Внеклассное мероприятие "Біз білімді балалар"

Тақырыбы: «Біз білімді балалар»
Мақсаты:
Білімділік-балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту,ойлау,есте сақтау
қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық-балалардың саусақ моторикасын дамыту,тіл байлығын,ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік-балаларды ұқыптылыққа ,тапқырлыққа баулу.
Көрнекілікткр:Теледидар,үлестірмелі материалдар,дидактикалық ойындарға арналған
құралдар,ұннан жасалған түрлі-түсті моншақтар,жіп,ақ қағаз,түрлі-түсті
қарындаштар,кетіргіш.
Әдіс тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,ойын ойнату,сұрақ-жауап,мадақтау.
Тәрбиеші:
Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын ортаға шығып
шаттық шеңберін жасап алайық.
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң,досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн қуаныш!
Сәттілікке толсын!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
/Балалар шаттық шеңберін орындайды./
Тәрбиеші:
-Балалар ,мен сендерге жұмбақ жасырайын.Шешуін тез табамыз ба?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
Көкшіл айна үйдегі,
Көрсетеді киноны.
Жаңалықты жинайды,
Жұртшылыққа сыйлайды.
Ол не?
Балалар:
-Теледидар.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар!
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар:
-Төрт мезгіл бар.
Тәрбиеші:
-Жыл мезгілдерін кім айтады?
Балалар:
-Қыс,көктем,жаз,күз мезгілдері.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар,балалар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
-Күз мезгілі.
Тәрбиеші:
-Күзде неше ай бар?
Балалар:
-Күзде үш ай бар.
Тәрбиеші:
-Күз айларын кім айтады?
Балалар:
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Дұрыс айтасындар,балалар.
Тәрбиеші:
-Күз ерекшеліктері қандай?
Балалар:
-Ауа райы суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Құстар жылы жаққа
ұшып кетеді.Адамдар жылы киіне бастайды.
Тәрбиеші:
-Балалар ,осы жыл мезгілдерінің ауысымы қай ғаламшарда өтеді?
Балалар:
-Жерде өтеді.
Тәрбиеші:
-Жердің пішіні қандай?
Балалар:
-Жердің пішіні дөңгелек.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар!
(Балалардың назарын теледидарға аудару)
-Балалар,нені көріп тұрсыңдар?
Балалар:
-Пішіндерді.
Тәрбиеші:
-Атап айтайықшы?
Балалар:
-Шаршы,дөңгелек,үшбұрыш.
Тәрбиеші:
-Балалар енді алдымыздағы таяқшалардан теледидардан көріп тұрған пішіндерімізді
құрастырайық.
/Балалар таяқшалар арқылы пішіндерді құрастырды/
Тәрбиеші:
-Балалар, «Жер шары дөңгелек» дедік,осы пішінге ұқсас тағы қандай нәрселерді
білесіздер?
Балалар:
-Доп,қарбыз,күн,моншақ т\б.
Тәрбиеші:
-Балалар ,біз осы моншақты қай жерімізге тағамыз?
Балалар:
-Моншақты мойнымызға тағамыз.
Тәрбиеші:
-Моншақты не үшін тағамыз?
Балалар:
-Әдемілік үшін,тойға,қонаққа барғанда тағамыз.
Тәрбиеші:
-Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар аналарымызға моншақ жасап береміз бе?
Балалар:
-Ия, жасаймыз./Балалар моншақ жасауға кіріседі/.
Тәрбиеші:
-Балалар,сендер қандай санамақтар білесіңдер?
1-бала:
-Бір дегенім ,
Орныңнан жылдам тұр дегенім,
Балабақшаға тез жүр дегенім.
2-бала:
-Екі дегенім,
Санап,жазып,оқы дегенім.
Білімді бойыңа тоқы дегенім.
3-бала:
-Үш дегенім,
Еліңді сүйіп,құш дегенім,
Биікке самғап ұш дегенім.
4-бала:
-Үш дегенім үміт,
Жайдары жүр күліп.
5-бала:
Бір – дегенім бірлік,
Бірге ойнап күлдік,
Бір үйдегі көп бала,
Бір көлікке міндік.
6-бала:
Екі – дегенім елім,
Ата-мекен жерім.
Ол - өзен, көл, Кең дала,
Ол – тауларымменің.
7-бала:
Үш - дегенің үй,
Үйсіз оңбас күй.
Үй – туған ел бөлшегі,
Соны еске түй.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар,теледидарға назар аударайық.Бәріміз бірге тапсырмалар орындайық.
1-тапсырма:
«Сәлеметсіңдер ме балалар!Менің атым-Алтынай.Мен сендерге үлкен сәттілік тілей
отырып,бір сұрақ қойғым келеді.Менің қолымда неше қоян бар?»
Балалар:
-Екі қоян бар.
Тәрбиеші:
-Балалар қоян не жейді?
Балалар:
-Сәбіз.
Тәрбиеші:
-Сәбіз қандай пішінге ұқсайды?
Балалар:
-Үшбұрышқа ұқсайды.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар енді орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын орындайық.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы –қырлы жерлермен
Ытқып –ытқып жүгірді.
/Балалар қимыл-қозғалыспен сергіту жаттығуын орындайды/.Ендеше 2-тапсырманы
орындайықшы.
2-тапсырма.
«Сәлеметсіндер ме балалар.Менің атым-Әйгерім. Мен сендерге үлкен сәттілік тілей
отырып,бір сұрақ қойғым келеді.Менің қолымда неше доп бар?»
Балалар:
-Бес доп бар.
Тәрбиеші:
-Балалар доптың пішіні қандай?
Балалар:
-Доптың пішіні дөңгелек.
Тәрбиеші:
-Олай болса балалар алдарыңыздағы доптың суреттерін өздеріңе ұнаған түрлі-түсті
қарындашпен бояймыз.
-Жарайсыңдар,балалар!
-Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар:
-Ия./Балалар ойынға кіріседі/.
-Ендеше балалар, «Ия,жоқ» ойынын ойнайық.
Шарты:«Ия,жоқ» ойыны бойынша алдарыңда тұрған көңілді смайликті «Ия» деген
жауапқа көтереміз. «Жоқ» деген жауапқа дауыстап жауап береміз.
Тәрбиеші:
-Орманда ағаш бола ма?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
-Ағаштар ұшып қона ма?
Балалар:
-Жоқ.
Тәрбиеші:
-Балықтар жерде жүзе ме?
Балалар:
-Жоқ.
Тәрбиеші:
-Түнде күн шыға ма?
Балалар:
-Жоқ.
Тәрбиеші:
-Балабақша ұнай ма?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
-Қыста қар жауа ма?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
-Достықты бола ма сатуға?
Балалар:
-Жоқ.
Тәрбиеші:
-Балалар біздің тату ма?
Балалар:
-Ия.
Тәрбиеші:
-Бұл жаттығу қиын ба?
Балалар:
-Жоқ.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар,балалар!
-Балалар біз бүгін қандай пішіндермен жұмыс атқардық?
-Шаршы,үшбұрыш,дөңгелек.
-Балалар аналарымызға не жасадық?
-Моншақ.
-Бүгінгі оқу қызыметіміз сіздерге ұнады ма?
-Ия,ұнады.
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызыметіміз осымен аяқталды.Қане бәріміз ортаға
шығып қоштасу шеңберін жасайық.
Қоштасу шеңбері.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне балалар өте жақсы қатыстыңдар.Рахмет сендерге.
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 « Балдырған»
бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Ғажайып білім әлемі»
атты десант сабақ
(Бөбекжайішілік «Үздік педагог-2017» байқауы)
Дайындаған:№ 7 ортаңғы топ
тәрбиешісі Айтбаева К.К
Өткізген: № 7 ортаңғы топ
тәрбиешісі Айтбаева К.К
Ақтау қаласы
2017-2018 оқу жылы