Технологическая карта "Біз табиғаттың достарымыз"
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Біз табиғаттың достарымыз»
Мақсаты: Табиғат сұлулығын тамашалап, оған қамқар болуды үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Экология туралы білімдерін пысықтау,. Дамытушылық: Танымдық
қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Экология мәдениетіне тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Табиғат құбылыстары, найзағай, кемпірқосақ, сарқырама, толқын.
Керекті құралдар: ағаштан, қағаздан, металдан жасалған заттар.
Қостілдік компонент: Табиғат-природа, құбылыс- явление.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық
-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
«Шапалақ, салем!з» 01-«Г»-№
Көктем мезгіліне тән құбылыстарды атауды
ұсынады.
Теледидарға назарларын аудартады.
Дөңгелене үстелде отырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Қызығушылықпен қарайды.
Ұйымдастыру
-іздестіру
Сұрақ- жауап:
-Сендерге қандай табиғат құбылысы
ұнайды? Неліктен?
Дидактикалық ойын: «Суреттерді
жалғастыр»
Суретке назар аудартады: әкесі мен ұлы
ағаш отырғызады, қыз бала сынған
бұтақты байлауда.
Суреттің сатындағы әңгімелердің басын
оқып, ары қарай балалардың
жалғастыруын өтінеді:
Әкем екеуміз ағаш отырғызуға кірістік...
Алтынай саябақта серуендеп жүр еді...
Сөздік жұмыс:
табиғат құбылыстары, найзағай,
кемпірқосақ.сарқырама, толқын
Табиғат бұрышындағы көмек көрсетуді
қажет ететін нысандарды тауып (гүл
суғаруға, балыққа тамақ беру).
Дидактикалық ойын: «Қайырымды
тастар»
Балаларға түрлі тастарды көрсетіп, қолда-
рына ұстап, алақанына салып, қандай қа-
сиеттері бар екенін айтуды ұсынады.
Табиғат құбылыстарын атайды.
Суретке қарап өз ойларымен
бөліседі.
Әңгіменің жалғасын ойластырады.
Жекелеме, хормен қайталайды.
Табиғат бұрышына барып, көмекті
қажет ететін нысандарды бақылап,
көмек көрсетеді.
Тастарды ұстаған оның ауыр,
жеңіл, қатты және жұмсақ, жылы
және суық, дөңгелек және қырлы
екенін айтады.
-Дұрыс, айналаға зейін қойып қараңдар,
табиғатқа тағы не жатады?
Табиғат әлемі керемет, ал адамдар оның
бір бөлігі. Табиғатсыз адамның тіршілік
етуі мүмкін емес.
Сергіту сәті:
Жұмбақ жасырады:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Ол не?
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбаған кісі жоқ.
Ол не?
-Дұрыс күн, ауа, су, гүлдер, ағаштар
мұның бәрі табиғат.
Тақтаға адам қолымен жасалынған
бірнеше нысандар бейнеленген суреттер
көрсетеді ( үй, орындық, үстел)
-Оларды табиғат деп атауға бола ма?
-Неге?
«Табиғат қандай болады?» кестесін
қарауды, көргендерін ретімен айтуды
ұсынады.
Балалар табиғат құбылысы деген сөзді,
орысша природное явление дейді екен.
Құстар, шөптер, гүлдер, ағаштар.
Күн мен ауа, су мен жер,
Сенімді достар білсеңдер.
Күн мен ауа, су мен жер,
Досымыз біздің білсеңдер.
Күн
Су
Назар қойып , мұқият тыңдайды
Оларды табиғат деп атауға
болмайтынын айтады.
Адам қолымен жасалынған және
салынған заттар табиғатқа
жатпайды.
Тірі табиғатқа адамдар,
өсімдіктер, жануарлар жататынын,
өлі табиғатқа тыныс алмайтын,
қозғалмайтын, сезбейтін, өспейтін
(ауа, су. жер, күн, тас) жататынын
білді.
Жекелеме, хормен қайталайды.
Рефлексивті
-
түзетушілік
Қорытынды:
- Бүгін не туралы айттық?
Бүгінгі оқу іс әрекетіне қатысқан
балаларды мақтау.
Рефлекция:
Тақтадағы көктем мезгілінің суретіне
бүгінгі оқу іс әрекеті көңіл күйлерің
көтеріңкі болса қызыл түсті гүлді, көңіл
күйлерің болмаса көк түсті гүлді
желімдеуді ұсынады.
Балалар өз ойларымен бөліседі.
Балалар өз таңдауларын жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Табиғатқа қамқорлық көрсетудегі өздерінің мүмкіндіктерін.
Болу керек: Табиғатқа зияндарын тигізбеуді.
Істей білу керек: Табиғатқа өз күші жететіндей көмек көрсету қажеттілігін.