Классный час "Қош келдің жаңа жылым төріме" 5-8 класс
Қош келдің жаңа жылым төріме.
Боран соғып тұрады, сахнаға Ақшақар қарларымен билеп шығады.
Әсел: Жаңа жылдың күні неткен арайлы
Ақбота: Ақ мамыққа бөлеп алдық маңайды.
Ұлпан: Жаңа жылдың қары болып бүгінде
Дилназ: Ақшақармен келіп қалдық төріңе.
Нұрай: Ендеше жаңа жыл мерекесін бастайық.
Әсел: Құтты болсын жаңа-жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Ақбота: Бір-бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық.
Ұлпан: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық
Дилназ: Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Нұрай: Жанға шуақ, бойға қуат әкелген
Хор: Жаңа жылың құтты болсын, ағайын.
Ән: Жаңа-жыл
Ән айтылып жатқан кезде өлмес Кащей мен Жалмауыз Ақшақарды ұрлап алып кетеді.
Ақбота: Ой, біздің Ақшақарымыз қайда?
Ұлпан: Енді жаңа жылды біз қалай қарсы аламыз?
Нұрай: Ендеше не тұрыс Ақшақарды іздейік.
Сахнадан бәрі шығып кетеді. Сахнаға қарақшылар шығып, қарақшылар биін билейді.
Қарақшылар:
Әсем: Жерде де, теңізде де бар ақшамыз
Ешкімнен қорықпайтын біз патшамыз.
Айнұр: Тонаймыз өткен кеме керуенді
Өйткені біз дегенің қарақшымыз.
Ақерке: Жол тартып айқасамыз алыптармен,
Кездестік сан алуан халықтармен.
Асылан: Теңіздің қожасымыз қашан болсын,
Кездестік кеме жұтар балықтармен.
Мирас: Қыс түсті енді ешкімге жоламаймыз,
Теңіз қатты пайдаға баламаймыз.
Бекжан: Жаңа жыл құтты болсын баршаңызға,
Жаңа жылды ешкімді тонамаймыз.
Әсем: Бізде жаңа жылға шашу шашайық,
Айнұр: Тойлап көңіл ашайық
Ақерке: Әнге біздер салайық.
Қарақшылардың жаңа жылға арналған әні.
Аққарлар сахнаға шығады.
Ақбота: Ой, қарақшылар.
Мирас: Қорықпаңдар, біз сендерге тимейміз. Мынау қалың орманда қайда бара жатырсыңдар.
Дилназ: Біз әпкеміз Ақшақарды іздеп жүрміз.
Бекжан: А-а-а, өлмес кащей мен жалмауыздың алып бара жатқанын біз көргенбіз.
Ұлпан: Мына орманның қай жерінен табамыз.
Әсем: Біз сендерге мына сиқырлы жіпті берейік, бұл жіп сендерді өлмес кащей мен жалмауызға алып
барады.
Қарақшылар: Енді біз өз жөнімізбен кетейік. Сахнадан шығып кетеді.
Аққарлар: -Көп рахмет сіздерге қарақшылар
Ұлпан: "Ал, сиқырлы жібім бізді өлмес кащей мен жалмауызға алып бар"-деп жіпті домалатып
сахнадан шығып кетеді.
Сахнаға төрт мезгіл шығады.
Жақыпбек. Көктем: Мен көктеммін, көктеммін
Мен келгенде барлық әлем көктейді.
Әлижан. Жаз: Мен жазбын, Келгенімде жаныңды жадыратам,
Әр күніңді шуағыммен жайнатам.
Бекнұр. Күз: Күзбін-мен, уа ағайын берекелі,
Астығыммен толтырамын мерекені.
Ау, қыс менің уақытым кетіп саған жетті, қыс қызығымен бөлісіп мына жұртпен.
Мирас.Қыс: Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келдім жаңа жылыммен,
Көптен күткен мерекең.
Осы мерекеге арнап әнімізді айтайық.
Ән.
Аққарлар сахнаға жіптерін домалатып шығады.
-Сәлем бердік жыл мезгіл ағалары./ Ақбота/
-Сәлем бердік ақ ұлпа аққарлар./Мирас/
-Мына қалың орманда қайда бара жатырсыңдар./Әлижан/
-Біз әпкеміз Ақшақарды іздеп келе жатырмыз. Өлмес кащей мен жалмауыз ұрлап әкетті, сіздер
көрмедіңіздер ме?/Ұлпан/
Көктем:- мен көрмедім.
Жаз: -мен де көрмедім.
Күз: -мен де көргенім жоқ.
Қыс: -ал мен көрдім, қалың орман ішінде адам аяғы баспайтын жердегі жалмауыздың үйшігінде.
Бағыттарың дұрыс, осы жолмен жүре беріңдер.
-Ал, енді біз өзжөнімізбен кетейік./ сахнадан шығып кетеді, аққарлар ары қарай жіптерін домалатып
жүріп кетеді.
Сахнаға ергежейлілер шығады.
Би: ергежейлілер.
Аққарлар кіреді.
-Қар әпкелер қайда бара жатырсыңдар? /Анель/
-Біз әпкеміз Ақшақарды іздеп келе жатырмыз. Жаңа жылды тойлағалы жатыр едік өлмес кащей мен
жалмауыз алып кетіпті.
-Өлмес кащей мен жалмауызға сендердің күйлерің келмейді, одан да Аяз атаны шақырайық. Содан
көмек сұрайық.
Хор: Аяз ата аууу.
Аяз ата: Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім, құрдай жорып. Ой, неге көңілсізсіңдер?
Бәрі: Өлмес кащей мен жалмауыз әпкеміз Ақшақарды алып кетті.
Аяз ата: Осы кащей мен жалмауыздың жыл сайынғы зұлымдықтарынан әбден жалықтым. Кәне менің
көмекшілерім, тауып алып келіңдер менің алдыма.
Аяз ата көмекшілері кащей мен жалмауызды алып келеді.
Кащей: Өлмес кащей дегенің мен боламын,
Өлмеймін жыл өткенде жаңарамын.
Жасарып өң кіреді жаңа жылда,
Жаңа жылды күтетін мен боламын.
Жалмауыз: Сыпыртқымен кеземін бар даланы,
Ұшып, шарлап жүремін айналаны.
Ағаш үйде жатамын сыйқырым бар,
Түн батқанда қорқытам балаларды.
Аяз ата: Жыл сайын, осымен қаншама жыл менің мазамды әбден кетірдіңдер, айғайлайсыңда,
шулайсыңда, жаңа жылда бір нәрсе ұрлайсыңдар. Бірде сыйлықты алып кетесіңдер, бірде шамды
өшіресіңдер, осымен бәрін тоқтатыңдар.
Жалмауыз: Біз жағымды кейіпкер емеспіз, жамандық жасау қанымызда бар.
Кащей: Бізде басқалар секілді сыйлық алғымыз келеді.
Аяз ата: Егер сендер жамандықтан аулақ болсаңдар мен сендерге сыйлықтар беремін.
Ақшақар: Құрметті Аяз ата мен менің достарым. Мені құтқарғандарыңа көп рахмет. Енді не тұрыс,
жаңа жыл қоңырауын соғайық.
Ақшақар қоңыраулар мен бірге қоңырау биін билейді.
Нұрай: Аяз ата төрт көзіміз түгелденді, енді ескі жылды шығарып салатын уақыт болып қалыпты.
Ақбота: ендеше ескі жылды шығарып салып жаңа жылды қарсы алайық.
Тауық. Бекнар: Мен ескі жылмын, сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілерім:
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Аяқталмай қалған сотканы,
Құрғызу саған аманат.
Ауылдастарым, достарым.
Алғысымды көп айтармын
Жаңа жыл боп кеп қалған,
Қарсы алыңдар, ит жылын.
Ит: келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Қарлар: /Ұлпан/ - Жаңа жыл туындаған жаңаң армандар,
Жаңажыл шуылдаған жаңа арманда.
Ақбота: Ал, мынау мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғанда.
Нұрай: Жаңа жыл қайсарлықпен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Дилназ: Біз келген жаңа жылға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Аяз ата: Ал, қарақтарым, мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп
рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін, Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл , жаңа бақыт әкелсін, далама құт,
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сфйлық әкеп сендерге, көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар, Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
Ақбота: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны Ақшақарымен шығарып салайық. Хор: Аяз ата,
Ақшақар сау болыңыздар!
Ұлпан: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларға бақыт пен шаттық әкелсін.
Дилназ: Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Нұрай: Жаңа жыл құтты болсын!
Ақбота: Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Ән: жаңа жыл /хор/
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Классный час "Мы Вас любим, мамочки!" 4 класс
- Внеклассное мероприяитие "Чужой беды не бывает" 11 класс
- Разработка часа общения "В поисках сокровища" 5 класс
- Презентация "Современные образовательные технологии в воспитательной работе"
- Презентация "Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым!" 6 класс
- План урока "Учимся уважать себя и других" 2 класс