Классный час "Ұстаз - халық анасы" 8 класс
Ұстаз-халық анасы
1-жүргізуші:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен,дирижер боп күлімдеп.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
2-жүргізуші:Соларменен асқарларға шығасың,
Әлем кезіп ғылым жолын қуасың.
Сәтті басқан қадамына ырза боп,
Жіпсіп арқаң,тыныстап кең тұрасың.
Жалын атып,от боп,бірге жанасың,
Білім беріп,содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір,мәңгі жас боп қаласың.
1-жүргізуші:Бұл өмірде танып оң мен солымды,
Мен де қудым,ұстаз,сенің жолыңды.
Бір кісідей терді төкті ел үшін,
Іздеуге де мұршам болмай жоғымды.
Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.
Сомдап соқтым боашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.
1-оқушы:Ғылым иесі ғалым да ,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,егін салған дихан
да,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан
білім,тәлім алған,сондықтан,ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
2-оқушы:Ұстаз сөзі-күн нұрына пара-пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
3-оқушы:Ұстаздықтан асқан қиын да қызықты мамандық жоқ,өйткені оның жауапкершілік
өлшемі-адам тәрбиелеу.
4-оқушы:Халқымыздың біртуар ұлы,қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы «Ұстаз-ұлық
емес,ұлы қызмет» деген екен.
5-оқушы:Мұғалім-зор тұлға.Мен ұстащдарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін.
6-оқушы:Мұғалім-әділ,турашыл,жоғары мәдениетті,салмақты,әдепті,кішіпейіл,мәңгілік нұрдың
қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз
лаулаған жалын иесі.
7-оқушы:Сүйікті ұстаз-баланың өмірге қарайтын мөлдір де таза әйнегі.
8-оқушы:Оқу-инемен құдық қазғандай.
Мұғалім: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз.Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде көп мағына
жатыр.Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар-бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ол-
ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Жан дүниеңді түсіетін,қиындық
кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық,өйткені ол диқан сияқты.Адамның жанына
ақыл,білім дәнін сеуіп,аялап,көңілін де табады.
«Ұстаз» деген ардақты,киелі,үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол өз адамның жастайынан сауатын
ашатын,өнерге үйретіп,тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып,болашаққа жол
көрсететін,анаңдай әлпештеп,маңдайыңнан сипайтын адам.
9-оқушы:Қазақ халқының көрнекті жазушысы С.Мұқанов:
Мұғалім!Бұл-адамның ардақты аты,
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды,мәңгі бақи беріп бәрін.
10-оқушы:Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең,сенің екі анаң бар,
Бірі-сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң-ұстаз деген данаң бар.
11-оқушы:Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Ана тілін оқимын,
Ерекше зор құрметпен.
12-оқушы:Ұстаз ана-болашақтың анасы.
Ұстаз ана-ақыл-білім панасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.
13-оқушы: «Оқушы жастардың ең сенімді,сыр жасырмай,ашық айтатын адамы-мұғалім» деп ұлы
қаламгер Ғабит Мүсірепов айтқан екен.
14-оқушы: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан данышпан Абай атамыз.
15-оқушы:Білім беріп көзді ашқан,
Ақылшым,досым,ұстазым.
Мейіріңнен сен асқан,
Адалдық жолын нұсқадың.
16-оқушы:Тәрбиелеп,мәпелеп,
Өрлеткен өмір шыңына.
Жөн сілтеп өзің жетелеп,
Ғылымның жаңа тыңына.
17-оқушы:Мектеп,сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп,сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп,сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп,сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
18-оқушы:Мектеп деген-білім кені,жыр кені,
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген-тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені.
19-оқушы:Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.
20-оқушы:Әрбір пән мұғаліміне жан-жақты білім бергені үшін алғыс айтамыз.Ұстазымызға зор
құрметпен бас иеміз!
Ән: «Ақылшым мұғалім»
Мұғалім:Қ.Аманжолов: «Мектеп-кеме,білім-теңіз» деп тектен текке айтпаған-ау,сірә?Егер
адамның жүрегінде ізгілік,мейірімділік сәулесі болса,ол-мұғалімнің еңбегі.Солнұрды әрбір
жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші!Адамды
тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?Сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы
еңбек.
Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға»деп айтуында терең мән-мағына жатыр.Шынында да,ұстаз ебегі – ұлы да
ұлағатты еңбек емес пе?
Оқушылар ұстаздарға гүл ұсынады.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Классный час "Қош келдің жаңа жылым төріме" 5-8 класс
- Классный час "Мы Вас любим, мамочки!" 4 класс
- Внеклассное мероприяитие "Чужой беды не бывает" 11 класс
- Разработка часа общения "В поисках сокровища" 5 класс
- Презентация "Современные образовательные технологии в воспитательной работе"
- Презентация "Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым!" 6 класс