Конспект ОУД "Ересектер еңбегі. Жымию күні"
Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Социум.
Пән/Предмет: Қоршаған ортамен таныстыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Нан қайдан келді?»
Тақырыбы/Тема: «Ересектер еңбегі. Жымию күні»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды ересектердің еңбегімен
таныстыруда отбасының рөлі, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін және құрмет
сезімдеріне тәрбиелеу.Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: балаларды үлкендердің еңбегімен
таныстыра отырып, жауапкершілік, шығармашылық сезімдерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балаларды ересектердің еңбектері жайлы білімдерін
ойын, еңбек, бейнелеу іс-әрекеттерінде бекіту. Балаларды ересектердің
еңбектеріне қатыстыру. «Жымию күні» мерекесі жайлы түсінік қалыптастыру.
Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, Қазақ
халқының дәстүрлі киіз үйімен ондағы заттармен олардың міндеттерімен
және салттары мен дәстүрлерімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді
тақта, суреттер, карточкалар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Сиқырлы сандықшаның ішінен хатты алып шығамын.
Балалар бізде бүгін ерекше күн болмақ. Бізді бүгін барлығымызды егіс
алқабына ересектердің еңбегімен танысу үшін саяхатқа шақырту жіберіпті.
-Дайынбыз ба? Саяхатқа немен барсақ болады?
-Дұрыс , біз көппіз сондықтан да автобуспен барамыз.
Билингвалдық компонент: еңбек- труд
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін. Әже
киіз үйдің құрал – жабдықтарымен таныстырып, қазақ халқының салт –
дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы мол мағлұмат береді.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ және есігі сықырлауық деген бөліктерден
тұрады .
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол
уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақтың көздері болады ,
оған уықтың жіңішек ұшы кіріп тұрады.
Кереге - киіз үйді тіккен кезде алдымен керегені жаяды Керегенің биіктігі екі
метрдей болады. Керегенің әр бөлігін - қанат деп атайды.
Уық – кереге мен шаңырақты жалғап тұрады.Уық сәл иіліп келеді.Уықтың
керегеге байлайтын ұшына жіп есіп тағады, оны уықбау деп
атайды.Шаңыраққа қадайтын ұшы жіңішке болып келеді
Киіз үйдің ағаш есігін – сықырлауық деп атайды.Ол киіз үйдің ішіне қарай
ашылады.
Сықырлауықты ою- өрнекпен әшекейлейді.
Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.
Киіз үйдің ішкі көрінісімен таныстыру.
Сандық -киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан
жасалған бұйым. Жастықағаш - жер төсекте жатқан адамның басын
биіктету үшін жастықтың астына қоюға ыңғайлап жасалған тиянақ ағаш.
Ағаш төсек - адамның жатып тынығуы үшін пайданылатын үй жиһазы.
Сырмақ- киізден сырып, оюлап жасалғантөсеніш.
Текемет - бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз.
Тұскиіз – жарға ілуге арналған, бархыт матасынан ою – өрнектерді қиып,
киізге көмкеру арқылы тігіп жасаған.
Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап»
Киіз үй бөліктерін атап, тақтаға бір – бірден орналастырады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Киіз үй кімдердің баспанасы?
Киіз үй қандай?
Қазақ халқы киіз үйді қалай безендіреді?
Киіз үйде нелер болады?
Киіз үйдің ішкі көрінісі қандай?
Балаларды мадақтау.