«Сәлем – сөздің анасы»

«Сәлем сөздің анасы»
Білімділік мақсаты: «Болар елдің баласын
сәнінен емес, сәлемімен таны.»
- деген, қазақ халқының ұрпағына тән иба мен
имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет,
мейірімділікке баулу, амандасу салт-мазмұны
жағынан өте бай ата дәстүр екендігін терен
ұғындыру, оқушылардың зердесіне жеткізу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адам бейындағы
асыл қасиеттерді бағалай білуге, оны игеруге,
айналасындағы адамдармен қарым-қатынас
жасай отырып, әдет-ғұрпы мол, дәстүрді
жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.
Базалық ұғым: Халқымыздың тарихын,
мәдениетін, салт-дәстүрдің, жалғастырушы
ұлтық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге,
құрметтеуге үйрету.
Тәрбие сағатының түрі: Дәстүрлі емес сағат.
Оқушылардың шығармашылық
қабілетін арттыру.
Колданатың көрнекіліктер: Қанатты сөздер,
кітаптар
Әдептілік ізеттілік әлемі.
Адамда жақсы қасиет болмаса,
Оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Ж.Баласағұни.
Бағдарлама
1. Кіріспе бөлім.
2. Хор «Менін Қазақстаным»
Ж. Нәжімединов, Ш. Қалдаяков.
3. Адамгершіліктің қарапайым қағидалары туралы.
4. Сахналалық көріні.
4.1 М. Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді.
4.2 Сахналық көрініс «Әке мен бала».
5. Төле бидің «Данагүл» әнгімесінен үзінді оқу.
6. Қортындылау.
Пайдаланылатын қанатты сөздер:
1. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шеқпес.
Қорқыт ата.
2. Болар елдің баласын
сәнінен емес, cәлемінен таны.
Халық мәтелі.
3. Сәлем беру-имандылық, инабаттылық, көрегендік,
әдептілік,адамгершілік,
ізеттілік, тілектестіктің белгісі.
4. «Кім бірінші болып амандасса,
сол Алланың алдында ең қадірмен кісі»,
-деген екен Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз.
5. Адамда жақсы қасиет болмаса
оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Бүгін біздің сыныпта ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
«Сәлем- сөздің анасы»
Сабағымыздың мақсаты: Сәлемдесу рәсімін жан-жақты түсіну
халқымыздың тілі мен дінін, жақсы қасиеттерін үйрену.
Мұғалім: Сәлемдесу деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сәлем әдептіліктің белгісі.
Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру,сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу-
кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп,
қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін,
ниеттестігін білдіруі. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің
бір белгісі болып табылады.
Мұғалім: Амандасудың қандай түрлері бар?
-Сәлеметсіз бе?
-Аман-саусыз ба?
-Аман-сау болыңыз!
-Аман-есенсіз бе?
-Аман-есен болыңыз!
-Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?
-Ассалаумағалейкум!
-Уа алайкум ас салам!
-Сізге амандық тілейміз!
Мұғалім: Сәлемдесу рәсімі туралы не білеміз.
Әсем: Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген , мәдинетті нағыз
адам болып өсуі, әрі халықтың ғасырлар бойы дамып қалыптасқан ұлттық
тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Үлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі балаларды сыпайылыққа,
кішіпейілділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа,баулу.
Халқымыздың жас ұрпакты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлімі мен
рәсімдері көп. Солардың бірі-сәлемдесу рәсімі.
Ана тіліміздің баға жетпес байлығы мен жас ұрпаққа жол сілтер
бағыт-бағдарларының айналасында сөз қозғаймыз.
Мадина: Сәлеметсіз бе?!-кішігірім ғана бір ауыз сөз.
Ал бірақ бұл " Мен сені аман-есен ұшырастырып түрмын, ағайын.
Пейілің шырайлы, жүзің жарқын болсын, мен сені сыйлаймын, сені де
сыйластық танытады деп білемін. Өз басым саған денсаулық, амандық, бақыт
тілеймін",- деген бір қауым ойларды меңзейді.
Тілектес: "Болар, елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен таны"-
деген қариялар. Олай болса біз сіздерге сәлемдесу,
амандасу жолдары туралы айтып берейік.
Тлеужан: Адамзат баласының дамуы, өркениеттің алға жылжуы адамдар
арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты.
Ізгі ниетсіз, адамгершіліктің қарапайым қағидаларынсыз қоғамның алға басуы
мүмкін емес. Онда адамдық қарым-қатынастарда ерекше орны бар қағидалар,
өмір сүруімізді жеңілдететін мінез-құлықтың
этикалық нормалары сөз етіледі.
Мұғалім: Амандасу деген не?
Акерке: Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі.
Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу қолында тасы не басқадай
қаруы жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті.
-"Міне,көрдің бе,қолымда дәнеңе де жоқ",-деп оң қолды көтеріп сәлемдесу,
"Сенбесен алақанымды ұстап көр",- деп оң қолды көтеру ықыластың шарасы.
Оң қолды көтеру немесе оң қолды ұсыну, қару ұстайтын оң қолдың бос
екендігін, жауластықниетінің жоқтығын аңғартады.
Шынболат: Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Халық
сәлемдесуге ежелден-ақерекше мән берген. Тәрбиені амандасу, жөн сұраудан
бастаған. Адам үшін әрбір күн амандасудун басталуға тиіс.
Арай: Осындай ізгі шара біртіндеп амандасу сиақты тамаша әдетке, одан бірте-
бірте мінез-құлықнормасына айналған.
Қазақхалқында амандасуға айрықша мән беріледі. әдетте кіші-үлкенге, аттылы
жаяуға бұрын амандасады.
Мұғалім: Амандасудың қандай түрлері бар?
Назым: Армысыздар!-амандасудың ежелгі қазақы түрі.
Сәлеметсіз бе?-амандықсұрау, сәлем беру.
Назерке: Қол беріп амандасу - шынайы ізгі ниетті білдіреді.
Имандылыққағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып
немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне
тура қарап, шын пейілмен, жылы жүзбен амандасқандары жөн. Тіріс қарап
амандасу менсінбегендіктің белгісі
әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.
Тілеужан: Төс қағыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынай
достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана
осылай амандасады.
Арай: Қолдан сүйіп амандасу - әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің,
жас өспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпаққа деген құрметті
білдіреді. қолдың тек сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.
Мадина: Көзден сүйіп амандасу - әжелер немесе аналар өте жақсы көретін
немерелерін қатты сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.
Шынболат: Искеп амандасу - қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді искеп
амандасады.
Ақерке: Маңдайынан сүйіп амандасу - үлкен адамдар кішкентай бөбектерді
балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.
Әсем: Көпшілік отырған жерге келген кісі арқайсысына емес,
жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.
Дастархан басында отырғандардың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.
Мұғалім: Тілеужанның орындауында күй тыңдайық.
М.Әуезовтың бай жолы" романы бойынша үзінді көрініс.
Сахнада: Құнанбай ауылы бейнеленген сурет. Үй алдында Ұлжан мен Зере,
аулақта Құнанбай бір топ адамдармен біреулерді күтіп тұрады.
Автор(Мадина): Осы жиынға қараған бетімен екі жолдасынан озып кеп бұрын
түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен ең алдымен өзінің
шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:
Ұлжан (Назерке): - «Әй шырағым, балам, әр жағыңда әкең тұр...
Сәлем бер»,- деді
Автор(Мадина): Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің
сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар, әкесі құнанбай тұр екен.
Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала шешесінің сондайлық
салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.
Абай лектес): Ассалаумағалейкум, әке!
Құнанбай (Шымболат): Уағалейкум ассалам, балам!
Балам, бойың өсіп ер жетіп қалыпсың-ау!
Молда болдың ба? Бойыңда болып білімін өсті ме?
Абай лектес): Шүкіршілік, әке. Молданың фатихасын алып қайтым.
Құнанбай (Шымболат): Бар ана шешелердің жаққа бар, амандас балам.
Автор(Мадина): Абай шешесіне қарай бұрылғанда ол өзінің жасына лайык
қуанышты бала қалпына келе қалды. Ұлжан сүйген жоқ, қатты бір қысты да
бауырына басты. Ұлжан көп ұстаған жоқ.
Ұлжан(Назерке): Абайжан, әжене бар, әнеки!
Автор(Мадина): Деп үлкен үйге қарап бұрып жіберді.
Қәрі әжесі Зере таяғына сүйеніп түр екен.
Зере(Арайлым): Жаман неме, маған бұрын келмей,
әкене кеттің-ау, жаман неме!
Автор: Дей беріп, қасына, құшағына немерей барғанда, "жаман неменің"
артынан лезде:
Зере: Қарашығым, қоңыр, қөзым, Абайжаным!
Автор: Деп кемсеңдеп жылауға айналып кетті.
Мұғалім: Ал балалар осы көріністен не байқадыңдар?
Ана тәрбиелеген ұл-қыз инабатты, сыпайы болып өседі. Бұл көріністен
байқайтынымыз шешенің балаға деген тәрбиесінің әкеге деген сыйластығы.
Назым: Қазақ салтында үлкендерге "Сәлеметсіз бе?", "Аман-есенсіз бе" немесе
тәуліктің мезгіліне қарай "Қайырлы таң!", "Қайырлы күн", "Қайырлы кеш"
немесе еш жарық" деп амандасады. Әдетте кіші адам жасы үлкенмен, ер бала
қыздармен бірінші амандасады.
Ал кетіп бара жатқанда қалушылармен қоштасады.
Көрініс: "Әке мен бала"
(Автор - Ақерке, әке - Тілеужан, Бала -Шынболат)
Мұғалім: Осы көрініс бойынша не айтуға болады?
Баласы дұрыс істей ме?(оқушылардың пікірлері)
Әсем: Қол алысу арқашанда достықты білдіруге тиіс және екінші адамның
қолын ауыртпайтындай қысу керек. Қолды селқос, сұлық ұсынса дұрыс емес.
Тамақтанып отырған кезде, ас үстінде қол ұсынбайды. қолғапты, бас киімді
шешіп амандасу да адамды құрметтегеннің белгісі.
Назерке: Сәлемдескенде ешқашан дауысты көтермей, жылы шыраймен, ізет
көрсету - сәлемдесу әдебінің шарты. Дауыс ырғағының өзі маңызды қызмет
атқарады. Кейбір елде адамдар дауыс ырғағынан -ақ"кім екенініңді білдім"
дейді. Бұл кездейсоқайтылған сөз емес. Көне көз қария бір сәтте-
ақбойыңыздағы барлыққасиетіңізді байқап қалады.
Арайлым: Егер сен амандасу үстінде қабағыңды шытып естілер-естілмес ерінді
жыбырлатып және үлкен кісінің қолын қаттыраққысып жіберсең, сенің
дөрекілігің бірден көрінеді.
Ақерке: Сәлем беруде кездесушілер бір-бірне "сәлем" деп ишара етсе, ол қазақ
халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді.
Мұндай сәлемдесу Еуропа халықтарында көп кездеседі.
Назым: Үлкенге сәлем берушінің міндетті, қазақта "Алыстан алты жасар бала
келсе, алпыстағы қария сәлем береді" деген дәстүр бар. Алыстан келген кісіге
сәлем беру тәртібі жасқа байланысты емес. Ал кездескенде кіші үлкенге сәлем
бермей кетсе, ол көргенсіздік, әдепсіздік болады.
Тілеужан: Қалыптасқан дәстүр бойынша үлкен қария ауыл сыртында отырса,
аттүсті келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша сәлем
берген. Жас адам ұзақ жолдан келсе, ауылдағы қариялар барып, сәлем беріп
шығуға міндетті болған.
Мұғалім: Қазір балалар әңгіме бойынша жұмыс істейміз.
Мадина Төле бидің "Данагүл" әңгімесінен үзінді оқиды.
Сол үзінді бойынша өз пікірімізді білдіреміз.
Төле бидің"Данагүл" әңгімесінен үзінді көрініс.
Мұғалім: Осы әңгімеден Данагүлдің қандай екенін көреміз
(оқушылардың пікірлері)
Мұғалім: Сонда қыз бала қандай болуы керек деп ойлайсыңдар ?
Мұғалім: Міне балалар, қыз бала болашақана, келін.
Сондықтан қыздар әдепті ақылды, инабатты болуы керек.
Ән: "Шешемай".
Мұғалім: Қазақ келіндері қалай сәлем беруі керек?
Мадина: Ал "Сәлем" беру қазақкеліндеріне тән ізеттілік белгісіелін үлкен
адамдарға қолын кеудесіне қойып, сәл иіліп, дауысын шығармай сәлем береді.
Ата-бата салтымен қанымызға енген мұндай жақсы қасиеттер бала бойына ана
сүтімен бірге енеді.
Назым: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
әнге толы қазағымның тірлігі,
Кіріп тұрса ынтымақпен бірлігі
әр жүректе бүршік жарып гүлдейді.
Сезіміңді сергітетін жыл гүлі!
Назерке: Ел тарихы, жыр тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлықұлт пен бауырласа жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Халқымз ақсақалды атаны, ақжаулықты ананы, ақшашты әжені-жалпы үлкенді
сыйлап, алдынан кесіп өтпеу ата дәстүріміз.
Мұғалім: Басқа халықтарда қандай амандасу түрлері бар?
Тлеужан: Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары
сияқты. әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді.
Әсем: Хал-жағдай, ат-қөлік амандығын сұрап,алдынан өтеді.
Шымболат: Ал егер жапан далада, түзде жүрген жастардың қасынан қария, не
жасы үлкен адам өтіп бара жатса, жастар қарияларға, жасы үлкен адамға әдейі
бұрылып барып сәлем беріп, амандасуға тиісті.
Ақерке: Ауылға келген қонақпен Ауыл адамдарынын амандасуында белгілі
ережесі бар.
Тілектес: Жалпы ауыл адамдары ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп
амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып «жол
болсын» деп тілек айту дәстүрі бар.
IV. Қорытынды
Мұғалім: « Сәлем -сөздін анасы» дегенді қалай түсінесіндер
Арай: Ертелі кеш өзіңе таныс адамдарды көргенде немесе мұғаліміңмен
жолыққанда сен: Сәлеметсіз бе? Дейсің оларда
«Сәлемет пе, айналайын!» деп саган мейіріммен қарайды.
Тілеужан: Сонымен, қорыта келгенде, әдепті сыпайы, кішіпейілділікті , біз
бойымызға ана сүтімен, атанын тілімен дарытады екенбіз.
Тілектес: Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенде.
Мұғалім: Жалпы қазақ халқының қандай тәрбиесі болмасын, үлкенді сыйлаудан
баста алады. Салт-дәстүр, өнеге ретінде қазақтың қанына сініп, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келген.
Қазақ халқының амандасу салты - мазмұны жағынан өте бай.
2014-2015 оқу жылы