Конспект урока "Мамандықтың барі жақсы"

Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 08.02.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар, танып біл де кәсіп қыл»
Тақырыбы: «Мамандықтың барі жақсы.»
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Дамыту: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қызығушылығын ояту.
Оқыту: Мамандықтардың еңбегі туралы айту, зерттеу білімдерін шыңдау.
Педагогикалық технологиялар:
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:шаштаразшы- парикмахер, мұғалім-учитель, аспазшы-повар,
дәрігер-врач
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
- Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң, құлақтарым! Қайырлы таң, қолдарым!
- Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Ия біз ояндық!
- Көздерім көріп тұр
- Құлақтарым естіп тұр
- Қолдарым қол соғып
- Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық! Жарайсыңдар балалар!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Ауа-райы қандай екен, байқаындар ма?
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Суретпен жұмыс:
Бүгінгі оқу іс - әрекетінде «Мен өскенде кім болам?» Мамандық түрлерімен танысамыз.
Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады.
- Дәрігер не істейді?
- Дәрігер адамдарды емдейді.
- Аспазшы не істейді?
- Тамақ пісіреді
- Тігінші не істейді?
- Киім тігеді
- Шаштараз не істейді?
- Шаш қияды
(Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады). Сондықтан бізге
барлықмамандықтар қажет. Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.
Сұрақ жауап:
- Айбек сенің әкең қайда істейді? -
- Суреттен жүргізушіні көрсетеді.
- Ал, Меруеттің анасы қайда істейді екен? -
-балаларға сұрақ қою
Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкеназамат
болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.
Балалар біз еңбек туралы қандай мақал – мәтел білеміз. (түсіндіру)
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек етпеген ішіп жемейді.
Балалар біз суретке қарап «Кім болам?» мамандығына
суретке қарап әңгімеқұрастырамыз.
Сергіту сәтін жасаймыз.
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстамайды жіптіде,
Екі қолым бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, дол салсақ
«Кім жоқ?» ойыны. Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып,
бір суретті жасырады. Қандай мамандық жоқ екенін табады. (Балалардың ойыны)
- Әр бала өз әке – шешесінің қайда жұмыс істейтінін айтып береді.
- Қалай ойлайсыңдар, мамандықтардың бәрі қажет пе?
Әр баланың жауабы тыңдалады
Қорытынды:
-Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Аспазшының қызметі қандай?
-Дәрігер не істейді?
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан балаларды мадақтау, мақтау.