Конспект занятия "Жаңа сабақты меңгерту"

Көкшетау қаласы
№37 «Аленушка» балабақшасы
Махметова Альмира Қадырбайқызы,
қазақ тілі мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту.
Біліктілік: Балалардың елтану туралы білімдерін кеңейту, алған білімін
тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен
терендете таныстыру.
Тәрбиелік:Қазақ ұлтының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел сабағы.
Сабақтың типі: аралас.
Көрнекілігі: ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, плакат.
Сабақтын әдістері: сұрақ- жауап, жатқа айту, әңгімелеу, заттардың көмегіне
сүйену.
Сабақтың барысы: дөңгелек үстел үстінде ұлттық тағамдар. Дөңгелек үстел
басына балалар жиналады. Дастарханға ұлттық тағамдар қойылған.
Мұғалім: /дастарханның иесі/
-Біз бүгін қазақтың ұлттық дастарханына қонаққа келіп тұрмыз. Қазақтың
киелі ақ дастарханы біздің алдымызға жайылып, тағамдарын сыйлап тұр.
Бірақ бұл дастарханға отырар алдында біз жұмбақ шешуіміз керек.
/Тақтада әшекейленіп жазылып тұрады./
«Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды».
/Дастархан/.
«Дос үйіне түстің бе,
Түгел соның үстінде».
/Дастархан/.
Мұғалім: -Ал, енді, өздерің жұмбақ білесіндер ме?
Балалар: /Қонақтар жұмбақ жасырады/
«Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас »
/Таба нан/.
«Арқасында азығы,
Бауырында қазығы».
/Үстел/.
«Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ».
/Тұз/.
«Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртымда.
Бәрі содан шығады
Ірімшік, май, құртың да».
/Сүт/.
«Бір дария қайнайды екі көбік,
Ішінде жайын да жүр михнат атып, тартып,
Өткелі бар дарияның аралы жоқ,
Келе ме білсе жайын оған қайтып».
/Қазанда асқан ет/.
«Сары ағаштан сарайым,
Ішіне жаққан қалайым,
От пенен су бір жерде,
Табылып тұр әрдайым».
/самауыр/.
Дастарханның иесі: - Рахмет, сендер жасырған жұмбақтар өте ұнады.
Дастархан, ұлттық тағамдар туралы жұмбақ көп біледі екенсіздер. Енді
дастарханның басына отырайық.
Балалар жайланып дастарханның басына отырады.
Дастархан иесі: - Осы киелі дастарханның үстінде қандай тағамдар бар?
Қонақтар: - Бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, алма,
шай, қант, сары май.
Дастарханның иесі: -Осы дастарханға барлық тағамдар сыймай қалыпты.
Сондықтан, балалар, айтыңдаршы қазақ халқында тағы қандай ұлттық
тағамдар бар?
Қонақтар: - Бешбармақ, сорпа, қуырдақ, құыйрық бауыр, жал-жая, тоқаш,
қоспа, шұбат, қаймақ, қатық, палау, самса, кеспе, балқаймақ, шелпек.
Дастархан иесі:- Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән
берген. Негізгі асы – сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ /сүт тағамдары/,
қызыл/ ет/ және жасыл /көкөніс, жеміс/ деп үшке бөлген.
Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп те, отқа
қақтап та әзірлеген. Олардың атауы: қазы, қарта, шұжық, жал, жая, т.б. ет
тағамдары.
Сүттен құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, айран, май, қаймақ, қатық, ежегей
сияқты ішетін, жейтін әр түрлі тағам әзірлеген.
Қазақ халқы табиғат байлығына ертеден- ақ жақын, ол байлықты тиімді
пайдалана білген. Ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін
түрлі өсімдік түрлерін пайдаланған: пияз, сарымсақ, атқұлақ,/ қымыздық/,
шалқан, қызан,/ жаужұмыр/, т.б.
Ал енді осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп
аталатын тағам?
Қонақтар: Наннан істелген тағамдар/ таба нан, бауырсақ, тоқаш, т.б./
Қазақ халқының басты асы нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарханға
алдымен нан қойылады.
Мұғалім: Нан туралы қандай тиым сөздер білесіндер?
Балалар: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды.
Мұғалім: -Неге нанды киелі деп атайды?
Балалар:- Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.
Таңертен нан ауыз тимей үйден шықпау керек.
Мұғалім: - Енді нан туралы өлең тындайық.
Бала: - Нан- ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмандар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы-
Нан қиқымын шашпандар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастандар. /Ө. Тұрманжанов/.
Дастархан иесі: нан, басқа тағамдар туралы мақал-мәтел, жаңылтпаштар
айтайық.
Қонақтар: 1. Нан болса – ойнап күлеміз,
Нан болса – еркін жүреміз.
2. Нан –қасиет,
Нан береке,
Нан- мереке.
3.Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан – осы.
4.Тұз - мұнадй,
Мүз – тұндай.
5. Сорпа іштік,
Сорпа ыстық,
Сондықтан қорқа іштік.
6.Жылқының еті – төсек салып жатқанша,
Сиырдың еті- таң сарғайып атқанша,
Қойдың еті – келесі күн батқанша деген екен.
7.Ет тәп-тәтті –ақ,
Тәп-тәтті –ақ,
Тәп-тәтті еттен
Дәм келіп тат.
8.Қазы, қарта, жал, жая,
Сүр ет, шұжық, балдай-ә?
Қақтыратын тандайды,
Қуырдағы қандай-ды!
Дастархан иесі:
-Рахмет! Ал енді, тағамдарды түр-түрімен топтастырайық.
1.Сүт тағамдары
2. Ет тағамдары
3. Ұн тағамдары
Дастархан иесі: -Ал, қазір дастарханда тұрған тағамдардың дәмін
татыңыздар.
Дастархан иесі:- Кім қандай тағамның дәмін татты?
Қонақтар: - қай тағамның дәмі қандай ,неден істелгенін айтпайсыздар ма?
Мұғалім:Балалар , кәне қымыз сақтайтын ыдыс қалай аталадыл қалай
жасалады? Соны қонақтарға айтып берейік.
1-бала: қымыз ыдысы туралы айтады.
2-бала қымыз туралы әңгімелеп береді.
Мұғалім: Қазақтың ұлттық тағамдарын татқанда қандай әсер аламыз.?
Балалар: Қазақтың ұлттық тағамдарын ішіп жегің келе береді. Тоймайсың.
Өте дәмді, аузыңнан керемет тәтті дәм кетпейді. Сондықтан қазақ
халқына риза боласың.Қазақ халқын мақтаныш етіп алғыс айтқым
келеді.
Дастархан басында тағамдарды татып, әңгімелесіп болғаннан кейін бата
беріледі. Сабақ «Нан бар жерде ән бар»- деп« Дастарқан» әнімен
аяқталады.