Конспект урока "Бүкіләлемдік мысықтар күні"
Тақырыбы: «Бүкіләлемдік мысықтар күні».
Мақсаты:Балалардың «Бүкіләлемдік мысықтар»тақырыбында білімдерін терендету,қоршаған орта
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Балалардың ақыл-ойын, түсінігін,білімін,мысықтар туралы білімін,қызығушылығын зейінін
дамыту;
• Адамгершіліке,мысықтарды аялай білуге жетелеу;
• Мысықтарды қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;
Қолданатын көрнекті құралдар:Тақырыпқа байланысты суреттер.
Күннің бірінші жартысында өткізілетін іс-шаралар:
Кіріспе әңгіме.
Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін тек көктемнің бірінші күні болғандықтан емес, сонымен қатар бүгін
«Бүкәләлемдік мысықтар күні». Барлық үй жануарларының ішінде мысық- ең құпиясы мол. Сендер
мысықтардың адамның қасында бірнеше мың жылдар бойы тұрып келе жатқаның білесіңдер ме?
Адамның табынушылары бар құдайға да, қара күш иесі- шайтанға да, бақыт әкелетін бойтұмарға да
жатқызған. Ежелде адам мысықтарды аулап, етін жеп, терісін киім еткен. Бірақ мысықтардың
кеміргіштердің көзін оңай құртатының байқап, адамдар оларға басқа ниетпен қарай бастады.
Қызықты мәлімет:
Англияда Йода есімді төрт құлақты мысық өмір сүреді. Оның иелері Тед және Валерий Рок мысығын
түрлі жануарлар дәрігерлеріне көрсеткенінде, мысықтың артық құлақтарының болғаны болмаса,
оның ақыл-есі дұрыс, есту мүмкіндігі де ойдағыдай екендігін айтқан екен.
Америкада Даниэль есімді 26 саусақты мысық өмір сүреді
Мысықтар тек адамдардың назарын өздеріне аударту үшін ғана мияулайды екен.
Мысықтың адамды тістеп алуы өте қауіпті. Соның кесірінен жылына жүзден аса адам көз жұмады.
Мысықтардың көру мүшесі адамдардың көру мүшесіне қарағанда жақсы жұмыс істейді. Өйткені
олар қараңғыда да көздері жанып, біз көрмейтін заттарды көз нысанасына ала алады.
Күннің екінші жартысында өткізілетін іс шаралар.
Жұмбақ шешу
Тонын кие туған
Жалап бетін жуған
( Мысық)
Мысық пен тышқан
Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны
бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.
Васька әппақ қарасақ,
Құйрығы сұр тамаша-ақ,
Жебедей-ақ ұшады,
Көзін жаймен қысады.
Тырнақтарын үндемей,
Ашқан кезде инедей,
Тышқандардың тықырын,
Васька естісе ақырын,
Аңдып аулап алады,
Васька біздің жарады.
«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі
бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді
де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын
кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді. Егер мысық
тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.
Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің
сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін
жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді
Қорыту.
- Балалар мысық туралы не білесіңдер?
Үй хайуанаты
-Мысық не аулайды?
Тышқан аулайды
Мысық не ішкенді ұнатады?
Мысық сүт ішеді