Разработка классного часа "Саналы ел салтын сақтар" 10 класс
Саналы ел салтын сақтар
Мақсаты: Оқушылардың арасында салт – дәстүрлерді насихаттау, ұлттық өнерге
деген көз қарасын анықтау, қызығыушылығын арттыру. Оқушыларды еліне
деген сүйіспеншілікке, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұлттық өнеге, инабаттылық, қол– шеберлік, сымбаттылық қасиеттерді дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері,
слайдтар
1-жүргізуші:
Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.
Өнер халық- өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған
«Саналы ел салтын сақтар»атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.
1-айналымда қатысушы командалар өз командаларын таныстырады.
2- айналымда «Білімді мыңды жығар» тақырыбында қатысушы командаларға ұлттық
бағытта сұрақтар қойылады
3- айналымда «Фототапсырма». Қатысушыларға экран арқылы ұлттық бұйымдар мен
ыдыс- аяқтар, құрал-жабдықтар, бұйымдар көрсетіледі. Қатысушыларға жүктелген
тапсырмат фотосуретте көрсетіліп, бұйымның атын және не үшін пайдаланатынын
түсіндіру қажет.
4- айналымда «Өнерім өнеге болсын». Қалаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын
берілген уақытта сахнада дайындап көрсетуі қажет.
1-жүргізуші:
1-айналым бойынша қатысушы командаларды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым
ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар
тұғырының негізі. «Білімді мыңды жығар» туры бойынша 2- айналымды бастаймыз.
Екі топты ортаға шақырамыз.
Алғашқы топтың сұрағы:
Тыштырма(дәстүр)дегеніміз не?
Жауап:Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер
өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп
атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.
2) Базарлық(дәстүр) деген не?
Жауап: Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас
балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
Екінші топтың сұрағы:
1) Байғазы(дәстүр)дегеніміз не?
Жауап:Балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.
2)Тілашар(дәстүр) дегеніміз не?
Жауап:Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын
дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.
5( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай
болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас
балалар мен жігіттерге асатады.
Екінші айналымның екінші тапсырмасы бойынша, сұрақтар екі топқа бірдей қойылады.
Кім дұрыс жауап береді, сол топтың баллы көбейеді.
Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез
келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап
береді екен?
1-сұрақ
Он атаны таратып беріңіз.
( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)
2-сұрақ
Үш мақсатты ата.
Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.
3-сұрақ
Үш арсыз.
Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.
4-сұрақ
Үш алыс
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
5-сұрақ
Үш биді атаңыз.
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
6-сұрақ
Үш жүзді атаңыз.
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
7-сұрақ
Үш даусыз.
Мінез, кәрілік, ажал.
8- сұрақ
Жігіттің үш жақын жұртын ата.
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
9-сұрақ
Үш арыс
Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.
10-сұрақ
Үш сауап
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен.
11сұрақ
Үш байлық
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
12-сұрақ
Үш тәтті
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
13- сұрақ
Төрт қонақ
Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,
Қылғыма қонақ.
14-сұрақ
Төрт түліктің пірін атаңыз.
Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата,
ешкі пірі-Шекшек ата.
15-сұрақ
Төрт қымбат не№
Алтын ұя Отан қымбат,
Құт- береке атаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
16-сұрақ
Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.
17-сұрақ
Бес асыл
Талап еңбек, терең ой, қанағат .
18-сұрақ
Бес байлық
Әуелі баайлық- денсаулық.
Екінші байлық-еркіндік.
Үшінші байлық- тіл байлық
Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.
Бесінші байлық-балаңыз.
19-сұрақ
Бес қаруға нелер жатады?
Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.
20-сұрақ
Бес қатер
От, жау, борыш,ауру, сөз.
21-сұрақ
Бес жақын кімдер?
Тату болса- ағайын жақын.
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын.
Инабатты болса-келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын
Қимас жақын қарындасың.
22-сұрақ
Алты алаш деген кімдер?
Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.
23-сұрақ
Алты қиынды атаңдар.
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды болса бас миың.
24-сұрақ
Жеті жұт
Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)
25-сұрақ
Жеті күнді атаңдар
Бүгін-дүйсенбі
Ертең –сейсенбі.
Бүрсігүні-сәрсенбі.
Арғы күні-бейсенбі.
Ауыр күні-жұма.
Соңғы күні-сенбі.
Азына-жексенбі.
26-сұрақ
Жеті қазынаны атаңыз.
Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.
27-сұрақ
Жеті атаны таратыңыз.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
28-сұрақ
Жеті жетімге нелер жатады?
Тыңдаусыз қалған сөз жетім.
Киюсіз қалған бөз-жетім.
Иесіз қалған жер-жетім.
Басшысы жоқ ел-жетім.
Аққу-қазсыз көл –жетім.
Елінен айырылған ер -жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
1-жүргізуші:
Құрметті көрермен қонактар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазакта конак-
кәде деген бар. Олай болса сергіту сәтімізде сізгерге қояр тапсырмамыз: мына үзік-үзік
сөздерден мақал құрастыру керек.
1.Ұяда… ұшқанда …
(Үяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)
2.Ата… бала…
(Ата — бәйтерек, бала жапырақ)
3.Ер … ез …
(Ер бір өледі, езмыц өледі)
4.Өле… бөле…
(Өле жегенше бөле же)
5.Таяқ… сөз…
(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
6.Мал… жер…
(Мал бащандікі, жер жыртқандікі)
7.Тентек… акыл…
(Тентектің ацылы түстен кейін кіреді)
8.Сүйіндіреді… күйіндіреді…
(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)
9.Мысык… тышқан…
(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек)
10.Мектеп… білім…
(Мектеп — кеме, білім — теңіз)
2-жүргізуші:
Топ қатысушыларын шақырып, экрандағы фотосуреттерге жауап берулерін сұраймыз.
Екі топ шығып, слайдттар арқылы тапсырмаларды орындайды.
1-жүргізуші:
4- айналымда «Өнерім өнеге болсын». Қалаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын
15 минут уақытта сахнада дайындап көрсетуі қажет. Және де жасаған қолөнер
бұйымдарын төрешілерге апарып, баяндап түсіндіреді. Қатысушыларын сахна төріне
шақырамыз.
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың максаты — заман өзгерсе де
ұлттык салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту.
Бүгінгі сайысымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып,
саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас деп ойлаймыз.
«Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ
болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры
болатындығына сенімдіміз.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті оқушылар!
Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі үрпақ үшін баға
жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен,
салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған
біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.
Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек қазақтығын дәлелдей алатын істерімен
өзгеге өнеге болуы керек.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Сценарий летней игры-квеста "Мы ищем клад!" (Средняя и старшая группа)
- Аттестация директора
- Самоанализ использования современных образовательных технологий
- Презентация "Представление об организации баз данных и системах управления базами данных"
- Технологическая карта урока "Представление об организации баз данных и системах управления базами данных"
- Презентация "Самые красивые и необычные библиотеки мира"