Конспект занятия "Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы. Компьютерлік желілердің классификациясы. Internet" 9 класс

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы.
Компьютерлік желілердің классификациясы. Internet
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Уақыты: 90 мин
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Оқытудың
компьютерлік, ақпараттық, дамыта оқыту, бақылау бағалау, деңгейлеп оқыту.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдісі - компьютерде жұмыс істеу, көрнекілік құралдарды қолдану, өзіндік іздену,
сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, даралап оқыту.
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың
маңыздылығын көрсету;
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін
жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен
қызығушылығын арттыру;
Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту;
Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
Пәнге деген қызығушылығын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Білімді қалыптастыру, студенттерді білімнен хабардар етіп қана қоймай, тың мәліметтер
беріп, Компьютерлік желілердің классификациясына түсінік бере отырып, интернет желісін
дұрыс қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізгісін
ажырата білу, керек компьютерді дұрыс қолдана білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау.
Кәсіптік қасиеттерін қалыптастыру
Қасіптік қасиеттер
Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оларды
қалыптастыру мүмкіндіктері
Жинақылық, ұйымдастырушылық сезімі,
ұқыптылық
1 кезең
6 кезең
Тәртіптілік, орындағыштық
Сабақтың барлық кезеңінде
Жауапкершілік, ұқыптылық, зейін қою,
байқағыштық, коммуникативтік қабілеттер,
мұқият болу, талдай білу және жалпылау,
қарым-қатынас мәдениеті, шлогикалық
ойлау, орындағыштық
Сабақтың барлық кезеңінде
коммуникативтік қабілеттер, мұқият болу
4 кезең
5 кезең
мамандығына қызығушылық
4 кезең
7 кезең
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
- Слайдтар;
- Электронды оқу құралы.
Үлестірме материалдар:
- Тапсырмалар;
- Тест.
Техникалық оқу құралдары:
- Компьютер;
- CD, DVD дискілер.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
- Оқу құралы / Қазақстан Республикасының ақпараттық теңсіздікті төмендету
бағдарламасы бойынша халақты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-
әдістемелік құрал // К.Б. Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиева Алматы, ҰАО АҚ, 2007 -136 б. //
Негізгі әдебиеттер:
1.Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
/ Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова /
Оқулық – Алматы 2014, 352 бет.
2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-
сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана,
2014 ж.
3. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы
10-сыныбына арналған оқулық Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А.,
Астана, 2014 ж.
4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013 ж.
5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144 бет.
6. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007 ж.
7. Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары
сыныптарға оқу құралы. Microsoft Excel –зертханалық оқу құралы, Балафанов Е.Қ., Бөрібаев
Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер
1. Стив Джонсон Windows Office 2007. Пресс 2009 г.
3. Алексеев А.П. Солон Информатика. 2002 г.
4. Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах. Петербург 2002 г.
5. Праффенберген Б. Эффективная работа с Ms Internet Explorer. Санкт-Петербург 1998 г.
WEB сайттар тізімі
4. Ustaz@ mail.kz
5. www.Google.ru
Кәсіптік модуль білімін игеру нәтижесіне қойылатын талаптар:
БҚ-1
Оқу
БҚ-1.1
Өзін-өзі дамыту: ұзақ мерзімді жоспарлау машықтарды
игерген, кәсіпке және өзінің әлеуметтік міндеттеріне тұрақты,
оң көзқарас қалыптасқан
БҚ-1.2
Ақпарат: ақпаратты жинайдыжәне талдайды, білімін
практикада қолданады.
БҚ-1.3
Компьютерлік технология: жұмысында және өзін дамыту
барысында қазіргі ақпараттық білім алу технологияларын
қолданады
БҚ-2
Этика
БҚ-2.1
Қоғамдық өнер: қоғамдық өмірге белсене қатысады.
БҚ-2.2
Этикалық қағидаттар: кәсіптік этикалық құндылықтарды
дәріптейтін, әлеуметтік-мәдени диалогқа дайындығын
көрсетеді.
БҚ-2.3
Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын сақтайды және
бағалайды.
БҚ-3
Коммуникациялар және командада жұмыс жасау
БҚ-3.1
Коммуникативтік дағдылар:
Жағдайды ескере отырып, әртүрлі адаммен тиімді қарым-
қатынас жасай алатынын көрсетеді.
БҚ-3.2
Командада жұмыс жасау: әртүрлі командада жұмыс жасай
отырып, жауапкершілігін көрсетеді.
Студент білуі керек:
Ақпараттарды жіберу тәсілдерін;
Желілік технологиялар ұғымын;
Компьютерлердің бір-бірімен қалай байланыс жасалатынын;
Желіні пайдалана білуді;
Желіні пайдалану әдістерін;
Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын
студенттерге меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін.
Студент істей алуы керек:
Желіні іске іске қосуды;
Желіге қосылған компьютер мен байланыс жасауды;
Ақпарат алмасуды;
Ақпараттарды сақтауды, көшіруді және баспаға басып шығаруды.
Интернеттен ақпараттарды көшіруді.
Пәнішілік байланыс:
Тақырып 2.2 Компьютердің негізгі құрылғыларын баптау және орнату;
Тақырып 4.1 Архивтеу туралы түсініктеме. WinRAR, WinZIP архиваторлары. Архивті құру
туралы мүмкіндіктері.
Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Қамтитын пәндер:
Орыс тілі /сөздікпен/
Ағылшын тілі /сөздікпен/
Қамтылатын пәндер:
Терапия /тынысалу мүшесі жүйелерінің зақымдалу семиотикасы және зерттеу
әдістері /
Ішкі аурулар пропедевтикасы линикамен танысу/
Сабақ жоспары
Сабақ
кезеңдері
Мақсаты
Қызметті сипаттау
Уа
қы
ты
Жабдық
талу
оқытушының
студенттің
1
Үйымдастыру
сәті
- Сабаққа
дайындығын
ұйымдастыру,
жұмыс көңіл-
күйді
қалыптастыру
- Студенттермен
амандасу.
- Аудиторияның
дайындығын,
студенттердің
сыртқы көрінісін
тексереді.
- Сабақтың жаб-
дықталуын, оқу-
лық, жұмыс дәп-
терлердің түгел-
- Оқытушымен
амандасу
- Кезекші
келмеген
студенттердің
аты-жөнін,
сабаққа
келмеу себебі
туралы
ақпарат
береді.
5 мин
Топ
журналы,
студенттерді
ң
оқулықтары,
дәптерлері,
сабаққа
қажетті
көрнекі
құралдар,
техникалық
дігін тексереді.
- Келмеген
студенттерді
белгілейді.
құралдар
2
Студенттердің
өткен
тақырып
бойынша
білімін
бағалау
-
Студенттерді
ң өткен тақы-
рып бойынша
білімін, тақы-
рыпты игеру
денгейін
анықтау.
- Студенттердің
білімін ауызша
сұрау.
- Студенттердің
білімін тестілеу
арқылы
бағалайды.
- Ауызша
сұрақтарға
жауап береді
-Тест
сұрақтарын
жауап береді
20
мин
№1
Қосымша,
№2
Қосымша
3
Жаңа
тақырыпқа
мотивация
лық сипатта-
ма беру, сту-
денттерді са-
бақтың
жоспарымен,
мақсаттары-
мен
таныстыру
- Тақырыптың
маңыздылы-
ғын ашу
- Оқытушы сту-
денттерді жаңа
тақырыпты
хабарлап, оның
информатикадағ
ы орнын
түсіндіреді.
- Студенттерді
сабақтың мақсат-
тарымен таныс-
тырады.
- Студенттердің
көңілін тақырып-
тың маңыздылы-
ғына аударады.
- Пәнаралық
байланыстар
схемасын
түсіндіреді.
- Тақырыппен,
сабақ
мақсатымен
танысады.
- Тақырыптың
өз
мамандығында
ғы маңыздылы
ғын
анықтайды
5 мин
№3
Қосымша
4
Жаңа
тақырыпты
түсіндіру
- Тақырып
бой-ынша
студенттердің
білімін кеңей-
ту, болашақ
кәсібіне бағ-
дарлау, ақпа-
рат көздері-
мен жұмыс
жасауға
бағдар беру,
сөздік
қорларын
байыту,
логикалық
ойлау ж/е
шығармашы-
лық қабілет-
терін дамыту,
топпен жұмыс
істегенде ком-
муникативті
дағдыларын
- Жаңа
тақырыптың
терминдерімен
таныстыру.
- Жаңа
тақырыпты
түсіндіру.
- Ақпарат
көздерімен
жұмыс жасауға
бағдар беру.
-
Оқытушының
айтқанын
тыңдау.
- Жаңа тер-
миндерді
ұғыну
- Қажетті
ақпаратты
дәптерлеріне
жазады
20
мин
№4
Қосымша
/интерактив
ті тақта/
қалыптастыру
.
5
Жаңа
тақырыпты
пысықтау
-
Студенттерді
ң жадыда
сақтау
қабілетін,
зейінділігін
дамыту,
қарым-
қатынас
мәдениетін
дамыту.
- Оқытушы
интерактивті
тақтада
дайындалған
тапсырма береді.
- Оқулықтан
тапсырма береді.
- Тапсырмаларды
орындау жолын
түсіндіреді.
- Интерактивті
тақтада,
оқулықтан
берілген
тапсырмалард
ы топпен де,
жеке де
орындайды.
30
мин
№5
Қосымша
6
Бағалау және
қорытындыла
у
Алған матери-
алды жинақ
тап қорытын-
дылау.
- Сабақтың
барлық кезеңіне
қысқаша
тоқталып,
қорытындылайды
.
- Студенттерге
өзін-өзі бағалау
қағазын
таратады. - Өзін
өзі бағалау
парағын
жинайды.
- Жақсы
орындаған
тапсырмаға
пікірін айтады.
- Таратылған
өзін-өзі
бағалау
парағын
толтырып,
оқытушыға
береді.
- Өз пікірлерін
ортаға салады
5 мин
№6
Қосымша
/интерактив
ті тақта/
7
Үйге
тапсырма
беру
Студенттерді
ң келесі
сабаққа
дайындығын
қамтамасыз
ету.
- Сабақтың
аяқталғанын
хабарлау,
кезекшілерге
тапсырма
беру
- Студенттерге
білуі керек
болған
сұрақтарды,
игеруі қажет
болған
тапсырмаларды,
әдебиеттер
тізімін
хабарлайды.
- Үйге
тапсырманы
жазады
- Жұмыс
орнын
тәртіпке
келтіреді
5 мин
№7
Қосымша
№1 Қосымша Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау теориялық білім
деңгейін ауызша сұрақтар беру арқылы бағалау
а) Студенттердің алған білімін сұрақ-жауап арқылы бақылау:
1-cұрақ. Компьютерлік графика дегеніміз не?
Жауабы: Аппараттық есептеуіш комплесктерді қолдана отырып, бейнелер мен суреттерді
өңдеу және құру
2-cұрақ. Растрлік графика дегеніміз не?
Жауабы: Дисплей экраныда жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық
бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық графика құралдарымен
жасалған иллюстрациялар компьютерге, сканер арқылы енгізіледі.
3-cұрақ. Векторлық графика дегеніміз не?
Жауабы: Векторлық графика үшін программалық құралдар, қарапайым геометриялық
элементтер негізінде құрылған бейнелерді құруға арналған. Векторлы графиканы қолдану
жұмысты безендіру болып табылады .
4-cұрақ. Фрактальды графика дегеніміз не?
Жауабы: Фрактальды графикамен жұмысқа арналған программалық құралдар
математикалық есептеу жолымен жасалатын бейнелер инерациясы үшін қолданылады.
5-cұрақ. Компьютерлік графика түрлері?
Жауабы: Растрлық, Векторлық, Фрактальдық
6-сұрақ. Компьютер көмегімен құрылған кескіндер?
Жауабы: компьютерлік графика деп аталады.
7-cұрақ. Векторлық графикалық редактормен өңделетін ең кіші бірлік элементар
объект?
Жауабы: тіктөртбұрыш, дөңгелек, доға
8-cұрақ. Компьютер қандай кодпен жұмыс істейді?
Жауабы: Екілік
9-сұрақ. Монитор мүмкіндігі (горизонталь және вертикаль бойынша нүктелер саны)?
Жауабы: әр нүктенің мүмкін болатын түстерінің саны монитордың типімен анықталады
10-сұрақ. Растрлық графикалық редактор не жасауға қолданылады?
Жауабы: сурет, диаграмма жасауға арналған.
№2 Қосымша
б ) Студенттердің білім деңгейін тестпен бақылау
І- нұсқа
1. Графикалық редактор дегеніміз?
a) Графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға,оларды өңдеуге арналған бағыттағы
программа
b) Жұмысқа арналған программалық құралдар
c) Машиналық графиканы қолдану аясы(сферы)
d) Мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданылады
e) Жауаптардың бәрі дұрыс
2. Компьютерлік графика дегеніміз не?
a) Б-ны жазу керек
b) С-ны жазу керек
c) Ақпараттық есептеуіш комплекстерді қолдана отырып,бейнелер мен суреттерді өңдеу
және құру әдістері мен құралдарын зерттейтін ақпараттанудың арнайы бөлімі
d) Е-ні жазу керек
e) Программалық құралдар
3. Растрлық графика дегеніміз не?
a) Программалық құралдар
b) Компьютерлік графика негізінен
c) Мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданады
d) С-ны жазу керек
e) Жұмысқа арналған программа
4. Фрактальды графика дегеніміз не?
a) Б-ны жазу керек
b) А-ны жазу керек
c) Е-ні жазу керек
d) Жұмысқа арналған программалық құралдар математикалық есептеу жолымен жасалатын
бейнелер инерциясы үшін қолданылады
e) Дұрыс жауабы жоқ
5.Компьютерлік графика дегеніміз?
a) Д-ны жазу керек
b) Компьютер көмегімен құрылған кескіндер
c) Компьютерлік модельдеу
d) Презентация мультимедясы
e) Үйрететін программалар
6. Векторлық графика дегеніміз?
a) Үш өлшемді графика
b) Программалық құрамдар,керісінше қарапайым геометриялық элементтер негізінде
құрылған бейнелеуді құруға арналған
c) Жұмысқа арналған программалық құралдар
d) Е-ні жазу керек
e) Мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданады
7. Компьютерлік графиканың түрлері?
a) Математика,физика,алгебра
b) Векторлық,фрактальды
c) Векторлық графика,растрлық графика,фрактальды графика
d) Е-ні жазу керек
e) А-ны жазу керек
8. Әр символдық ақпараттың салмағы?
a) 1пиксельге тең
b) 16,77битке тең
c) 8 битке немесе 1байтқа тең
d) 1байт немесе 1пиксельге тең
e) 1битке тең
9. Шеңбер дегеніміз?
a) Векторлық графиканың координаталары
b) Центрінің координаталарымен және радиусының ұзындығымен беріледі
c) Ақпарат көлемін растрлық түрде кескіндеу
d) Векторлық графикалық редактормен өңделетін ең кіші элемент
e) Сызбатуралы ақпарат арнайы программалармен өңделеді
10. Доға дегеніміз?
a) Е-ні жазу керек
b) А-ны жазу керек
c) Басы мен соңының координаталарымен,центрімен және радиусымен беріледі
d) Б-ны жазу керек
e) Д-ны жазу керек
ІІ-нұсқа
1. Компьютерлік графика дегеніміз не?
a) Б-ны жазу керек
b) С-ны жазу керек
c) Ақпараттық есептеуіш комплекстерді қолдана отырып,бейнелер мен суреттерді өңдеу
және құру әдістері мен құралдарын зерттейтін ақпараттанудың арнайы бөлімі
d) Е-ні жазу керек
e) Программалық құралдар
2. Доға дегеніміз?
a) Е-ні жазу керек
b) А-ны жазу керек
c) Басы мен соңының координаталарымен,центрімен және радиусымен беріледі
d) Б-ны жазу керек
e) Д-ны жазу керек
3. Шеңбер дегеніміз?
a) Векторлық графиканың координаталары
b) Центрінің координаталарымен және радиусының ұзындығымен беріледі
c) Ақпарат көлемін растрлық түрде кескіндеу
d) Векторлық графикалық редактормен өңделетін ең кіші элемент
e) Сызбатуралы ақпарат арнайы программалармен өңделеді
4. Әр символдық ақпараттың салмағы?
a) 1пиксельге тең
b) 16,77битке тең
c) 8 битке немесе 1байтқа тең
d) 1байт немесе 1пиксельге тең
e) 1битке тең
5. Компьютерлік графиканың түрлері?
a) Математика,физика,алгебра
b) Векторлық,фрактальды
c) Векторлық графика,растрлық графика,фрактальды графика
d) Е-ні жазу керек
e) А-ны жазу керек
6. Векторлық графика дегеніміз?
a) Үш өлшемді графика
b) Программалық құрамдар,керісінше қарапайым геометриялық элементтер негізінде
құрылған бейнелеуді құруға арналған
c) Жұмысқа арналған программалық құралдар
d) Е-ні жазу керек
e) Мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданады
7. Фрактальды графика дегеніміз не?
a) Б-ны жазу керек
b) А-ны жазу керек
c) Е-ні жазу керек
d) Жұмысқа арналған программалық құралдар математикалық есептеу жолымен жасалатын
бейнелер инерциясы үшін қолданылады
e) Дұрыс жауабы жоқ
8.Компьютерлік графика дегеніміз?
a) Д-ны жазу керек
b) Компьютер көмегімен құрылған кескіндер
c) Компьютерлік модельдеу
d) Презентация мультимедясы
e) Үйрететін программалар
9. Графикалық редактор дегеніміз?
a) Графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға,оларды өңдеуге арналған бағыттағы
программа
b) Жұмысқа арналған программалық құралдар
c) Машиналық графиканы қолдану аясы(сферы)
d) Мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданылады
e) Жауаптардың бәрі дұрыс
10. Растрлық графика дегеніміз не?
a) Программалық құралдар
b) Компьютерлік графика негізінен
c) Мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданады
d) С-ны жазу керек
e) Жауаптардың бәрі дұрыс
Тест эталоны:
I нұсқа II – нұсқа
1. a 1. c
2. c 2. c
3. c 3. b
4. d 4. c
5. b 5. c
6. b 6. b
7. c 7. d
8. c 8. b
9. b 9. a
10. c 10. c
10 дұрыс жауап «5»
9 - 8 дұрыс жауап «4»
7 - 6 дұрыс жауап «3»
5 және ↓дұрыс жауап «2»
№3 Қосымша
Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет
қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз /ыңғайсыз/. Егер ақпарат көлемі өте үлкен болған
жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау іс жүзінде мүмкін емес. Ең тиімдісі, бірнеше
компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Әлеуметтік
пенде болғандықтан, адам әрқашанда өзі сияқтылары мен араласу тәсілдерін іздестіреді.
Соңғы кездегі интернет желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып,
планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттың
көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің кейінге пайдалана алынатыны қуантады. Қазірде
интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті
«күніңізге» айналып барады.
Сабақтың тезистері:
Негізгі ұғымдар;
Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу;
Компьютерлік желілер түрлері;
Желілердің классификациясы;
Internet желісі.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір - біріне енгізілген үш ішкі жүйлердің
жиынтығын құрайды.
Жұмысшы станциялар желісі.
Серверлер желісі.
Мәліметтерді берудің негізгі желісі.
Егер желіде сервер болмаса онда компьютерлік желілерді бірдәрежелі деп атайды
немесе егер желіде сервер болса, екі дәрежелі деп аталады.
Жұмысшы станциялар желісі - олардың арасындаға желі арқылы сервермен және
өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны,
абоненттік орын, терминал) - компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.
Серверлер желісі - серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және
өзара байланыстыратын желі. КЖ-нің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс
станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды.
Мәліметтерді тасымалдаудың негізгі желісі - серверлер арасында мәліметтер
тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні
деп - коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады.
Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны
абонентке баратын каналға жібереді. Мәліметтерді тасымалдаудың негізгі желісі
компьютерлік желілердің ядросы болып табылады және ол компьютерлерді, басқа
құрылғыларды байланыстыруды жүзеге асырады.
Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі топологиясы деп атайды.
Желі топологияларының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық,
жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады.
Желінің түрлері. Желінің екі түрі бар: жергілікті желі және ауқымды желі.
Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп
аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген
байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.
Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда
оны ауқымды желі деп атайды.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де
компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:
мәліметтерді;
хабарларды;
принтерлерді;
факстік аппараттарды;
модемдерді;
басқа да құрылғыларды.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ
қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс
жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта
шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне
байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен, сау желілердің өзара байланысы жылдам
қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен Іnternet тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. Интернет көптеген байланыс
желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Браузер арқылы кез келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін
«Адрес» деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Enter пернесін басу қажет немесе «Адрес»
өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырмасын басып, шыққан тізімнен керектісін
таңдап алған жөн. Керекті адресті «Таңдамалар» батырмасы арқылы да тізімдер ішінен
тауып алуға болады.
Браузермен жұмысты аяқтау үшін «файл» менюінің «жабу» пунктін орындау керек.
Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Х» батырмасын пайдаланса да болады.
Интернет ішінен керекті ақпаратты іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті
қарастырып өтейік. World Wide Web, яғни «дүниежүзілік өрмек» ақпарат іздеп бүкіл
дүниежүзіне «электрондық саяхат» жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі
кездегі әртүрлі ақпарат алуға болатынын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі.
Интернеттің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Гипермәтін деген не. Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын
қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол
гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік
байланыс арқылы тез өтуді қамтамасыз етеді.
№4 Қосымша Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау Студенттердің
білімін ауызша сұрау және тапсырмалар беру арқылы пысықтау.
а/ Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:
1-cұрақ. Жергілікті желі дегеніміз не?
Жауабы: Жергілікті желі бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін
пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара
қосылған бірнеше компьютер тобы.
2-cұрақ. Жергілікті желі қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті
желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі
құжаттарды басып шығара алады.
3-cұрақ. Компьютерлер жергілікті желіге қандай құрылғылардың көмегімен
біріктіріледі?
Жауабы: Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік
бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға
сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады.
Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер
алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады.
4-cұрақ. Жұмыс үстеліндегі қандай белгіше жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған?
Жауабы: Жұмыс үстеліндегі Желілік орта белгішесі
5-cұрақ. Жергілікті желіде қажет компьютерді қалай табуға болады?
Жауабы: Желідегі компьютерді іздеу үшін мына әмірлерді қатарымен орындау қажет:
Бастау – Іздеу – Компьютерлерді не адамдарды – Желідегі компьютерді. Іздеу жолына
компьютердің атауын енгізу және Іздеу батырмасын басу керек
6-cұрақ. Қандай жағдайда өзге пайдаланушыларға қалта мазмұнын өзгертуге мүмкіндік
беріледі?
Жауабы: Егер өзге пайдаланушылар осы қалтадағы файлдарды өзгерте алуын қаласаңыз,
яғни, толық ортақтасуды ашқыңыз келсе, Желідегі пайдаланушыларға файлдарымды
өзгертуге рұқсат беру құсбелгісін орнатып, Қолдану батырмасын басыңыз.
7-cұрақ. Internet желісіне қосылуды баптау үшін қандай әмірлер қолданылады?
Жауабы: Internet желісіне қосылуды баптау үшін (Windows 2003 нұсқасы үшін) Бастау
батырмасын басып, Баптау Басқару үстелі Желілік қосылымдар Жаңа қосылым
жасау шебері әмірлерін таңдап, пайда болған терезеде Келесі батырмасын басу керек.
8-cұрақ. Интернет қызметін ата?
Жауабы: Желідегі компьютерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы,
жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана қаталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,
суреттерді дыбыс клиптерін, бейнелерін және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық
ақпаратты ала аласыз.
9-cұрақ. Интенет дегеніміз не?
Жауабы: ИНТЕРНЕТ желі ғана емес, ол– желілердің желісі. ИНТЕРНЕТ-ке қосылу
дегеніміз басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген
сөз.
10-cұрақ. Интернетке қалай қосыламыз?
Жауабы: Бүкіләлемдік желіге қосу үшін мекемелермен келісім-шартқа отыру. Ол үшін
қажетті адрес пен парольді ұсыну керек (ақпараттық бөлік).
11-cұрақ. Модем арқылы қалай қосылым жасаймыз?
Жауабы: Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып,
онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Пакеттер
коммутациясы ақпараттарды тұрақты құрылым-ды қысқа пакеттер түрінде алмасуын
ұймдастырады.
№5 Қосымша
б/ Студенттердің компьютерде орындайтын тапсырмалары:
1-тапсырма: Браузерді қосып, Google.kz сайтына кіріп, Терапия пәнінен /тынысалу
мүшесі жүйелерінің зақымдалу семиотикасы және зерттеу әдістері / тақырыбында
материал жинап, «Емдеу ісі» - бумасын құрып, сол буманың ішіне ақпаратты
сақтаңыз.
2-тапсырма: Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау:
№6 Қосымша Сабақты қортындылау Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру
арқылы қорытындылау.
/ Студенттердің алған білімін интерактивті тақтаны ашып көрсете отырып қорытындылау/.
№7 Қосымша Үйге тапсырма беру Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға
сұрақтар және тапсырмалар беру.
Тақырыбы: Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы. Компьютерлік
желілердің классификациясы. Internet
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Компьютерлік желі дегеніміз не? Оның түрлері.
Желі класси.
Жергілікті және ауқымды желілердің ерекшеліктері.
Интернеттің негізгі қызмет баптарын атап шығыңдар.
Интернетке қалай қосылуға болады?
Интернеттен ақпарат алу қалай орындалады?
Браузер қандай қызмет атқарады?
Internet Explorer бағдарламасы көмегімен Интернеттегі мәліметтердің бірінен біріне қалай
ауысуға (навигация жасауға) болады?
World Wide Web жүйесінде қалай ақпарат іздеуге болады?
Интернеттен мәлімет алу және жөнелту істерінің ерекшеліктері қандай?
Outlook Express бағдарламасының жұмыс ерекшеліктері ше?
Гипермәтін деген не?
Тапсырмалар:
Тақырыпқа сай интернетті пайдаланып, материалдар көшіріп және әдеби кітаптардан
қосымша материалдар әкелу.
Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
/ Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова /
Оқулық – Алматы 2014, 352 бет.
2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-
сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана,
2014 ж.
3. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы
10-сыныбына арналған оқулық Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А.,
Астана, 2014 ж.
4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013 ж.
5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144 бет
6. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007 ж.
7. Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары
сыныптарға оқу құралы. Microsoft Excel –зертханалық оқу құралы, Балафанов Е.Қ., Бөрібаев
Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер
1. Стив Джонсон Windows Office 2007. Пресс 2009 г.
3. Алексеев А.П. Солон Информатика. 2002 г.
4. Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах. Петербург 2002 г.
5. Праффенберген Б. Эффективная работа с Ms Internet Explorer. Санкт-Петербург 1998 г.
WEB сайттар тізімі
3. Ustaz@ mail.kz
5. www.Google.ru