Конспект урока "Халық батырлары" 3 класс
Алматы қаласы,Жетісу ауданы
№148 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі
Есенбаева Дамегүл Жамбылқызы
Пәні: Дүниетану Күні:
Сабақтың тақырыбы: Халық батырлары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен батырды
еске алу, олардың жасаған ерлікке толы істері туралы әңгімелеу.
Жоңғарлармен шайқаста ерлік істерімен даңқы шыққан қазақтың атақты
батырлары жайында баяндау.
2.Дамытушылығы: Қосымша деректер арқылы оқушылардың білімдерін
дамыту. Оқушылардың жеке іздене білуі мен бірлесіп жұмыс жасау
дағдыларын жетілдіру.
3.Тәрбиелілігі: Отансүйгіштікке, туған елге деген патриоттық сезімдерге
тәрбиелеу және қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту
Сабақтың әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап, ой қозғау, миға шабуыл,
шығармашылық ізденіс, топтық әдіс,топтастыру әдісі
Пән аралық байланыс: Қазақстан және дүние жүзі тарихы, әдебиет,
математика
Сабақтың көрнекілігі: карта, , слайдтар топтамасы, альбом, көрме бұрышы,
электронды оқулық, ведиофильм,интерактивті тақта
Сабақтың өтілу барысы:
І. Сабақты ұйымдастыру кезеңі
1.Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамассыз
ету.
2.Оқушылардың қарым-қатынас психологиясын дайындау.
Мен – қазақ,
Қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі,
Өзім қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
III.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1.Сабақтың жоспары:
1. Қазақ халқының қалыптасуы туралы әңгімелеу
2.Жоңғаралар шапқыншылығы
3.Халық батырлары
2.«Жас деректанушы» тағылымдық сәйкестендіру тесті
3.Картамен жұмыс
III. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі:
4. Ой қозғау
-Осындай кең байтақ жерімізді,ар-ұжданымызды қаптаған қалың жаудан
қорғаған кімдер екен?
5. ( «Жау жүрек мың бала» фильмінен үзінді)
-Кино үзіндісінен не байқадыңдар?
-Енді осы атақты үш би қай қандық тұсында болған?
-Абылай ханның тұсында болған қандай батырларды білесіңдер?
6.Топқа бөлу
1-топ:Бөгенбай батыр
2-топ:Қабанбай батыр
3-топ:Райымбек батыр
- Осы батыр атына лайық болып білім әлемінде өз ерліктерімізді көрсетуге
тырысайық
7.Мәтінмен жұмыс
Іштей көз жүгіртіп оқимыз
Жоңғар
мемлекеті
ХҮІІ ғасырдың 30 жылдарында Батыс Моңғолияда
құрылған әскери- феодалдық мемлекет
Мемлекетті
басқарушы
Қоңтайшы
Әскері
Күшті, мықты, қуатты болды.
Қазақ жеріне
шапқыншылығы
ХҮІІ ғасырдың бас кезінен бастап, ХҮІІІ ғасырдың
ортасына дейін, яғни 150 жылға созылды.
Жоңғарлар жасаған жойқын жорықтар салдарынан қазақ
халқы үштен екісінен айырылды.
1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ең ауыр
кезең болды.
Біз тарих тағылым сабағында осы батырларымыз туралы қосымша
деректемелер тауып келу тапсырылған.Сол білімдерімізді ортаға салсақ.Кім
дайындалып келді?
(оқушылар батырлар жайлы сөз қозғайды)
1- Бөгенбай батыр
2- Қабанбай батыр
3-Райымбек батыр
8.Топтық жұмыс
Қазақтың әр батырына халық бір есім берген.Осының себебін
анықтайық.Әр топ өз батырларының есімдерін топтастыру стратегиясы
бойынша жұмыстарын қорғайды
1-топ:Бөгенбай батыр
2-топ:Қабанбай батыр
3-топ:Райымбек батыр
9.Сергіту сәті «Сандар сөйлейді»
1. 2800:2+292 =1692 (Қабанбай батырдың дүниеге келген)
2. 4000:2+780=1680 (Бөгенбай батыр дүниеге келген)
3. 7800:3-895=1705 (Райымбек батыр дүниеге келген)
10.Топтық жұмыс
1-топ: Батырлардың қару жарақтарын бейнелеп салу
2- топ: Қазақ батырларының есімімен аталатын мәдениетті орындар ,көше,
ескерткіштер жайлы сөйлейміз
3-топ: Батырлардың жоңғарға қарсы соғысуының себебі неде?
IV.Жаңа білім және іс-әрекеттер амалдарын қорытындылау,жүйелеу
кезеңі:
-Осындай ұлы батырларымыздың ескерткіштерін,мұнарасын ,олардың
жатқан жерлерін біздің қазақ халқы пір тұтқан.Ендеше өздеріңіз айттып
кеткен батырларымыздың ішінде әулие батыр кім?
-Райымбек батыр
( «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді)
-Батырларымыздың сан ғасырлар бойы «Тәуелсіздік» деген арманға
Н.Ә.назарбаев жеткізді.Біздің қазақ халқы батыр мен хандарды әулие
тұтқан.Елбасымыздың ата-анасын батырдың рухы қолдап,оларға ұл ғана
бермей,сан ғасырлар бойы армандаған арманымызға жеткізетін қазақ
халқының маңдайына Н.Ә.назарбаевтай азамат берген.
Яғни, бұл сабағымыз қазақ қазақ болғалы еліміздің тәуелсіздігі үшін
күрескен батыр бабаларымызға арналады.
-Елін,жерін қорғаған батырларымыздың рухына тағзым етейік
-Сыныпта ұйымдастырылған кітаптар қорымен толықтай, тереңірек сабақтан
тыс уақытта мектеп кітапханасынан танысуларыңызға болады
V.Үйге тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі :
1.Оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын,мазмұнын орындау тәсілін
түсінідіру.
2.«Тәуелсіздік - тұғырың, Егемендік - елдігің» тақырыбында эссе жазып келу
3.Буклет жасау
VII. Білім және іс-әрекет әдістерін тексеру, жеке оқушының жұмысына
сапалы баға беру кезеңі:
1.Жеке оқушыны мадақтау,критери жүйесімен бағалау
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "М. Дулатов. Қасқыр қысты қалай өткізеді?" 2 класс
- Презентация "Танаис - город древности" 3 класс
- Технологическая карта "Автоматизация звука «ч» в слогах, словах" 2 класс
- Воспитательный урок на тему "Миллий кийимлар"
- Рабочая программа по литературному чтению 1 класс по УМК "Школа России"
- Конспект урока "Егіншілік пен мал шаруашылығы" 2 класс