Конспект урока "Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік"

Сабақ жоспары №
Күні_______________ Пән __Информатика __________тобы_______________________
Оқытушының аты жөні Ахметжанова Гулнар Сайлаухановна
І. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік
Сабақтың типі жаңа білім меңгеру сабағы
1.Мақсаты: оқушыларға Microsoft Word 2013 мәтіндік процессордың қызметі мен міндеттерімен
таныстыру. Мәтінік процессордың терезесімен және де қосымшаларымен жұмыс жасауды
үйрету
2. Міндеттері:
а) білімдік: мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін үйрене отырып, мәтіндік
ақпараттарды форматтау режімдерін меңгеру;
ә) тәрбиелік: еңбек әрекетіне, өзбетінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктерін дамыту;
ІІ. Күтілетін нәтиже
а) оқушылар білу керек : Microsoft Word –тың негізгі нысаналары мен оның басқару жодарын
ә) оқушылар құндылық бағдары болуы: Оқушылардың ақпараттық технологиялар
шығармашылық белсенділігін арттыру, КТ ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу
б) оқушылар меңгеру керек: Microsoft Word пен жұмыс жасауды, мәтін теруді, оларды пішімдеуді
ІІІ. Құралдар: Дербес компьютер, тапсырмалар парағы, сенсорлық тақта, терминологиялық
сөздік
САБАҚ ЖОСПАРЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білім, білік, дағдыларды актуализациялау
- Баяндама қорғау
- Видео сұрақ
- Венгр сөзжұмбағы
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
ІV. Қорытындылау. Бағалау
V. Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
Ход урока:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Қайталау: Баяндама қорғау “Антивирус бағдарламаларының түрлері
Интерактивті тақтадағы видеосұрақтарға жауап беру.
1-сұрақ: Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар қалай аталады?
Жауабы: Компьютерлік вирустар
2-сұрақ: Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
Жауабы: 3
3-сұрақ: Макровирустар деген не?
Жауабы: Құжат файлын ашқанда жұғатын вирус
Венгр сөзжұмбағы
Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив,
жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
text document -текстовый документ- мәтіндік құжат
text editing- редактирование текста- мәтінді түзету
text editor - текстовый редактор- мәтіндік редактор
word processor -текстовый процессор – мәтіндік процессор
text file -текстовый файл-мәтіндік файл
text formatting - форматирование текста- мәтінді пішімдеу
thrоw up -выделение текста- мәтінді ерекшелеу
yank -копировать текст в буфере- буферге мәтінді көшіру
- Жазабаша түрде ең жиі кездесетін тапсырмаларды атап өтіңіздер. Енді, осы жазба жұмыстарын іске
асыру үшін қандай құралдарды қолданамыз?
Мысалы, қарындаш, қалам, жазу машинасы, яғни бұл құралдарды жазуда қолданамыз.
Сондай-ақ жазуға қажетті құрал мәтіндік процессоры бар компьютер. Мәтінді қазіргі кезде
компьютермен өңдейді. Себебі компьютердің мәтінмен жұмыс жасаудағы мынадай
артықшылықтары бар:
1. Мәтіндік ақпараттарды өзгерту, көбейту және көшірудің жеңілдігі.
2. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауы.
Енді мәтін, мәтіндік құжат, мәтіннің құрылымы, мәтіндік файл, мәтіндік редактор ұғымдарымен
танысып алайық.
Мынадай сұраққа жауап беріңіздер. Мәтін деген сөзді қалай түсінесіңдер? Мәтін –компьютерлік
алфавит символдарының кез келген тізбегі. Компьютерлік алфавитте 256 символ болады. Мәтін
сонымен бірге табиғи тілдердің (орыс, қазақ және т.б.) бірінің симводарынан, сондай-ақ
математикалық, физикалық формулалардан, сандық кестелерден және т.с.с. құрылуы мүмкін.
Мәтіндік редактор көмегімен жасалған файл мәтіндік құжат деп аталады. Ол алфавиттік-цифрлық
символдарды, графикалық обьектілерді және мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпаратты қамтуы
мүмкін.
Мәтіндік құжаттарды магниттік дискіде құруға, өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге мүмкіндік беретін
қолданбалы программа мәтіндік редактор деп аталады. Мүмкіндігі үлкен мәтіндік
редакторды мәтіндік процессор деп атайды.
Мәтіндік құжаттардың құрамында негізінен мәтіннің үш түрін ажыратуға болады: кәдімгі мәтін,
кестелік мәтін, программалық мәтін. Бірақ мәтіндік құжаттарда мәттіндік файлдарға жатпайтын
және енгізілген обьектілер деп аталатын басқа да обьектілер: сурет, график, электрондық кесте,
фотосуреттер болуы мүмкін.
Мәтіндік процессорды іске қосу үшін: Іске қосу Бағдарламалар MS Office MS Word
командасын орындау керек. Терезе мынадай элементтерден тұрады: Тақырып жолы, Мәзір жолы,
Стандартты үстел, Пішімдеу үстелі, Сызғыш, Күй жолағы, Тапсырмалар аймағы, Айналдыру
жолағы.
Мәтіндік процессор – кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, түзету,
пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде) арналған қолданбалы компьютерлік
программаның бірі.
Процессордың экраны құрамына Windows-тің стандарттық терезесінің барлық элементтері кіреді:
Ø Тақырып жолы;
Ø Жолақ;
Ø Қалып-күй жолы;
Ø Горизанталь және вертикаль айналдыру жолақтары;
Ø Терезені басқару батырмалары.
Тіркеме парақтары: Бас, Кіріктіру, Бетті белгілеу, Сілтемелер, Тарату, Рецензиялау, Түр.
Жолақтың алдында Office батырмасы орналасқан. Оның құрамына құжатты сақтау, ашу, жаңа
құжатты құру және т.б. бұйрықтар бар.
Экрандағы төменгі жол қалып-күй жолы немесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамына
құжатпен жұмыс істеу барысында өзгеріп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді.
Бұл жолы:
Жалпы құжат беттері санының ішінен ағымдағы беттің нөмірі;
Құжаттағы беттер саны;
Тіл көрсетілген.
Файлмен жұмыс істеу командалары (құжатты құру, ашу және сақтау) Office батырмасының мәзірінде
орналасқан. Құру бұйрығын таңдағаннан кейін құжатты құру терезесі пайда болады және Жаңа құру
қалпы (шаблон) таңдалады. Ештеңені өзгертпестен, тек құру батырмасын бассаңдар, жеткілікті.
Құжатты сақтау үшін жалпы қабылданған сақтау және қалай сақтау бұйрықтарын қолданады.
Информатикалық диктант: Оқушылар компьютерге отырып. Мәтіндік процессорды
іске қосып мұғалімнің айтуымен мәтінді тереді.
Менің Президентім
Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл адамды балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге
дейін біледі. Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен
үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.
Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату- тәтті,бейбіт өмір сүріп келеміз.
Қаз тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әрі қарай дамуының басында бірінші күннен бастап осы
кісі тұр. Кемені басқарған штурман да, бағыт көрсетуші де Елбасымыздың өзі, сондықтан да
мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде.
Білім алушыларға бір бірінің жазған диктанттарын тексерту
ІV. Қорытындылау. Қорытындылай келе бүгін біз Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры
танысып отырмыз. Сонымен қатар программаның маңызымен танысып өттік. Бағалау
V. Үйге тапсырма. Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі оқу