріп жазу.
І топ. Ақтамберді жырау
ІІ топ . Қаражігіт шешен
III деңгей тапсырмалары
1. 60-жаттығу.Билер сөзіндегі метафроларды тауып,метафораларды
метафораланған сөздермен сызықша арқылы теріп жазыңдар. Сөздерді
тұлғасына қарай талдаңдар.
І топ. Байдалы би
ІІ топ . Бөлтірік шешен
2. Мәтіндегі эпитетті тауып, өзі айқындап тұрған сөздермен бірге теріп
жазу. Төмендегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Қазақтың қонағы неше түрлі болады?
Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:
- Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? –деп сұрапты.
- Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: бірінші- арнайы қонақ,
екіншісі- құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі-
қылқыма қонақ.
- Ал оны қалай айырамыз? – дегенде:
- Арнайы қонағымыз – алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы,
жиен, құда, күйеу,қайын сияқты жегжатың немесе сүйікті достарың,
жақсы жолдас-жораң.
Міне, бұл- нағыз сыйлы қонағың.
Құдайы қонағымыз – өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден,
алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде
қонақ.
Міне, бұл – нағыз далбаса қонағың.
Қылқыма қонағыңыз – үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу
шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып
жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ.
Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың, - депті, көпті көрген би Төленді
қарт.
І топ. Сыйлы,қазақтың, қонағыңыз.
ІІ топ . Қонағымыз, қыдырма, құдайы.
3. Толғаныс
IVдеңгей. «5 минуттық ой толғау». (эссе)
«Шешен болғым келеді» сабақты толық меңгергендерін әдеби тіл
арқылы 7-8 сөйлемнен өз ойларын жазып, жеткізе білу.
IV.Сабақты қортындылау.
1. Троп дегеніміз не?
2. Троп түрлерін атаңыз?
3. Фигура дегеніміз не?
4. Фигураның түрлерін атаңыз?
5. Қазыбек би мен Әйтеке би айтқан сөздерін не өлеңдерін жатқа айту.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы.
Троп және фигура түрлеріне мысалдар жазу.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Разработка классного часа "Саналы ел салтын сақтар" 10 класс
- Сценарий летней игры-квеста "Мы ищем клад!" (Средняя и старшая группа)
- Аттестация директора
- Самоанализ использования современных образовательных технологий
- Презентация "Представление об организации баз данных и системах управления базами данных"
- Технологическая карта урока "Представление об организации баз данных и системах управления базами данных"