Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
Сабақ тақырыбы
Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме)
7.1.3.1- компьютерлік желілерді топтастыру
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Компьютерлік желілер түрлерін біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
Компьютердегі желілерді түріне қарай топтастыра біледі
Кейбір оқушылар:
Күнделікті өмірде компьютерлік желілердің қызметінің маңыздылығына
дәлелді мысалдар келтіре алады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері
➢ Компьютерлік желілерді қолданылу маңыздылығына қарай ажырата
отырып топтастыру
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Желілердің түрлері мен топтамаларын біледі және сызбасын жасай алады.
Лексика және терминология:
Желі, жергілікті желі, жаһандық желі, интернет желісі, сымсыз желі,
желілер топологиясы, шиналық желі, шеңберлік желі, жұлдызша желі,
арналар, кабель, корпоративтік желі, желілік хаттама.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
✓ Компьютерлік желі деген не?
✓ Компьютерлік желінің негізгі түрлерін атаңдар?
✓ Компьютерлік желілердің маңыздылығы неде?
✓ Компьютерлік желіні қалай сипаттайсыңдар?
✓ Компьютерде желі құру үшін қандай құрылғылар қажет?
Құндылықтарды
дарыту
Мәнгілік ел азаматтарын информатика пәні арқылы отан сүйгіштікке,
еңбеккорлыққа, елін, жерін, өз отанын қадіреуге өз бойларына
дағдыландыру.
Пәнаралық
байланыстар
Сымсыз желілерде жұмыс жасайтын құрылғылар атау барысында ағылшын
тілінің сөздерін қолданады. (ағылшын тілі пәні), компьютерлік желілерді
біріктіру кезіңдегі ара қашықтықты өлшеуі (математика пәні).
Алдыңғы меңгерілген
білім
Файлдардың көлемі. Әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құруды және
мұрағаттан шығаруды біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.
«Өзіңе тілегенді - басқаларға тіле!» тренингін
ұйымдастыру. (Әр оқушы 10-15 секунд уақыт аралығында
ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады.
АКТ
Топтастыру 2 мин
«Жұмыс үстелі» әдісі
5 мин
«Миға шабуыл»
2мин
Сабақтың ортасы
Білу, Түсіну
Оқулықпен топтық
жұмыс. «Ойлан,
жұптас, бөліс» әдісі
10мин
Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан
алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек).
«Жұптасқан жұбың». Ұйымдастыру кезеңіндегі жұптасқан
жұптарымен екі топқа бөлемін.
1-ші топтың аты: Жергілікті желі .
2-ші топтың аты: Жаһандық желі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін
«Жұмыс үстелі» әдісі арқылы пысықтау.
(Топта отырған оқушылар өтілген тақырып бойынша
сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына
жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын
бірлесе жауап береді. Барлық топ қойылған сұрақтарға
жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған
маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына
болады.)
Сұрақтары:
1. Мұрағаттау дегеніміз не және оны тұрмыста не үшін
қолданады?
2. Компьютерде мұрағаттаудың қажеттілігі неде деп
ойлайсың?
3. Қандай мұрағаттау бағдарламаларын пайдаланғансыңдар?
4. Желі арқылы үлкен көлемдегі ақпараттарды тасымалдауда
уақыт пен қаражатты үнемдеу жолдары қалай шешіледі?
5. WinRar бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттап бер?
6. Көптомдық мұрағаттар дегеніміз не?
7. Мұрағаттаушы бағдарлама көмегімен файлды құпиялауды
қалай жүзеге асыруға болады?
«Миға шабуыл».
1. Компьютерлік желілер дегенді қалай түсінесіздер?
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен
және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
«Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі»
Интербелсенді тақта таныстырылым.
Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы
тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырмалар беріледі.
Оқулықпен жұмыс.
Желілерді қасиеттеріне байланысты төмендегідей түрлерге
ажыратуға болады.
1-топ:
1. Өңірлік тарауына қарай бөлінуі.
2. Тиістілігіне қарай бөлінуі.
Қағаздар
Интербелсен
ді тақта
Постер,
маркер.
«Пайыз» әдісі
Қалыптастырушы
бағалау
Жұптық жұмыс
Қолдану
8мин.
Жеке жұмыс
«Детальдарын қосу»
әдісі.
10мин.
2-топ:
3. Деректерді тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінуі.
4. Деректерді тарату ортасына қарай кабельдік және
сымсыз болып бөлінуі.
Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен
талықылайды.
Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.
Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін байқау мақсатында
«Пайыз» әдісін қолдану.
Жекеленген тапсырмалар. «Детальдарын қосу» әдісі.
№1
ӨҢІРЛІК ТАРАУЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ
Сызбасы
Атауы
Маңыздылығы
Кескін
қағаздар
Тапсырма №1
«Қолданып көр» дәптермен жұмыс
Компьютер кабинетінде орналасқан компьютердегі
жергілікті желінің түрін анықтаңдар. Оның сызбасын
дәптерге түсіріңдер.
Дескрипторлар
1. Компьютер кабинетінде орналасқан
компьютердегі жергілікті желінің түрлерін
анықтайды.
2. Компьютер кабинетінде орналасқан
компьютердегі жергілікті желінің сызбасын сыза
алады.
№2 ТИСТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ БӨЛІНУІ
Ведомстволық
Мемлекеттік
№3
Деректерді тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінуі.
1. Төменгі жылдамдықтағы (10 Мбит/с-қа дейін)
2. Орта жылдамдықтағы (100 Мбит/с-қа дейін)
3. Жоғары жылдамдықтағы (100 Мбит/с -тан жоғары)
№4
Деректерді тарату ортасына қарай бөлінісі
Кабельдік арналар
арқылы.
Сымсыз арналар арқылы.
Дескрипторлар
➢ Желілердің қасиеттерін айқындай алады.
➢ Компьютерлік желінің маңыздылығын біледі.
➢ Компьютер желілерінің түрлерінің бір-бірінен
ажырата алады.
➢ Компьютерлік желілерді топтастырады
Сабақтың соңы
5-мин
Кері байланыс
Үй тапсырмасы
Ғаламтор беттерінен желінің негізгі құрылғылары жайлы
ақпараттық ізденіс жасап келу.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек
көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға
тапсырманы күрделендіруді
қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс қауәпсіздік және
еңбекті қорғау ережелері.
Құндылықтардағы байланыс
Саралау
Барынша қолдау көрсету:
Жақын арадағы даму аймағын
құру мүмкіндік беріп,
оқушыларға оқулықтағы
тақырыпшаларды бөліп беріп,
постер қорғату арқылы
компьютерлік желілер түрлерін
барлық оқушылардың білуіне
қолдау көрсетемін.
Орташа қолдау көрсету:
Жұптық жұмыс арқылы
оқушыларды бір-бірімен
байланысуы үшін «Қолданып
көр» әдісін ұйымдастырып
оқушыларға компьютер
кабинетінде орналасқан
компьютердегі жергілікті желінің
түрін анықтатып сызбасын
дәптерге түсіркізу.
Қолдау көрсету аз:
Жекеленген кеспе қағаздардағы
тапсырмалардағы бос орындарды
толтыруды әр оқушы өздері
жасауды тапсырамын.
✓ Қалыптастырушы
бағалау.
✓ «6 эмоция» әдісі
арқылы оқушыларды
бағалаймын.
Компьютер сыныбында оқушылардың
өмір қауіпсіздігін қорғау ережелерін
үнемі қайталап отыру.
Денсаулықтарына байланысты
кеудесінің дұрыс ұстауын, көзін
компьютерден арақашықтықты ұстау.
Компьютер сыныбында техника
қауіпсіздігін сақтау.
РАУЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ
Сызбасы
Атауы
Анықтамасы
Жергілікті желі
шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде,
зауыт т.с.с.) компьютерлерді біріктіру. Жергілікті
желі құрудағы мақсат – өндірістік процестерді
автоматтан-дыру, әртүрлі құжаттарды жедел
өңдеу, ақпарат алмасуды жылдамдату болып
табылады. Жергілікті желіге қосылған әрбір
компьютерлер кабельдер арқылы желілік адаптер
көмегімен байланысады
Корпоративтік
немесе аймақтық
желі
бір қала немесе аймақ көлемінде
компьютерлердің ортақ бір жүйеге бірігуінен
пайда болатын желі. Корпоративтік желі – ірі
компаниялар, банктер, басқа да құрылымдардың
пайдалануы үшін өте ыңғайлы желі. Корпоратив
(аймақтық) желілерде өзінің сервері,
электрондық құжат алмасу, электрондық
поштасы, IP телефоны, видеоконференциясы,
аппараттық-программалық қорғанысы,
ғаламторға шығу мүмкіндігі болуы керек.
Жаһандық желі
дүниежүзі бойынша компьютерлердің ортақ бір
желі арқылы байланысын айтамыз. Қазіргі таңда
танымалы және қолжетімдісі – Интернет желісі
болып табылады. Интернет желісінде бір уақытта
миллиондаған пайдаланушылар жұмыс жасай
алады. Желідегі компьютерлер жұмысын арнайы
бағдарлама басқарады. Желідегі компьютерлердің
бір-біріне жіберетін және қабылдайтын
ақпараттары ортақ бір ережемен байланыс
жасайды. Осындай ортақ ереже желілік хаттама
деп аталады.
1. Жергілікті желілерді ұйымдастыру
үшін керекті құрал-
жабдықтар тізімін
жасату.
2. ЖЕЛІЛЕР ТОПОЛОГИЯСЫ
Шиналық
желі
Шеңберлік
желі
Жұлдыз
ша желі
Обществознание - еще материалы к урокам:
- Жалқы есім және жалпы есім
- Рабочая программа "Подготовка к ЕГЭ по обществознанию" (Л.Н. Боголюбов, Л.Ф. Иванова, А.Ю. Лазебникова)
- Тест "Бизнес и предпринимательство. Создание своего дела"
- Қиялдай алу ерекше қабілет
- Сборник заданий для итоговой аттестации по обществознанию в 9 классе
- «Ауғанның отты жалыны» атты тарихи кештің сценариі