Конспект занятия "Аңдар қысқа қалай дайындалады?"

Екінші кіші топ «Айгөлек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу күні: 21.02.19.
Тәрбиеші:
Білім беру саласы:
Пән:Жаратылыстану:
Өтпелі тақырып:
Тақырыбы:«Аңдар қысқа қалай дайындалады?»
Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлар, олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге
бейімделу қабілеті туралы түсініктерін анықтау. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
мен жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым байланыстарды анықтау
қабілеттерін бекіту (жүнінің түсін ауыстыру, қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы)
. Балаларды жануарларға мейірімді болуға баулу.
Дидактикалық ойын:
«Сөзді аяқта»
Билингвальді қарым - қатынасты игер :жабайы аңдар дикие животные,
Қасқыр—волк,түлкі—лиса,аю—медведь,қоян—заяц,тиін – белка.
Ұйымдастырылған оку қызметінің барасы: ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Айлардың аттарын айтаықшы?
Қыс мезгілі
-Үш ай бар
-Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
- Қыс айы сендерге несімен ұнайды.Балалар, қыс туралы қандай тақпақтар
білесіндер?
Бекарыс:Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген
Құлақшынды кимесен
Құлағынды тістеген.
Аружан:
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген
Бакша бауды тауды да
Бояған ақ түспен.
-Қандай жабайы аңдарын білесіңдер?
-Неге жабайы аңдары деп атайды?
Табиғат аясында тіршілік етіп,өз қорегін өзі тауып жейтін жанауарларды « жабайы
андар» дейді.Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды.Табиғатта
жабайы аңдардың түрі көп.Олардың ішінде пайдаласы да, зияндылары да бар.
Қасқыр мен түлкі- жыртқыштар андар.Тістері өткір,көздері қырағы (жақсы
көреді),сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді.Олар қыста
ұйқыға кетпейді.
Аю апанында ұйықтап жатыр.Ол көктем шығып,қар ерігенше осылай ұйқыда
болады.Апанда жатып өзінің қішкентай қонжығын туады.Көбіне өсімдікпен
қоректенеді.Жазда жеміс жидек тереді.
Қоян қыста үйілген маялардың түбінде, не ағаш қабықтары.Ол жылы тонының
арқасында суыққа тоңбайды.
2.Негізі бөлімі:
-Жарайсыңдар ,балалар. Балалар біреу терезе қағып жатқан сияқты ма?(құстың
даусын қосу)
-Хаттың кімнен келгенін білгілерің келе ме?
-Ендеше сендер дайын болыңдар, жұмбақты шешуге.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. -Аю.
Аузы бейне шалғы –орақ,
Шөп емес,бірақ малды орады. -Қасқыр.
Көлеңкесінен қорқып безектейді, -Қоян.
Ал оның баласын көжек дейді.
Ағаштан ағашқа секіреді, -Тиін.
Саңырауқұлақты кептіреді.
-Жарайсыңдар балалар жұмбақты шештіңдер. Хат орманда тұратын досатарымыз
жабайы аңдарынан екен.Олар орманда тату-тәтті тұрыпты , бірақ қыс келетінін
естерінен шығарып алыпты,боран мен қар жауып тұр, бізге көмектесіңдерші депті,
сендер мейірімді балаларсыңдар аңдарға көмектесеміз бе?
-Орманда өзімізді қалай ұстаймыз?
-Айғайламай ақырын сөйлеу керек, ағаштарды сындырмай, қоқыс тастамау керек
Сергітусәті:
Ендеше көздеріңді жұмып менімен бірге қайталаймыз.
1,2,3 өз-өзіңді айналып,
Сиқырлы орманға тап болайық.
Балалар біз сиқырлы орманға тап болдық,некөріп тұрсыңдар?(Қысқы орман тақтада)
-Ендеше Қоянмен амандасайық.
-Қоян бізді қысқы орманға шақырып келіпті.Серуенге баруға дайынбыз ба?
-Қарандаршы, балалар, орман іші қандай тамаша. Сендер не көріп тұрсындар?
Орманда нелер болады?
-Орман ауасы қандай таза, терен тыныс алайықшы.
Бейнетаспадан қысқы орманның көрінісін, аңдардың тіршілігін көреді.
-Бейнетаспадан не көрдіндер?
-Не жауып тұр екен?
-Қандай аңдарды көрдіңдер?
-Түлкі қандай аң?
-Түлкінің түсі қандай?
-Түлкі қыста немен қоректенеді?
-Қасқыр қандай аң?
-Қасқырдың түсі қандай?
-Қасқыр қыста немен қоректенеді?
-Қоянның тонының түсі қандай?
-Қоян қыста немен қоректенеді?
Ал енді балалар топқа қайтатын уақытымыз да болып қалды.
Д/о:«Сөзді аяқта»
-Қыста қоянның тоны ақ, ал жазда..... Сұр
-Қоянның құйрығы қысқа, ал құлағы..... Ұзын
-Тиіннің артқы аяғы ұзын, ал алдыңғы..... Қысқа
-Кірпі кішкентай, ал аю..... Үлкен
-Қоянның жүні мамықтай , ал кірпінікі...... Тікенек
-Тиіннің құйрығы ұзын, ал қояндікі..... Қысқа
-Түлкінің терісі жұмсақ, ал қасқырдікі..... Қатты
-Жарайсыңдар ,балалар ал енді аңдар туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Лейла: Мен тиінмін, тиінмін
Қыска жылы киіндім.
Қоймам толы жаңгаққа,
Іші толы үйімнін.
Саят:
Тауға шыксаң- қалың қар
Сайға түссен – қалың кар
Шырша үсті қалың қар
Байқандар қар астында
Ұйыктап жатқан аю бар.
3.Қорытынды:
-Балалар сендерге орманда ұнадыма?
-Не сендер діңестеріңде қалды?
Кәне бәріміз қуанышымызды қонақтармен бөлісейік.