Краткосрочный план по казахскому языку 1 класс
Саяхат
Мектебі: КММ «Сибир негізгі мектебі»
Күні, айы:
Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Д.Н.
1-сынып
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыс-паған оқушылар саны:
Тақырыбы
Көлік түрлері
Оқу бағдар-
ламасына
сәйкес оқу
мақсаты
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай
отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрақия бойынша қарапайым
сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою.
1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.
1.5.1.1. Мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын ауызша тілде қолдану.
1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.
Сабақ
мақсаты
Барлық оқушылар:
Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады, түсін сипаттай алады; ө дыбысын
таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай
алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, түстерді ажырата
алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:
Басқа да көлік түрлерін атай алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра
алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Сабақтың
басы
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың
басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ
мақсатымен таныстыру.
Сабақтың
ортасы
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада
берілген суретке аударады. Сурет бойынша мұғалім балаларға
көлік атауларын (автобус, мәшине, ұшақ, пойыз, велосипед)
түсіндіреді. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлейді. Үлгі:
Мынау - автобус.
(ОТ) 2-тапсырмада оқушылар көлік атауларын суреттері бойынша
қайталайды және өздері көліктердің суретін салады. Оқушылар
тапсырмада берілген үлгі бойынша өздерінің қандай сурет
салатындарын айта алуы қажет. Үлгі: Мен автобус саламын. Мен
мәшине саламын т.с.с. Содан кейін оқушылардың суретінен көрме
жасауға болады. Олардың суретін 1-тапсырмадағы сияқты
сыныпқа іліп қоюға болады.
(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар көліктердің түсін айта алу үшін,
ең алдымен, түстерді қайталайды. Содан кейін тапсырмада берілген
автобустың түсін өздерінің қалауы бойынша айта алады. Мысалы:
Автобус қызыл болады.
(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жүппен жұмыс істейді. Оқушылар
тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін тыңдайды, қайталайды, содан
кейін өздері сол үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі:
- Сен не саласың?
- Мен үшақ саламын.
— Ол қандай болады?
— Ол қызыл болады.
(МК, Ұ) Мұғалім ө дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің
суретінен бастайды. Алмабектің ө дыбысын үйреніп отырғанын
Оқулық
Аудиодиск:
5.4.1.; 5.4.5.
Қағаз,
қарындаштар.
түсіндіру арқылы оқушыларды ө дыбысымен және оның әрпімен
таныстырады. Аудиодискіден ө дыбысының айтылуын және ө
дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары
жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ө дыбысын айтқан кезде тілдің,
жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы
дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен ө дыбысын
айтқанда ауыз сүйірленіп келеді. Тіл төменгі тістерге тіреледі.
Сондай-ақ тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке
болып түрленетіні белгілі. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке
айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы
жаттықтыруға болады. Мэселен: о-ө. Мұғалім оқушы-ларға
дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ө
дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ө
дыбысы дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен
берілгенін түс-індіреді. Ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті
бойынша үйретеді. Олар: төрт, көк, өрік. Сондай-ақ мұғалім
оқушыларға ө дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді
(Өнербек т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген
сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша
оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?),
мұғалім ө дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар
қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: өрік (не?), көк (қандай?), төрт
(неше?), Өнербек (кім?).
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар
оқулықпен жұмыс барысында алған білім-дерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін
бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ
АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
№2 жұмыс
дәптері
Қосымша
тапсырма: 5.4.
Сабақтың
соңы
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері
байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай
жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық
туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Қорытындылау
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға
қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы
сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер
енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері
қаншалықты тиімді болды?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Театрально - игровой досуг для детей "Играем в театр с малышами"
- Конспект "Квест-игра «Путешествие в страну здорового и вкусного питания»"
- Презентация "Взаимодействие с родителями по художественно-эстетическому развитию детей подготовительной к школе группы"
- Праздник "Дорогую добра"
- Конспект урока "Оркестрмен тілдескен дирижер" 6 класс
- Конспект занятия "Карусель игр"