Конспект "Математикалық белгілер бойынша Айсұлуды құтқару"
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Математикалық белгілер бойынша Айсұлуды құтқару»
Мақсаты: 1. Балаларды логикалық ойлау операцияларын, қиялдарын
қалыптастыруды жалғастыру.
2. Балаларды 7-ге дейінгі сандарды реттік санауын, заттарды
санауға, оларды цифрмен сәйкестендіруге және тура, кері
санауларын бекіту.
3. Геометриялық пішіндер туралы білім деңгейлерін,
заттардың
кеңістікте орналасу орнын анықтап, салыстыра білуін
бекіту.
4. Балалардың қиялын, логикалық ойлауларын , есте сақтау
қабілеттерін, дамыту.
5. Өздіктерінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Демонстрациялық материалдар:
1. Тіктөртбұрышты немесе шаршы тәріздес ақ беттер;
2. Геометриялық пішіндері бар беттер;
3. Тас пішіндес сандары бар беттер;
4. Қуыршақ;
5. санамақ таяқшалар;
6. белгілері бар карточкалар;
7. геометриялық пішіндер;
Үлестірмелі материалдар:
1. санамақ таяқшалар;
2. геометриялық пішіндер;
3. ақ беттер;
4. белгілері салынған карточкалар
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы:
Ізденуші-
ұйымдастырушы
Шаттық шеңбері.
Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Ертегілер әлемінде әкесі мен айдай
сулу қызы Айсұлу бірге өмір
сүріпті..Қызының ақылы көркіне
сай болыпты. Бір күні әкесі жұмыс
бабымен алыс сапарға шығыпты.
Ал айдай сұлу қызы үйде жалғыз
қалыпты. Айсулу серуендеп аулаға
шығады. Бір кезде қатты бір жел
қайдан келгені белгісіз соғып
кетеді. Жел Айсулуды айландырып
алып ұшып алысқа алып кетті.
Әкесі алыс сапардан үйге оралса ,
Айсулу үйде жоқ екен. Содан әкесі
қызын іздеуге шығады. Бір күн
жүреді, екі күн жүреді қараса,
алдында тауықтың аяғы бар бір
үй тұр екен. Балалар, ол үйде
мыстан кемпір тұрады екен . Әкесі
мыстан кемпірге қызы Айсулудың
жоғалып кеткенін айтады.
Мыстан
кемпір әкесіне көмектесемін деп
сөз береді. - Менде бір сиқырлы
табағым бар дейді.
Алманы алып табақтың бетіне
айналдырсаң, не керек екенін
көресің. Менің барлық
тапсырмаларымды орындасаң ғана
қызыңды көресің.дейді.
- Қарашы, қазір құпия картаны
коресің.
- Егер оны есіңе сақтап алсаң,
онда қызыңды іздеп табасың
және тапсырмаларды
балалармен бірге орындауың
қажет
- Балалар, Айсулудың әкесіне
мыстан кемпірдің берген
тапсырмасын орындауға
комектесейін пе?
- Балалар картаны көзімізбен
фотаға түсіріп аламыз да ақ
Иә көмектесейік
бетке соны орналастырамыз.
- Дәл картадағыдай етіп рет-
ретімен орналастырамыз.
- Картаның пішіні қандай?
- Картаның неше бұрышы бар?
- Жоғарғы жағында неше бұрышы
бар
- Төменгі жағында неше бұрышы бар
?
- Саусақтарымен оң жағындағы
бұрышты көрсетіңдер.
- Және сол жағындағы бұрышты
көрсетіңдер.
- Жоғарғы оң жағыңдағы геометриялық
пішіндерді атаңдаршы ?
- Төменгі оң жағындағы геометриялық
пішіндерді
атаңдаршы балалар.
- Ал енді сол жағындағы жоғарғы
жақтағы геометриялық пішіндерді
атаңдар.
- Төмендеғі сол жағындағы
геометриялық пішіндерді атаңдар.
Жарайсындар балалар.
- Картада барлығы неше геометриялық
пішіндер бар?
- Шаршы мен тіктөртбұрыштың саны
бірдей болуы үшін не істеу керек?
Сонымен балалар картаның құпиясы
неде жатыр екен?
Біз нені білдік?
- Картаның пішіні қандай екенін?
- Неше бұрышы бар екенін?
- Қандай геометриялық пішіндерден
құралған?
- және оң жағы мен сол жақтарында
неше бұрыш орналасқанын білдік.
- Әкесі: Балалар, Айсулудың әкесі
сендерге көмектескендерің үшін алғысын
айтып жатыр. Жарайсыңдар балалар.
Кәнеки бәріміз дұрыс отырайық. Әкесі
енді мыстан кемпірдің екінші
тапсырмасын орындауға кіріседі .
Ол қандай тапсырма екенін көрейік?
Карточкамен жұмыс екен.
Балалар алдарыңда мына сияқты
карточка жатыр.
Тіктөртбүрышты
4 бұрышы бар
2 жоғарғы
бұрышы бар
2 төменгі бұрышы
бар
2 тіктөртбұрыш
Ұшбұрыш
Барлығы 7
геом.піндер
Косамыз , аламыз.
Тіктөртбұрыш
4 бұрышы бар
Шаршыдан,
дөңгелектең.
Ұшбұрыштан
Қанеки, Айсулудың әкесіне тағы бір рет
комектесіп жіберейік, өйткені ол
қиналып тұр.
Алдарыңдағы жатқан карточкадағы
белгіленген белгі бойынша және сандарға
сәйкес, геометриялық пішіндерді
орналастырыңдар. Мысалы бәріміз бері
қараймыз (тәрбиеші көрсетеді) бірінші
тордың ішіндегі белгі қандай пішінді
корсетеді?
Мына белгі кіші пішінді корсетеді.
Жарайсындар балалар. Айсулудың әкесі
сендердің көмек бергендеріңе рахмет
айтып жатыр.
Сонымен, балалар біз карточкамен не
істедік ?
Қандай геометриялық пішіндерді
орналастырдық ?
Дұрыс балалар жарайсыңдар. Мінек ,
сендердің білімдеріңнің арқасында
тағыда Айсулудың әкесі мыстан
кемпірдің тапсырмасын орындап
шықты. Рахмет сендерге.
Қәнеки балалар ақырын орнымыздан
тұрайық, жан-жағымызға қарап алайық.
Аяғымыздың ұшымен былай жүрейік,
күзетшілер байқап қалмасын.
Алдымызда биік баспалдақтар бар,
аяғымызды былай жоғары көтеріп,
көтеріп жүрейік, ал басымызды ақырын
төмен бұғып жүрейік, енді ақырын,
ақырын аяқтың ұшымен тастан тасқа
секіріп жүрейік (таңғалып)
- Ах! Балалар қараңдаршы қандай әдемі
зәулім сарай, ертегідей қандай әдемі,
керемет екен Балалар, Айсулу мүмкін
осы сиқырлы сарайда шығар. Қәнеки,
есігін ашып кіріп көрейік пе?
- Ой, есігі ашылмайды ғой. Балалар біз
қиын жолдардан өттік, енді ақырын
орнымызға отырайық.
- Сиқырлы табақты алып алманы
айналдырып көрейік.
- Қараңдар балалар мында тағы бір
тапсырма бар екен. (қағазды алып
«Ү» пішінді
көрсетеді
Орналастырдық
Дөңгелекті,
шаршыны,
сопақшаны,
үшбұрышты
орналастырдық
Иә.
Рефлексия
оқиды) ой, мында тастың
суреттері ғой.
- Бұл тастар жай тастар емес,
сиқырлы сандары бар тастар екен
балалар.
- Сандары бар тастарды рет-ретімен
орналастырып жинау керек.
-Қанеки ретімен тура санайық:
1,2,3,4,5,6,7 дұрыс, енді кері санайық:
7,6,5,4,3,2,1 дұрыс балалар.
- Егер біз дұрыс санасақ, онда есік
ашылады, қанеки ашып көрейік.
ашылмады.
- Сиқырлы табағымыздағы алманы
айналдырайық. Қараңдар балалар мында
тағы бір тапсырма бар екен, көрейік ол
қандай тапсырма екенін.
- Балалар, алдарыңда сиқырлы
таяқшалар жатыр, қазір біз сол
таяқшалардың көмегімен тапсырманы
орындаймыз.
- Қазір біз сиқырлы таяқшалардан
геометриялық пішіндерді құраймыз, 5
таяқша санап алыңдар, енді сол 5
таяқшадан 2үшбұрышты бірге құрайық,
- Енді 7 таяқшаны санап алайық та, сол
7таяқшадан 2 бірдей шаршыны
құраймыз. Дұрыс түсі қандай?
- Шаршының неше бұрышы бар?
- 7 таяқшаны санап алайық, енді сол 7
таяқшадан 3 бірдей үшбұрыш құрайық,
жарайсыңдар балалар.
- Үшбұрыштың неше бұрышы бар екен?
- Үшбұрыштың түсі қандай?
- Сонымен балалар таяқшалар сиқырлы
болып шықты иә?
- Қандай геометриялық пішіндерді
сиқырлы таяқшамен құрадық?
Жарайсыңдар балалар дұрыс
айттыңдар.
Біз Айсұлудың әкесімен бірге мыстан
кемпірдің барлық тапсырмаларын
орындап шыққан сияқтымыз. Енді
Зәулім сарайдың есігін ашып көрейік те,
Айсұлуды босатып әкесімен
Қызыл
4 бұрышы бар
3 бұрышы бар
Түсі көк
Иә
Шаршы мен
үшбұрыш
табыстырайық.
(тәрбиеші сарайдың есігін ашады да,
қуыршақ Айсұлуды шығарады)
Айсұлу балаларға алғысын білдіреді
мадақтайды, балалар сендердің
біліктіліктеріңнің арқасында мен
әкеммен бірге болатын болдым
рахмет деп айтып жатыр.
Айсұлу: балалар, сендерге алғысымды
білдірте отырып, мына күндей
жарқырасын деп күннің шуағын
сыйлаймын. (күннің суретін береді)
«Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді
жығады» деген мақалда айтылғандай,
әрдайым білімді болып жүрейік.
- Бүгінгі сабақ қызықты болды ма ?
- Қиналған жерің болды ма ?
- Қай тапсырма қиын болды ?
- Өзіңді мақтай аласың ба ? Не үшін
- Кімнің жауабы саған ұнады ? Не
себепті ?
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: 1-ден 7-ге дейінгі
сандардың реттік санауын, тура, кері
санауын білуі;
Меңгеруі қажет: заттардың
кеңістікте орналасуын анықтау,
салыстыра білуі;
Игеруі қажет: математикалық белгілер
бойынша геометриялық пішіндерді
орналастыра білуі.