Конспект занятия "«Ойнайық та, ойлайық» (Ересектер тобы)"

ҚМҚК «Дәншік» балабақшасы
«Ойнайық, та ойлайық...» атты
математика пәніне арналған сайыс
сабағы.
«Айгөлек» тобы
Дайындаған: тәрбиеші:
Акимжанова Б.Е.
Самар ауылы
2015 жыл.
Математикадан сайыс сабақ.
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (Ересектер тобы)
Сабақтың мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан
бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші?
деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта,
жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта
білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз,
кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерінатап білу. Логикалық ойлау
қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез
ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.Алғырлыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Әдіс тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық,
логикалық ойындар.
Көрнекілік: Математика ханшасы, эмблемалар, жұлдызшалар,
қиылған геометриялы пішіндер, слайд суреттері.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.
Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа
көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Т/ші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
-Қыс айларын кім атап береді?(1 бала айтып береді)
-Қазір қай ай?(ақпан)
-Ал апта күндерін кім маған атап береді?(1 бала атап береді)
-Бүгін аптаның қай күні?(бейсенбі)
-Ол нешінші күн?(төртінші)
-Бүгін мен балабақшаға келгенде топқа хат келіп қалыпты. Ол
Математика ханшасынан екен. Бұл хатта бізге көп тапсырмалар беріліпті,
соңы орындасақ, ол бізге сыйлықтар береді екен.
Т/ші: Бәрекелді, олай болса тең екі топқа «Алғырлар» мен
«Тапқырлар» болып бөлінейік. Қане әр топ өздерінің ұрандарын айтсын.
1. «Алғырлар»-тобы:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Сабақты да жақсы оқып,
Мектепке де барамыз.
2. «Тапқырлар»-тобы:
Біз әдепті баламыз,
Оттай болып жанамыз.
Сұрақ қойса ойланып,
Дұрыс жауап табамыз.
Балалар екі топқа бөлінеді.
-Ал тапсырманың барлығын жақсы орындау үшін көздерімізге
жаттығу жасап алайық.
Тәрбиеші: Менің тапсырмаларымды тез, әрі дұрыс орындасаңдар
мен сендерге жұлдызша беремін.
1. Тапсырма: «Кім шапшаң
а) 1 мысықтың аяғы нешеу?
б) 2 сиырдың неше мүйізі бар?
в) Ағашта төрт құс отыр,оған бір құс келіп қосылды.Ағашта қанша
құс отыр?(5)
г) Көгалда 5 қоян жүр,біреүі кетіп қалды, нешеу қалды?
а)Сенбіден кейін аптаның қай күні болады?
б) Сейсенбіден кейін аптаның қай күні болады?
Қай топ сұраққа көп жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі.
-Балалар есеп дегеніміз не? Ол неден құралады? (шарты, сұрағы,
жауабы)
-Дұрыс, балалар сендерге тапсырма беріледі:
2. Тапсырма: Ойын: «Есепті құрастыр. Балалар суретке қарап, есеп
құрастырып беру керек.(Әр топ кезекпен)
Аймақтық компонент: Осындай әдемі шыршалар біздің
аймағымызда бар ма?
3.Үй тапсырмасы: Әр топ бір біріне есеп жасырып береді,
қарсыласшылар жауабың табады.
4. Тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау» (Слайдтан сурет көрсетіледі).
Балалар мынау не? (Тоғай). Балалар тоғайдың оң жақ, сол жағында,
жоғары, төменінде не орналасқанын айтады.
5. Тапсырма:«Уақытты бағдарлау».Жұмбақтар шешу.
а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз.
Бұл қай кезде болады? (Таңертең)
б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз,топқа
кіреміз тамақтанамыз. Бұл қай кезде болады? ( Күндіз)
в) Күн батады қызарып,мамамыз келіп балабақшадан алып кетеді.
Бұл қай кезде болады? (Кеш)
г) Үйлерде шам жанады,төсекке жатып ұйқыға батамыз бәріміз. Бұл
қай кезде болады? (Түн)
Сергіту сәті:
6.Тапсырма: «Ойлан,тап...» ТРИЗ элементтері бойынша берілген
тапсырмалар.
7. Тапсырма: «Ретімен тұрған құыршақтарды тауып көр.
8.Тапсырма: Геометриялық пішіндермен аңдарды құрастыр.
9.Тапсырма:Ең биік және ең ұзын затты тап.
10. Тапсырма: «Аз ба? Көп пе?» деген ұғымдарды аңықтау.
11.Тапсырма:Сандарды кім тез ретімен орналастырады.
Қостілдік компонент: 1-9 ға дейін санап берулерін сұрау.
12. Тапсырма: Дидактикалық ойын: «Көршілес санды тауып көр?»
Математика ханшасы: Сәлеметсіз бе, балалар! Мен-математика
ханшасымын, сендерді көруіме өте құаныштымың. Сендер менім хатымды
алдыңдар ма? Менім тапсырмаларымды орындадыңдар ма? Олай болса мен
сендерге сыйлықтар алып келдім.Оны сендерге апайларың таратып береді.
Сендерге көп рахмет! Ал енді мен сендермен қоштасамың ! Сау болыңдар!
Балалар ханшамен қоштасады.
Сабақты қорытындылап, мадақтау.