Конспект занятия "Компьютерлік вирустар түрлері" 10 класс
Компьютерлік вирустар – арнайы құрылған компьютерлік бағдарлама. Бұл бағдарлама өздігінен басқа
бағдарламаға қосылып өзінің көшірмесін көбейтеді. Негізгі мақсаты бумалардағы файлдарды жою, жұмыс
жасау барысында кедергі келтіру.
Вирустардың пайда болу белгілері:
- қалыпты жұмыс істеп отырған бағдарламаның дұрыс жұмыс жасамауы;
- компьютердің ақырын жұмыс жасауы;
- Амалдық жүйенің дұрыс жүктелмеуі;
- файлдар мен каталогтың жоғалып кетуі;
- файл өлшемдерінің өзгеруі;
- дискіде файлдар санының кездейсоқ көбеюі;
- компьютер жадындағы бос орындардың азайып кетуі;
- экран бетіне түсініксіз хабарламалар мен суреттердің пай да болуы;
- түсініксіз дыбыстық сигналдардың берілуі;
- компьютер жұмысының жиі-жиі тоқтап, жұмыс жасамай қалуы.
Вирустан қорғау бағдарламаларының түрлері (әсер теу деңгейіне байланысты):
- қауіпсіз (жұмыс жасауға кедергі жасамайды және жедел жады мен диск жадысының көлемін
кішіретпейді.);
- қауіпті (бағдарлама жұмысының істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін);
- өте қауіпті (бағдарлама және мәліметтердің жойылып кетуіне әкеліп соқтырады).
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен
басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ
компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа
"ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа
кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған
программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар түрлері
Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
• оқыту: оқушыларды зақым келтіруші бағдарламаларды табуды, олардың түрлерін анықтауды
үйрету.
• тәрбиелік: оқушыларды зақымдалудың алдын алу қарапайым жолдарымен таныстыру.
• дамыту: оқушыларға компьютерді вирусқа тексере білуді меңгерту.
Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: компьютерлік класс.
Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
1. Активити. Студенттерге агылшынша сөз беріледі, студенттер сол сөздерді
қазақ тіліне аударып, ол жайлы мәлімет береді.
1 1. arhive 2. file 3. virus 4. computer 5.disk
1.
Мәліметтерді қорғау түсінігі
2.
Мұрағаттау түсінігі
3.
Мұрағаттау түрлері
4.
Қандай мұрағаттау бағдарламалары бар
Жаңа сабақты түсіндіру
(мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды
жайлап алады және т. с. с.).
Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:
— резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;
— резидегатік емес вирустар.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп
жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл
вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.
Дискілерге мөлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып
жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады.
Ал, резидентгік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа
іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында
көрсетілген каталоггардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне
кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.
Бүлінген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір
файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп,
қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген програмалар мәтіні мен
құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге
вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынадай
файлдарға жұғуы мүмкін.
Компьютерлік вирустардың жіктелуі.
Жұмыс жасау қабілеті мен мақсатына байланысты компьютерлік вирустарды шартты түрде
төмендегідей жіктеуге болады:
- «Ұстауыш вирустар» - бағдарламалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді
пайдаланылады. Көлемді бағдарламаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп, бағдарламаға жабысады.
Түрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
- «Логикалық бомбалар». Ол қарапайым бағдарламаларға кіріп алып, білінбей тұрады.
- «Құрттар». Ол жүйелік бағдарламалаушылардың ақпараттық-есептеу желілерінің бос
тұрғанресурстарын анықтау бағдарламаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен-тек жұмыс істеуге
мәжбүр етеді.
- «Троян аттары». Ол қарапайым қолданбалы бағдарламаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген
әрекеттерді орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер
желілерін жайлап алады.
Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:
- «Бейсауат» - онша қатты зияны жоқ вирустар.
- «Шантаж жасаушы» - мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде
хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
- «Насихатшы» - «өзін көрсету» мақсатында жасалған.
«мағынасыз» - әсері төмен вирустар.
Вирустан қорғау бағдарламалары:
- NOD32 бағдарламалары
(Norton AntiVirus, DoctorWeb, Aidstest AntiViral Toolkit Pro … );
- Күзету бағдарламалары
(AntiVirus Toolkit Pro Monitor … );
Вирустан қорғау бағдарламары вирусқа қарсы базаны өзіне жүктейді. Бұл база ең қауіпті вирустарға
арналған.
Күзету бағдарламалары (сторож-программасы) вирусты көрген кезде төмендегідей хабарлама
шығады. Бұл хабарлама шыққаннан кейін дереу хабарламада не жазылады соны істеу керек.
Вирусты көрген жағдайда вирустан қорғау бағдарламасының терезесі төмендегідей болады.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы
Тапсырма 1. SINKAZ электрондық оқулығындағы №4 модульдегі тапсырмаларды орындау.
Тапсырма 2. SINKAZ электрондық оқулығындағы №4 модульдегі тест тапсырмаларына жауап беру.
Жаңа тақырыпты бекіту
1.
Вирус деніміз не?
2.
Вируспен зақымдалған компьютердің қандай негізгі белгілері бар?
3.
Вирустар қандай белгілерімен бөлінеді?
4.
Компьютер вирустарпен қалай зақымдалады?
5.
Файлдық вирустар дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау
• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
Үйге тапсырма беру
Вирустардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Антивирустық бағдарламамен жүмыс
Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
• оқыту: оқушыларды мәліметтерді мұрағаттауға үйрету. «Компьютерлік вирустар және
деректерді мұрағаттау» тақырыбы бойынша білімдерін бағалау.
• тәрбиелік: диск жадын дұрыс үнемдеуді және мұрағаттауды білу.
• дамыту: мұрағаттау және мұрағаттан шығу технологиясын меңгерту.
Оқыту әдісі: көрме, модулдік оқыту.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: компьютерлік класс.
Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. Информатика. М. Қ. Байжұманов, Л. Қ. Жапсарбаева. Астана, 2004 ж.
2. Балапанов Е. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, 2000.
Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
1.
Вирус деніміз не?
2.
Вируспен зақымдалған компьютердің қандай негізгі белгілері бар?
3.
Вирустар қандай белгілерімен бөлінеді?
4.
Компьютер вирустарпен қалай зақымдалады?
5.
Файлдық вирустар дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру
Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі
себептермен магниттік дискідегі ақпаратты жоғалтып
немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін және файлдардың
көлемін кішірейтуге (сығуға) тура келеді. Осындай
жағдайларда шығынды азайту үшін файлдардың
мұрағаттық көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде
жаңалап отыру керек.
Мұрағаттаушы –
дискідегі орынды
үнемдеу үшін файлдың көлемін
кішірейтіп сақтауға мүмкіндік
беретін бағдарламалар тобы.
Файлдарды мұрағаттауға
арналған бағдарламалардискідегі файлдар көшірмесін
қысылған күйде мұрағаттық бір файлға орналастыруға,
кейіннен файлды мұрағаттан шығарып алуға, мұрағат
мазмұнын көруге және т.б. істер атқаруға мүмкіндік
береді. Мұрағаттық бағдарламалар бір-бірінен қысылған
файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен,
мұрағатқа орналастырғандағы файлды қысу деңгейі
сияқты әртүрлі мүмкіндіктермен айрықшаланады.
Кең таралған мұрағаттаушы тобына ARG, RAR,
PKZIP және PKUNZIP т.с.с.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы
Тапсырма:
1. USB портқа флеш-карта салып, вирусқа тексеріңіз.
2. Менің құжаттарым бумасын ашып, кез келген файлдың көлемін көріп шығыңыз.
3. Осы файлды ARJ мұрағат бағдарламасының көмегімен мұрағаттаңыз.
4. Құрылған мұрағаттық файлдың көлемін көріңіз.
5. Екі файлдың қандай айырмашылығы бар, түсіндіріңіз.
6.Ағымдағы бумаға мұрағатты файлды алғашқы қалпында шығарыңыз.
7. Arxiv файлын құрып, оған екі файлды енгізіңіз.
8. Мұрағаттан бір файлды өшіріп тастаңыз.
• Бақылау жұмысы (тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер).
.
Жаңа тақырыпты бекіту
1.
Мұрағаттау деген не?
2.
Деректерді мұрағаттау не үшін керек?
3.
Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?
4.
Көлемі қысылған файл бастапқыдан немен ерекшелінеді?
5.
Мұрағаттан қалай шығаруға болады?
Сабақты қорытындылау
• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
Үйге тапсырма беру
Ақпаратты қорғау әдістері. Мәліметтерді архивтеу.
Информатика - еще материалы к урокам:
- Тест "Архитектура персонального компьютера" 11 класс
- Тест "Основы компьютерной графики"
- Тест "Основные характеристики операционных систем" 11 класс
- План - конспект урока "Управление и алгоритмы" 9 класс
- Конспект урока "Языки программирования" 9 класс
- Самостоятельная работа "Свойства логических операций" 8 класс