Конспект урока "Біз табиғаттың достарымыз"
Сабақтың
тақырыбы: «Біз табиғаттың достарымыз».
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Балаларға табиғат -біздің тіршілік көзіміз, баға жетпес
байлығымыз екенін ұғындырып, оны қорғау, аялау міндетіміз екенін
түсіндіру.
2.Дамытушышылық:Балалардың қоршаған ортаға деген түсініктерін
кеңейту,Табиғат Анаға сүйіспеншілікпен қарауға үйрету.
3.Тәрбиелік: Балаларға қоршаған ортаны, елін жерін, табиғатқа
сүйіспеншілікпен қарауға, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,табиғатты
қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
Зал іші табиғат көріністерімен дайындалған.Орман, ағаштар, шөптер,
гүлдер т.т. Ғажайып орманның іші.Табиғатқа байланысты әуен ойнап
тұрады. Табиғат аясында «Табиғат ханшайымы әндетіп, аралап жүреді,
гүлдерді иіскеп көбелектерді ұшырады. Сол кезде балалар сиқырлы әуен
арқылы ақырын жүгіріп келіп, ортаға тұрады.
Орманшы ата: -Ой, сәлеметсіңдер ме? Менің қасыма қонақтар келіп
қалыпты ғой. Сендер кім боласыңдар? Ал, мені таныдыңдар ма? Мен
табиғат ханшайымымын. Маған не үшін келдіңдер?
Орманшы ата: -Біз Бобровка орта мектебінің даярлық тобының
балаларымыз. Біз табтиғаттың достарымыз.
Орманшы ата: - Өте жақсы, бүгінгі күніміз көңілді өтетін сияқты.
Шаттық шеңбері:
Табиғатымыз тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша.
Сәлем саған нұрлы Күн!
Сәлем саған Жер Ана!
Сәлеметсіз бе,Ханшайым!
Тәрбиеші: -Балалар табиғат туралы не білетіндеріңді ортаға салайық.
Табиғат.
Жансыз табиғат Жанды табиғат
Балалар: -Күн, ай, ауа, тау,тас, су, өсімдіктер, адамдар, хайуанаттар,
құстар, балықтар, жәндіктер, т.т.......
Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі ол ауа.
Тәрбиеші: -Балалар, ауаны нелер ластайды?
Балалар: -Завод,фабрикалардан, машиналардың түтіні, майлары, бензині,
қоқыстар ластайды.
Тәрбиеші: -Ауамыз таза болу үшін не істеу керек балалар?
Балалар:-Қоқыстарды әр жерге тастап ластамау керек, өрттен сақ болу
керек, ағаштарды , гүлдерді көбірек отырғызу керек.
Орманшы ата : -Дұрыс балалар.
Тәрбиеші: -Ал, балалар бәріміз сергіту сәтін орындап жіберейік
Қазақстан туған
жерім, киелім,
Қасиетіңе,
қастерлеп бас иемін.
Табиғатың
тұнып тұрған қазына,
Осылардың
бәрін аялаймын, сүйемін
Табиғат туралы мозайка құрастырту.
Табиғатымыз осындай әдемі болу үшін не істеу керек.
Оқушылар тақпақ айтат; Табиғатты қорғау туралы.
Айгерім: Ал, халайық, халайық
Табиғатқа қарайық
Жер , су, ауа, тазарса
Пайдалы екен бұл аса.
Бағжан; Тазалықты сақтайық
Табиғатты баптайық
Бізге деген пайасын
Жақсылықпен ақтайық.
Аяулы; Табиғаттың панасымыз,
Түйіп айтар сөзіміз
Табиғаттың панасы
Мына тұрған өзіміз.
Суретпен қортындылау; Орманда от жағуға болмайд.
Құстардың ұясын бұзбау керек.
Қоқыстарды тастауға болмайд.
Ағаштарды сындыруға болмайд.
Кун мен бұлтты қойып сабақ ұнадыма сұрақ қойу.
Менің екінші сұрағым: -Табиғат балықтарының ішіндегі екінші тіршілік
көзі - табиғат көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа
айналдыратын байлық пен тіршілік көзі ол не?
Балалар: -Ол су.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын
байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» - дейді дана халқымыз. Қазақстан
Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар. Осы мол суды
өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғады. Көп
жерлерде ауыз суы жеткіліксіз. Сонымен су – табиғаттың жаны, қара
жердің –сәні суды ластауға, ысырапсыз төгіп, жұмсай беруге болмайды.
Ханшайым: -Өте дұрыс, ендігі менің үшінші сұрағым сендерге:
-Балалар табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не?
Балалар: -Ол өсімдіктер.
Табиғат байлығының бір тобы – жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған
түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан
қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген
көрнекті сөз соның айғағы. Өз өлкеміздің өсімдіктерін біліп, оларды
қорғауға шақырамын.
Көзін ашып, бақөсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Ханшайым: -Дұрыс балалар.
Тәрбиеші: -Ал, балалар
бәріміз сергіту сәтін орындап жіберейік.
Сергіту сәтіміз
«Мейірімділікті табиғаттан үйрен» деп аталады. Әр бала қасындағы
көршісіне
оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, жүрекшені ұсынады.
Балалар
сергіту сәтін орындайды.
Ханшайым: -Ал, балалар менің
төртінші сұрағым:
-Сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не балалар?
Балалар: -Ол құстар.
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар: Олардың әсем әндері
бойымызды
балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар –
табиғат
сақшылары. Егістіктің, бау – бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата –
бабамыз
құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқар-
ға, сұлу қыздарын аққуға
теңеген.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі
құстарды қорғау әрқайсысымыздың парызымыз.
Тәрбиеші: -Балалар құстар
бау-бақшамызды, егінімізді, ағаштарды неден тазартады?
Балалар: -Зиянды
құрттардан, шегірткелерден, жәндіктерден тазартады.
Ханшайым: -Өте дұрыс
балалар. Ал енді сендерге қояр бесінші
сұрағым бар:
-Балалар, құстарды
табиғаттың әні мен қоғаушысы десек табиғаттың сәнін келтіретін тағы
нелер деп
ойласыңдар?
Балалар: -Ол хайуанаттар.
Табиғаттың
сәнін келтіретін ол – Хайуанаттар.
Табиғаттың сұлу мүсіні, көрікті келбеті – хайуанаттар.
Халқымыз ежелден – ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап,
қамқорлыққа
алған. Көздері мөлдіріеп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.
Ханшайым: -Дұрыс, балалар.
Өте білімді балалар екенсіңдер, Рақмет сендерге.
-Балалар менің мазам
кетіп тұр ауырып қалған сияқтымын. Басым
суырып, асқазаным бүріп тұр. Көмектесіңдерші маған.
Балалар: - Біз сізге
дәріханадан дәрі-дәрмек әкеліп берейік.
Ханшайым: -Ой , не деп
тұрсыңдар, мен дәрі ішпеймін ғой, менің орманымда, өзімнің шипалы дәрілік
шөптерім бар. Сендер оны білесіңдер ме?
Балалар: - Иә, білеміз. Біз
сізге айтып береміз. Қалақай, итмұрын, бақбақ, түймедақ, жолжелкен,
емен,
жалбыз, аққайың, мыңжапырақ, облепиха,
тмин, мойыл, ермен.
Бақбақтың- тамырының дәрілік қасиеті бар. Ол асқазан ,
өтке, қуық ауруларына пайдасы зор.
Ақ қайың – қабығын,
жапырағын, бүршігін, шырынын дәрілік мақсатқа пайдаланамыз. Оның
құрамында С
дәруменмімен эфир майы бар. Асқазан, бүйрек, ішек ауруларына, ішек
құрттарын
шығаруға әсері зор екен.
Ханшайым: - Ой, енді
жеңілденіп қалдым ғой, сендер шипалы, емдік шөптерді де жақсы біледі
екенсіңдер. Мені емдеп жібердіңдер ғой.
Рахмет сендерге.
Ханшайым: - Балалар флора
деген не, фауна деген не, соны айтыңдаршы.
Балалар: -Флора деген
өсімдіктер әлемі. Оған – ағаштар, шөптер, гүлдер жатады. Фауна деген-
жануарлар
әлемі. Оған аңдар, жануарлар жатады.
Ханшайым:-Жарайсыңдар
балалар, білімдерің мол екен. Рақмет сендерге!
Тәрбиеші: Ал, енді балалар
кім табиғат туралы тақпақ біледі екен. Айтып берейікші , Ханшайымға.
1.
Қандай сұлу табиғат!
Тіршіліктің анасы
Қорғай біл, ей адмзат
Табиғат – елдің анасы.
2.
Табиғат деген –Жер ана
Балар оны бағала
Табиғат деген – Туған жер
Қорғайды оны барлық ел.
3.
Табиғатты
қорғайық, аялайық
Барды жоқты аямай баяндайық
Болашақта қызығын көру үшін
Қатысса деп ойлаймыз барша халық
4.
Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбауда керек шығар дос үшін,
Екеуіңнің араңдағы байланыс
Өмір бақи үзілмесін, қосылсын.
Тәрбиеші: -Ал, қазір көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі екен?
5.
Шыр-шыр еткен
торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кіп –кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
6.
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем – су беріп жаз бойы,
Балапанын бағамыз.
7.
Тырна келді тыраулап,
Көк аспанда
тізіліп.
Көк майсада жер аунап,
Бала біткен
қызығып.
8.
Қырға шығып көктемде,
Қызғалдағын теремін.
Гүл құшақтап бөктерде,
Өлеңдетіп келемін.
9.
Қар кетіп,
Қыр көгерді.
Құс қиқуы көбейді,
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорада мол төлдеді.
10. Көктем қанадй
көрікті,
Көз тартады төңірек.
Неше түрлі гүл өссе,
Сонша түрлі көбелек.
11. Бәйшешектен
білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
12. Қараторғай келіпті,
Үйшік жасап берейін.
Алқашқы гүл көрікті,
Бәйшешекті терейін.
13. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
14. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, баулар да,
Ақ гүлдер өрілді.
Тәрбиеші: -Ал, балалар енді
табиғатқа байланысты қандай мақал –
мәтелдер білесіңдер?
Мақал – мәтелдер.
1)
Таулы жер бұлақсыз болмас
Сулы жер құрақсыз болмас.
2)
Су жер береке
Ел жер мереке.
3)
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
4)
Табиғат – халық қазынасы,
Табиғатсыз адамның күні жоқ.
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
5)
Бір тал кессең он тал ек.
6)
Орманға сен қалай қарасаңғ
Орман саған солай қарайды.
Тәрбиеші. –Жақсы балалар, ал
енді қандай ырым – тыйымдар білесіңдер?
1)
Құстың ұясын бұзба
2)
Аққуды атпа.
3)
Жерді сабама, теппе.
4)
Суға дәретке отырма.
Суға түкірме, суды былғама.
5)
Жұлдызды, адамды санама.
6)
Түнде суға барма.
7)
Көкті жұлма,
Ағашты кеспе.
Тәрбиеші: -Өте жақсы балалар.
Ал , енді сендермен Ханшайым ойын ойнағысы келіп тұр. Ойын «Бола ма,
болмай
ма?» ойын шартын түсіндіру.
Сабақты
қорыту:
-Ал, балалар бүгін қайда болдық?
-Орманда кімді кездестірдік?
-Табиғатқа қандай жақсылық істеу қолымыздан келеді екен?
-Не істедік?
-Не үйрендік?
Сабақты
қорытып, балалар табиғат Анаға жақсы тілектер айтады,
Ханшайыммен қоштасады,
орманнан балабақшаларына қайтады.
1)
Гүлдей бер Жер-Ана!
2)
Аспаның ашық болсын!
3)
Орманың аң мен құсқа толсын!
4)
Суың мөлдір, таза болсын!
5)
Орманың қызыл, жасыл гүлге толсын!
6)
Күнің жарық болсын!
Хормен: Табиғат Ана, сені
сүйеміз,
Басымызды
иеміз!
Ән: Қазақстан туған
жерім, киелім,
Қасиетіңе,
қастерлеп бас иемін.
Табиғатың
тұнып тұрған қазына,
Осылардың
бәрін аялаймын, сүйемін.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Осенний праздник "Морковкина свадьба"
- Конспект НОД "Волшебные утушки из северной Мезени"
- Конспект занятия "Петушок и его семья"
- Интегрированное занятие "Доброе слово в защиту Байкала"
- Конспект НОД "Учимся рисовать элементы гжельской росписи"
- Конспект НОД "Украшение разделочной доски по мотивам городецкой росписи"