Технологическая карта "Ғажайып математика"
Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
Погодаев ауылы
Қасым Ахмиров атындағы ЖОББМБК-нің тәрбиешісі Бигалиева Акмарал
Тулеухайровна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным,шығармашылық
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді
ажыратуға баулу. Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық
пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау
қабілетін қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Пішіндер туралы дидактикалық ойындар
ойнату.
Әдіс-тәсілдер: Пішіндерді ажыратып, түстерді айыра білуді, шарларды жару
арқылы тапсырмаларды дұрыс орындай білуді үйрету. Геометриялық
фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін атауды көрсету. Геометриялық
пішіндерден үй,машина жапсыру. Сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш,
шеңбер, үй,машина бейнелейтін жапсырмалар, слайд,сиқырлы
қалам(интерактивті үйрену).
Сөздік жұмыс: Көктем, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.
Үштілділік компонент: көктем-весна-spring(сприң), жасыл-зеленый-
green(грин), қызыл-красный-red(ред), ,сары-желтый-yellow(елоу), ақ-белый-
white(уайт),көк-синий-Blue(блу),үшбұрыш-триугольник-
triangle(трайэнгл),төртбұрыш-квадрат-rectangle(ректангл),шеңбер-круг-
circle(сүкл),пішіндер-фигуры-shapes(шейпс)
Сабақ барысы: балалар шеңберге тұрады.(балалар жылулық шеңберіне
тұрайық)
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті
қызығушылығын ояту
кезеңі
Қонақтармен амандасу
Жылулық шеңбері:
(Балалар қимылмен көрсетеді)
Бала,бала балақан
Кәне қайсы алақан ?
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
Сәлеметсіздер ме?
Здравствуйте?
Good morning?
Балалар қимылмен
көрсетеді.
Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса алтын күн
Жаса-жаса алтын күн
Ұйымдастырушылық-
ізденіс кезеңі
Балалар қазір жылдың
қай мезгілі?
Көктем айларын
атайықшы.
Көктемде ауа райында
қандай өзгерістер
болады?
Ғажайып сәт:
Қолында шарлары бар
Буратино билеп кіреді.
Буратино:
-Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Осы жер
«Ғажайып білім әлемі
ме?»
Ия, Буратино дұрыс
таптың, бұл жерде тек
білімді балалар ғана
болады.
Буратино: Ендеше
маған көмектесе
аласыңдар ма? Мен
жолда келе жатып,
алтын кілтімді
жоғалтып алдым, кім
алып кеткенін
білмеймін. Маған
көмектесіңдерші.
Кілтімді іздеп келе
жатып, жолда ақ тиінді
көріп едім, кілтіңді
«Ғажайып білім
әлеміне» барып, мына
менің түрлі түсті
шарларымның ішіндегі
тапсырмаларын білімді
балаларға, орындатсаң
Көктем мезгілі.
Наурыз,сәуір,мамыр
Күн жылынады,қар
ериді,ағаштар бүршік
жарады,құстар ұшып
келеді.
Балалар таңырқай қарайды.
Сәлеметсіз бе, Буратино
ғана алтын кілтіңді сол
жерден таба аласың
деді.
Еш уайымдама,
Буратино!
Қане балалар,
Буратиноға
көмектесеміз бе?
Буратино: Балалар, мен
сендерге құр қол
келген жоқпын.
Өзіммен бірге түрлі-
түсті шарларымды ала
келдім.
-Жарайды, Буратино
ендеше біз сіздің
тапсырмаларыңызды
орындауға
көмектесейік
Балалар, бір жылда
неше мезгілі бар?
Кәне, атап шығайық
көктем, жаз күз,қыс.
Бұл шарлардың түсі де
сол төрт мезгілді
белгілейді.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл шардың түсі қай
мезгілді білдіреді?
Бұл жасыл түс,
шөптердің түсі сияқты.
Табиғат көктемде
оянып, жер беті жасыл
шөпке толады.
Ағаштар бүршік жара
бастайды.
Қызыл шарды көрсету.
Қызыл түс қандай жыл
мезгілін білдіреді? Қай
уақытта гүлдер қызыл
түске боялады?
Сары шарды көрсету.
Бұл түс қандай жыл
мезгілін білдіреді?
Ия, көмектесеміз.
Балалар қызыға қарайды.
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Көктем, жаз, күз,қыс.
Көктем мезгілі
Жаз мезгілінде
Күз мезгілі
Себебі күзде
ағаштардың
жапырақтары сарғайып
жерге түседі.
Жер беті сары кілемге
ұқсайды.
Ақ шарды көрсетеді.
Мына шардың түсі
қандай?
Бұл түс қандай жыл
мезгілін білдіреді?
Қыста жер қандай
болады?
Балалар, шарлардың
түстерін білдік, енді
сиқырлы шарлардың
ішінде не бар екенін
білгілерің келе ме?
Кәне шарды кім
жарады? Бір бала
шығып шарды жарады.
Балалар бізге
тапсырма берілген,
егер осы тапсырманы
дұрыс орындасаңдар
біз Буратиноның
алтын кілтін тауып
беріп, оған көмектесе
аламыз.
1-тапсырма:
«төртбұрыш»
төртбұрыш-квадрат-
rectangle(ректангл),
- Неге төртбұрыш
дейді екенбіз,қанекей
төртбұрыштың
қабырғаларын,
бұрышын
санайық.(санайды)
Төртбұрыштың түсі
қандай?
көк-синий-Blue(блу),
Бір бала шығып екінші
шарды жарады.
Ақ
Қыс мезгілін
Қыста жер ақ болады.
Бексұлтан келіп бір шарды
жарады
Балалар бірге бұрыштарын
санайды.
2-тапсырма:
(үшбұрыш) үшбұрыш-
триугольник-
triangle(трайэнгл), -
Ал, үшбұрышты неге
үшбұрыш дейді
екенбіз, бұрыштар мен
қабырғаларын санайық.
Үшбұрыштың түсі
қандай екен? сары-
желтый-
yellow(елоу),Дұрыс
айтасыңдар балалар,
бұл үшбұрыш.
3-тапсырма: (шеңбер)
- Дөңгелектің(шеңбер)
бұрышы бар ма?
шеңбер-круг-
circle(сүкл),
- дөңгелектің (шеңбер)
түсі қандай?
қызыл-красный-
red(ред).Пішіндер
туралы слайд
көрсетіледі.
4-тапсырма:
Дидактикалық ойын:
«Заттар қандай
геометриялық
пішіндерге ұқсайды»
ойыны.
Тәрбиеші сурет
көрсетеді. Содан соң
балалардан ондағы
заттардың атын атап
беруді сұрайды.
Әр затты соған келетін
геометриялық
пішінмен қосуды
ұсынады.
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз.
Өніп-өсіп толамыз.
Үшбұрыштың
қабырғаларын санайды.
Дөңгелек, шеңбердің
бұрышы болмайтынын
айтады.
Балалар жауап береді:
-Күн, сағат, дөңгелек,
теледидар, доп, шырша,
текше, сыйлық салынған
қорап.
Әр затты өзіне ұқсас
геометриялық пішінмен
сызық арқылы қосады.
Сергіту сәті
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай
самғаймыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
Ендеше балалар
өздерің бір пішінді
таңдап ала қойындар.
Кәне, пішіндеріңді
жоғары көтеріп көрсете
қойыңдар. Ал енді
қарайық кім қандай
пішін таңдады екен. Әр
бала қандай пішінді
таңдаса, сол баланың
жан дүниесімен, мінез-
құлқын білуге болады
екен. Шеңберді
таңдаған балалар-ол
мейірімді бала.
Үшбұрыш таңдаған
бала-ол көшбасшы
бала.
Төртбұрышты таңдаған
бала –ол еңбекқор бала.
Балалар,барлықтарың
сабаққа жақсы
қатыстыңдар.
Мінекей, Буратино бұл
сіздің кілтіңіз біздің
балаларымыз көптеген
тапсырмаларды
орындау арқылы сіздің
кілтіңізді тауып берді.
Буратино: Алақай,
алақай енді менің
кілтім табылды.Рахмет
сіздерге балалар.
-«Ғажайып білім
әлемі» деген осы жер
Буратино. «Ғажайып
білім әлемі» ең
бастысы бізге білім
Қимылмен көрсетеді
Әртүрлі пішіндерге
жапсырылған кілтті
балалар қолдарына алады.
Балалар Буратиноның
барлық тапсырмаларын
орындап,өз білімдерін
көрсетті.
сыйлады. Біз бәріміз
бірігіп, қызықты
тапсырмалар
орындалық, Буратиноға
алтын кілтін табуға
көмектестік.
Буратино: Балалар
сендерге көп-көп
рахмет. Сендер маған
алтын кілтті табуға
көмектестіңдер,
көптеген тапсырмалар
орындадыңдар. Өмірде
тек білімді емес,
қайырымды балалар
екендерінді
көрсеттіңдер. Мен
осындай балабақшада
тапқыр, ақылды,
білімді, балалардың
барына қуанып
тұрмын. Ендеше мен
сендерге өзімнің
сиқырлы таяғымды
сыйлыққа тарту етемін.
Сау болыңдар, балалар.
Сау болыңыз, Буратино
Іс-әрекеттің бағалау
кезеңі
-Балалар бүгін бізге
қонаққа кім келді?
-Біз Буратиноға нені
тауып беруге
көмектестік?
-Буратино бізге
тапсырмаларды нені
беру арқылы
орындатты?
Жарайсыңдар, балалар,
бүгінгі
ұйымдастырылған оқу
қызметіне өте жақсы
қатыстыңдар.Ендеше
өздеріңнің көңіл-
күйлеріңді мына
смайликтермен көрсете
қойыңдар.
Бүгін бізге қонаққа
Буратино келді.
Біз Буратиноға алтын
кілтін тауып беруге
көмектестік.
Әдемі түрлі шарларды
беріп тапсырмаларын
орындатты.
Балалар смайликтерін
көрсетеді.
Балалар қуанады.
Сау болыңыз.
Балаларға сыйлықтар
үйлестіремін.
Қонақтармен үш тілде
қоштасады.
До свидания
Good bye
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Пішіндерді ажыратып, түстерді айыра білді.
Қандай түсінікті игерді: Шарларды жару арқылы тапсырмаларды дұрыс
орындай білуді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Пішіндерден үй мен машина
жапсыруды меңгерді,геометриялық пішіндердің үш белгісі-түсі мен көлеміне
қарай салыстырады.