Краткосрочный план "Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі" 1 класс
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Сауат ашу
Мектеп:Қаражар орта мектебі
Күні: 19.10.18
Мұғалімнің аты-жөні:Боранбекова ЗамзагульАкылбаевна
Сынып: 1Б
Қатысқандар:19
Қатыспағандар:19
Сабақ
тақырыбы
Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі
Осы сабақ
арқылы жүзеге
асатын оқу
мақсаттары
1.2.9.1. Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестердіру.
1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.
1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп
оқу) қолдану.
1.3.10.1.Заттың атын,санын, сынын,қимылын білдіретін сөздерді ажырата білу.
1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі
сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақ
мақсаттары
О дыбысы мен әрпін танып, сөздерді оқып, дыбыстық талдау жасату.
Мәтінді түсініп, тыңдап,жетекші сұрақтар арқылы топта талқылау.
Сөздердің мағынасын ажырату,іштей оқу,есте сақтап тізбектей оқу және
иллюстрация бойынша сөйлемдерді хормен оқу.
Грамматикалық нормаларды және каллиграфикалық нормаларды сақтау.
Бағалау
критерийлері
• О дыбысын таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді.Сөздегі буын
санын анықтайды.
• Тыңдаған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға өз көзқарастарын білдіреді.
• Сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып, сұрақтарға жауап береді.
• Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Тілдік мақсат
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ор, ол, Орал, олар, он т.б
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- О дыбысы сөздердің қай буындарында кездеседі екен?
- Балалар, бұл ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?
- Бұл дыбысты сендер қайдан естисіңдер?
- Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданды?
- Арал мен Оралдың мұндай іс-әрекетіне қалай қарайсыңдар
- Арал мен Оралға қандай кеңес айтар едіңдер?
- Балалар қандай жерлерде ойнауы қажет?
Құндылықтарды
дарыту
Ынтымақтастық, сын тұрғысынан ойлау, ашықтық, жауапкешілік
құндылықтарын дамыту
Пәнаралық
байланыстар
Жаратылыстану пәні: болжам жасау барысында кенеттен тежегішін басқан
машина дыбысын тыңдату.
Дүниетану пәні: өмір қауіпсіздігі, жол ережесін сақтау.
АКТ қолдану
дағдылары
Интерактивті тақта арқылы Оо әрпіне дыбыстық талдау жасату, кенеттен
тоқтаған машина дыбысын тыңдату.
Бастапқы білім
Оқушылар мектеп шеберханасы туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 минут
«Шаттық шеңбері»
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан
арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай
тамаша, қандай қуаныш!
-Сабақтың басындағы көңіл-күйіміз қандай?
-Ке-ре-мет!
1,2,3,4 –ке саналып топтарға бөлінеді.
- Балалар осы сауат ашу пәнінен не үйренеміз?
«Иә-жоқ» әдісі арқылы білімдерін тексеру
1.Р дыбысы дауыссыз дыбыс (иә)
2.Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ)
3. А дыбысы дауысты жуан (иә)
4. Әріптерді естиміз,айтамыз. (жоқ)
5.Анар сөзінде р дыбысы ортасында кездеседі. (жоқ)
6.Сөздер буынға бөлінеді. (ия)
7.Дыбыстарды айтамыз,естиміз. (ия)
Дескриптор:
-Берілген сұрақтардың дұрыстығын анықтайды.
-Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Кері байланыс:
Бағалау: «Басбармақ» әдісі
Сабақтың
ортасы
10 минут
Ойыншықтар көрсете отырып бүгінгі тақырыпты ашу.
(доп,орамал, орындық,домбыра,қозы,ою,бота,қораз )
-Бұл заттарды бір сөзбен қалай айтуға болады?
-Ойыншықтар
«О» дыбысын тақтаға ілу.
О о дыбысын таныстыру
О о дыбысы туралы түсінік беру. Интерактивті тақтаны
пайдаланып, дыбыстық талдау жасату.
-О о дыбысын барлығымыз қосылып айтайық.
-Ооооо, О дыбысы созылып, тоқтамай айтылады.
-О дыбысын дыбыстағанда даусымыз жуандалып
естіледі.
-О о дыбысы сөздердің басында, ортасында және орыс
тілінен енген сөздердің соңында кездеседі.
Мысалы: он деген сөзде о дыбысы сөздің басында, доп
сөзінде о дыбысы сөздің ортасында, ал, радио сөзінде о
дыбысы сөздің соңында естіліп тұр.
-О дыбысы жуан дауысты дыбыс. О дыбысын қызыл
түспен белгілейміз.
1-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны (МК;Ө;Қ)
О әрпі кездесетін сөздерді ата. «Доп», «Орындық»
сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Дескриптор:
-О әрпі кездесетін сөздерді атайды.
-Доп, орындық сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
Кері байланыс:
Бірін бірі бағалау: «Басбармақ» әдісі
2-тапсырма «Болжау» әдісі (МК;Ө;Т;Қ)
(Оқушыларға көліктің даусын, кенеттен тежегіш
басқан көлік дауысты тыңдату)
-Балалар бұл ненің даусы деп ойлайсыңдар?
- Бұл дауысты сендер қай жерден естисіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, тыңдайтын мәтініміз де,
сендердің мектепке баратын жолдарыңдағы жол
Интерактивті тақтадан
дыбыстық талдау жасау
Интерактивті тақта
Көлік дыбысы
10 минут
5 минут
4 минут
3 минут
ережесіне байланысты болмақ.
* Мұқият берілген мәтінді тыңдау. Сұрақтарға жауап
беру. О дыбысы бар сөздерді табу.
Арал мен Орал доп ойнады. Олар ойынның
қызығына түсіп, жолға шығып кеткендерін байқамай
қалды.
Көлік жүргізушілердің бірі: жолда ойнамаңдар!
Жолда ойнау – адам өміріне қауіпті, - деді.
Олар қателерін түсініп, көлік жүргізушілерден
кешірім сұрады.
Топтық жұмыс
1 топ Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер
қолданды?
2 топ Арал мен Оралдың мұнайдай іс-әрекеттеріне
қалай қарайсыңдар.
3 топ Арал мен Оралға айтар кеңесім.
Дескриптор:
-Берілген мәтінді тыңдайды.
-Сұрақтарға толық жауап береді.
-Мәтіннен о дыбысы бар сөздерді табады.
Кері байланыс:
Бағалау: «От шашу» әдісі
3-тапсырма «Мен фотоаппаратпын» әдісі (МК;Ө;Қ)
-Берілген сөздерді хормен оқу, жекелей оқу. Бір сөзді
көзбен суретке түсіріп, сол сөзге сөйлем құрап айту.
ор ол он
О рал о лар о ра
О рал, ал. Арал тарт. Анар он ора.
Дескриптор:
-Берілген сөздерді хормен оқиды, жекелей оқиды.
-Бір сөзге сөйлем құрап айтады.
Кері байланыс:
Бағалау: «Плюс минус» әдісі
4-тапсырма «Үштік» әдісі (МК;Ө;Қ)
*Сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру. Олар кімдер? сұра-
ғына жауап беру.
Дескриптор:
-Сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады.
-Олар кімдер? сұрағына жауап береді.
Кері байланыс:
Бағалау: «Күлегештео» әдісі
5-тапсырма Дәптермен жұмыс (МК;Ө;Қ)
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап,
қаламды дұрыс ұстауын қадағалап
ескерту.Интерактивті тақтадан Оо дыбысының
жазылуын көрсету.
*Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс
байланыстырып жазу. Сөздерді сауатты және көркем
жазу.
Дескриптор:
-Әріптерді дұрыс байланыстырып жазады.
-О әріпі кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазады.
Кері байланыс:
Бағлау: «Бағдаршам» әдісі
Тыңдалым
Аудио үнтаспа оқулық
Оқулық 43-бет
Оқылым
Оқулық 43-бет
Оқулық 43- бет
Жазылым
Интерактивті тақта
№2 Дәптер
42- сабақ 14-бет
3-минут
3 минут
Зерек оқушыға арналған тапсырма:
«Шеңберден шығу» әдісі (Ж; Қ)
*Шеңбер ішіндегі сөздерді буынға бөліп,буын санын
анықтап, шеңбер сыртына шығару.
1 буын 2 буын
сөздер
3 буын 4 буын
Дескриптор:
-Сөздегі буын санын анықтайды.
-Сөздерді буын санына қарай шеңбер сыртына
шығарады.
Кері байланыс:
Бағалау: «Қолпаштау» тәсілі
Сабақты бекіту:
«Попкорм» әдісі (Ұ; Қ )
*Оқушылар бүгінгі сабақтан не біліп? не үйренгені?
туралы бірінен кейін, бірі ауызша жауап беріп,
қорытынды жасайды.
Қима сөздер,
Фигуралар
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия: «Көңіл-күй құмырасы» арқылы
Жасыл гүл- Керемет!
Сары гүл- Жақсы.
Қызыл гүл- Талпын!
Көңіл –күй құмырасы
суреті
Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше
қолдау көрсетуді қалай
көбірек қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыға
қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін
тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Барлық тапсырмаларда
саралаудың «Бағалау» тәсәлі
жүреді.Әр тапсырмадан кейін
тиімді кері байланыс арқылы
оқушылар бағаланып
отырады. «Кім жылдам?»
тапсырмасында саралаудың
қарқын тәсілі жүзеге асады.
Екінші тапсырманы болжауда
саралаудың «Диалог және
қолдау көрсету» тәсілі жүзеге
асады. Оқушылар әр түрлі
болжаулар айтады. Кей
оқушыларға қолдау көрсету
мақсатында өз ойларын еркін
жеткізуге уақыт беремін.
5- тапсырмадан кейін зерек
оқушыларым тапсырманы тез
«Басбармақ»
«От шашу»
«Арқа қағу»
«Шапалақ»
«Бағдаршам»
«Көңіл-күй құмырасы»
-Партада түзу отыру ережесі.
-Оқулық пен көз арасындағы ара
қашықтықты сақтау.
-Жазу кезінде кеудені тік көтеріп
дәптерді қиғаштап, қаламды
дұрыс ұстау.
-Өмір қауіпсіздігі және жол
ережесі туралы ескертпелер айту.
орындайтындықтан тапсырма
ішінен тапсырма дайындап,
осы кезде саралаудың зерек
оқушыға арналған
«Тапсырма» тәсілін өткізуді
жоспарлаймын.
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақтың мақсаттары/оқу
мақсаттары дұрыс
қойылған ба?
Оқушылардың барлығы
оқу мақсаттарына (ОМ)
қол жеткізді ме?
Жеткізбесе неліктен?
Сабақта саралау дұрыс
жүргізілді ме? Сабақтың
уақыттықкезеңдері
сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай
ауытқулар болды,
неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз
сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары
туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?