Конспект урока "Халық қорғаны (Ел аузынан)" 4 класс
Пәннің аты әдебиет
Уақыты:25.10.16ж
Кабинет:129
Мұғалім Сейдикеримова А К
Сабақтың атауы
Халық қорғаны (Ел аузынан)
Мақсаты
1)Оқушылардың өз еліне,ата-мекеніне сүйіспеншілігін арттыра
отырып,бабамыздың туған елін,жерін жаудан қорғау әрбір азаматтың міндеті
екенін түсіндіру. Қабанбай батыр туралы мәлімет беру,қазақ-жоңғар соғысы
болған жерлер және қазақ қолбасшылары туралы білімдерін кеңейту.
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сабаққа деген қызығушылығын
арттыру,сөздік қорларын байыту.Тарихи таным қабілетін арттыру.
3.Қабанбай батырдың және өзге сарбаздар өнегесін алға тарта отырып
оқушыларды ерлікке,батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
сабақтың көрнекілігі: ,Қазақ батырларының ,Үш бидің,Абылай ханның,Бұқар
жыраудың,бес қарудың суреттері,сөзжұмбақ.
Психологиялық ахуал 1мин
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі
сабаққа сәттілік тілейді.
ІІ Өткен тарауды пысықтау. 5 -10 мин
«Туған елім,туған жерім»
Суретті тапсырма.(қай мәтінге қатысты сурет екенін,мәтінді қысқаша мазмұндау,авторын,мәтін тақырыбын айту)
Мына үзінділер қай өлеңнен алынған?(өлеңнің атын,авторын және өлеңді толықтырып
айтып шығады)
1) Жан беретін,
Тән беретін
Мейірімді ана-сен ғана.
2) Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3)Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
4)Бостандық таңы атты,
Қазағым,көріңдер.
Жаңа сабақ 10 -15 мин «Ата-бабам тарихы-менің тарихым» жаңа тарау.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының
Президенті
“Тарихты танып,зерделеу керек,тарихты таразылау керек,сонда тағдырыңды,бүгінгі тұрпатыңды
танисың,келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың”
Үш бидің басын қосты
1.Суретке зер салып қара.
Суретпен жұмыс:
-Суретте кімдер бейнеленген?
-Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың?
-Суреттегі ақ боз атқа мінген кім дер едің?
-Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?
-Батыр деп біз кімдерді айтамыз?
- Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Батыр деп біз кімдерді атаймыз? Ерлік
жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.
Қазақ батырлары
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай.
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты.
Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген.
Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.
Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының
батыры деген атақ берілген.
Жылқы- тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала
өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете
бастау көшпелі шаруашылықпен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының
шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және
спорттық бағыттарда өсіріледі.
Сергіту сәті 2мин
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс 2мин
Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер
азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.
5.Мәтінді түсініп оқы.
Халық қорғаны (Ел аузынан)
Түсіндірілетін сөздер: дәптермен жұмыс 5 мин
Шұбырынды –қорғансыз,панасыз есеңгіреген халық.
Жасақ- әскер.
Ақылгөй- ақылды,ақыл беруші.
Жарақ- бірлі-жарым,аздаған.
Пырақ- жүйрік ат,тұлпар.
Қорытындылау 3мин
Сенің
Отаның
Қазақстан
қандай
мемлекет?
Қазақстан
елінің
президенті
Қазақстан
елінің
рәміздері
Қазақ
халқының
батырлары
Үш би
Қабанбай
батырдың
шын есімі
Қабанбай
батырдың
сипатын
жырлаған
кім?
Қазақстан-
ның бола-
шақта қан-
дай ел
болғанын
қалайсың?
Ұнады: 2мин
Қиын болды:
Тілегім:
«Бағдаршам» арқылы бағалау
Қызыл түс-түсінген жоқпын;
.Сары түс-тағы да қажет сұрақтар бар;
.Жасыл түс-барлығы түсінікті.
Үйге тапсырма 2мин
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау 3мин
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Литература - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Үш би" 2 класс
- Презентация "Акимушкин Игорь Иванович" 3 класс
- Презентация "Проза для детей во второй половине XIX в. Л.Н. Толстой – детям. Педагогическая позиция и мастерство" 3 класс
- Презентация "Л.Н. Толстой "Детство"" 4 класс
- Презентация "Лев Николаевич Толстой «Как мужик камень убрал»" 4 класс
- Конспект урока "Мифы Древней Греции. «Дедал и Икар»" 3 класс