Технологическая карта урока "Табиғат жанашыры"
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Табиғат жанашыры».
Мақсаты:Балалардың табиғатқа деген жанашырлығын таныту.
Білімділік:Балаларға,табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіру.
Дамытушылық:Табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Табиғаттың аң-құстарына, өсімдіктеріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі::Кейіпкерлер:Жер-Ана,Сайқымазақ,табиғат суреттері, слайд, үнтаспа «Табиғат үні»
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты ,
Алтын сәуле таратты.
Жайнай түссін даламыз,
Жайнай түссін қаламыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің қандай айлары бар?
Қазір күздің қай айы?
Балалар шеңберде тұрып ,
қимылмен қайталайды
Күз
Қыркүйек қазан қараша
қараша
Ұйымдастыру-
іздену кезеңі
Ғажайып сәт: Құстардың,ағаштардың,судың
дыбысы естіледі. Балалар, бұл ненің дауысы?
-Дұрыс айтасыңдар , олай болса біздің, бүгінгі оқу
іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Табиғат
жанашыры» - деп аталады.
Слайд
- Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді
қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат
туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді . Өлі
табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас,
топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар,
жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп -
өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат:
қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді,
қозғалмайды, жүрмейді.
Билингвалды компонент: Табиғат- орыс тілінде
«природа»
- Балалар,біздің төбемізде күлімдеп,
жарқырап не тұрады? - Егер,күн шықпаса
көңіл-күйіміз қандай болады?
- Балалар,дұрыс айтасыңдар.Күн бізге
шуағын шашады.Жер бетіндегі тіршілік
иелерінің барлығы, күннен нәр алады.Күн
шуағын шашқан кезде, біздің де көңіл-
күйіміз көтеріліп, жадыраймыз, ойнаймыз.
- Табиғатқа тағы да не жатады?
- Дұрыс айтасыңдар. Ауа не үшін қажет?
- Дұрыс, ауасыз дем ала алмаймыз.
- Ауа, бізге аспан арқылы келеді ауа болмаса
тыныстай алмас едік. Барлық тіршілік
иелері ауасыз өмір сүре алмайды.
-Табиғаттың дауысы.
Судың ,құстардың
- Күн тұрады.
-Жабырқаулы боламыз.
-Жер,ауа,су,тау-тас,өсімдіктер,
ағаштар,құстар жатады.
-Жерде жүреміз,өмір сүреміз.
-Біз тыныс алу үшін керек.
-Иә,тамақта сумен пісіреді,
- Су бізге керек пе?
- Дұрыс айтасыңдар, су-тіршілік көзі. Сусыз
ешкімде өмір сүрмейді.Жер бетінде өсіп
жатқан егін де, гүлдер де, ағаштар да
жануарлар да, сумен қоректенеді.
Сондықтан суды орынды пайдалануымыз
қажет.
- Тау-тас не үшін керек?
- Дұрыс айтасыңдар, тау-тас табиғаттың сәні
болмақ. Олар өспейді, өнбейді.Тек қана
табиғаттың сәні үшін қажет.
- Ал, құстар не үшін керек?
- Өте жақсы, құстар жерді құрттан тазартады,
оларға қамқорлық жасауымыз керек Ұя
жасап, жем, су беріп, нанның қоқымын
беріп, қамқор болу керек.
- Ал ағаштар не үшін қажет?
- Дұрыс айтып отырсыңдар, біз күннің ыстық
кезінде, яғни жаз мезгілінде өскен ағаштың
саясында, көлеңкесін де дем алып отыруға
септігін тигізеді. Балалар, қараңдаршы
сондықтан табиғатқа жанашырлық
танытып, оларды күтуіміз керек. Ауаны
ластамай, күл қоқысты тастамай, жерді
баптап күтуіміз қажет.
(Есік қағылады.Тарсылдатып,Сайқымазақ
кіреді,арқасына асынған дорбасы бар).
- Сәлеметсіңбе, Сайқымазақ, сен
«Жәнібек»балабақшасының «Гүлдер»
тобына келдің, тобымызға «қош келдің»,
төрлет! Арқаңдағы асынған не дорба,ішін
де не бар?
- Азықтарыңды, біздің топтың балаларына
әкелген боларсың?
- Сайқымазақ,сенің бұның не?
(Сол,кезде есік қағылып, ішке Жер-Ана кіреді).
Шашылған заттарды көріп, былай-дейді:
- Сәлеметсіз бе,Жер-Ана, қош келдіңіз,бұл
Сайқымазақ қой, шашқан.
- Сайқымазақ, Жер-Анамыз, ашулы екен,
көрдіңбе, өсімдіктерді таптап, ауаны
ластап, шашқаның жарамады.
- Балалар, Сайқымазақ, Жер-Анаға не деп,
айту керек?
- Дұрыс айтасыңдар, Жер-Анадан кешірім
сұрағаның жөн.
- Қанекей, балалар Сайқымазаққа
көмектесейікші.
(Жер-Ананың көңілін аулап, сергіту жаттығуын
жасатады.
(Музыка әуені ойналады).
Сергіту сәті: Сайқымазақпен би:
(Сайқымазақпен қоштасу).
кірді де сумен жуады.
-Тау-тас табиғаттың сәні.
Олар жердің құртын жейді.
-Ағашты күтіп,баптап,суарып
отырсақ ,олар өсіп,бізге
көлеңке болады.
- Сайқымазақ:- Сәлеметсіздер
ме?,мен қайда тап болдым,ә-ә-
ә(таң қалу).
-Бұл дорбада азықтар бар.
-Жоға, өзім жеуге
әкелдім.(деп,ішіндегі тамағын
ала сала жеп жан-жағына
лақтыра бастайды,да шашады)
ЖерАна: «Оу,балаларым,
мынау не табиғатты таптап,
ауаны ластағандарың?!
Табиғатты көздеріңнің қарашы-
ғындай сақтап, игіліктеріңе
жаратпайсыңдар ма? Табиғат
өздеріңді қоршаған орта емес
пе?! Күл-қоқыстарды , қоқыс
тастайтын жәшіктерге, тастау
керек емес пе, солай ма?
Жер-Анадан кешірім сұрау
керек.
Сайқымазақ:(Шашылған
қоқыстарды жинау),
Сайқымазақ өз істеген ісіне
ұялып, балалардан да кешірім
сұрайды)
-Мен бәрін түсіндім,ауаны
ластағаным жарамады,
- Жер-Ана, енді сіздің құрметіңізге,біздің
балаларымыздың табиғат туралы өлеңдерін
қабыл алып, бірге тамашалаңыз.
(Балалардың жыр-шумақтары).
Дидактикалық ойын: «Қай мезгіл деп ойлайсың?»
Жер ана жыл мезгілдеріне байланысты
жұмбақтар жасырады. Балалар сол
жұмбақтарды жауабын айтады.
Жұмбақтар:
Шанамен зырлап жететін,
Шаңғы ,коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезігіл деп ойлайсың?
- Балалар, жарайсыңдар, өте ақылды
екенсіңдер.
- Жер-Ана, біздің бүлдіршіндеріміз, табиғат
туралы біраз мағлұматтар алды.
Адамдардың қасиеттерінің бірі-табиғатқа
жанашырлық танытып,аялау.
- Оны,бүгінгі қателік жасаған-
Сайқымазақтың іс-әрекетінен біліп,
табиғатсыз өмір сүре алмайтындығымызға
көзімізді жеткіздік. Қане, енді балалар,
Жер-ана мен қоштасайық.
- Балалар, қане бәріміз ортаға келіп,
суреттерден табиғат бейнесін құрастыра
отырып, жапсырайық.
кешіріңіз -Жер-Ана,
бұл қоқыстарды үйіме әке-
тіп, қоқыс тастайтын жәшікке
тастаймын . Балалар,рахмет
маған көмектескендеріңе,
кешіріңдер, енді олай
істемеймін. Балалар, қанекей,
Жер-Ананың көңілін көтеріп,
сергіту сәтін орындайықшы.
-Жер-Ана: -Менің көңілім
көтерілген сияқты.
-Сайқымазақ: Ал,енді мен
қайтайын, өз қатемді түзететін
болдым. -Сау болыңдар.
-Жақсы,тыңдайын.
1-бала:
Табиғат-бүкіл тіршілік
атауының алтын ұясы, аялы
бесігі, менің өсіп, өнген өлкем.
2-бала:
Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат,
Бізде аман боламыз.
3-бала
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша. .
Балалар жұмбақтың шешуін
табады.
Балалар табиғат бейнесін
жапсырады
Рефлексивті
түзету
- Балалар, табиғат нешеге бөлінеді?
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Ал тірі табиғатқа ше?
- Бүгін бізге кімдер қонаққа келді?
Табиғат сөзі орыс тілінде қалай аталады?
Табиғат-орыс тілінде «природа»
Екіге бөлінеді
Су,ауа,жер,тас,тау
Ағаштар, жануарлар,құстар
Жер-ана, Сайқымазақ
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Табиғаттың не екенін , Қоршаған орта жайлы ақпараттарды , толық білді.
Игерді:Табиғат адамнан қамқорлықты, жанашырлықты, тазалықты күтетінін игерді.
Меңгереді:Осы тақырыпта ойларын ашық айтуды меңгерді.
- Буратино:- Сәлеметсіздер ме?,мен қайда тап болдым,ә-ә-ә(таң қалу).
-Бұл дорбада азықтар бар.
-Жоға,өзім жеуге әкелдім.(деп,ішіндегі тамағын ала сала жеп жанжағына лақтыра бастайды,да
шашады)
Буратино:(Шашылған қоқыстар- ды жинау),Буратино өз істеген ісіне ұялып, балалардан да
кешірім сұрайды)
-Мен бәрін түсіндім,ауаны ластағаным жарамады, кешіріңіз -Жер-Ана,
бұл қоқыстарды үйіме әкетіп,қоқыс тастайтын жәшікке тастаймын.Балалар,рахмет маған
көмектескендеріңе, кешіріңдер,енді олай істемеймін.Балалар,қанекей, Жер-Ананың көңілін
көтеріп, сергіту сәтін орындайықшы. /Би буратино/
-
-Буратино:Ал,енді мен қайтайын,өз қатемді түзететін болдым.-Сау болыңдар.
ЖерАна:«Оу,балаларым, мынау не табиғатты таптап, ауаны ластағандарың?!
Табиғатты көздеріңнің қарашы-
ғындай сақтап,игіліктеріңе жаратпайсыңдар ма? Табиғат өздеріңді қоршаған орта емес пе?! Күл-
қоқыстарды, қоқыс тастайтын жәшіктерге, тастау керек емес пе, солай ма?
Жер-Анадан кешірім сұрау керек.
Жер-Ана:-Менің көңілім көтерілген сияқты.
-Жақсы,тыңдайын.
1-бала:
Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат,
Бізде аман боламыз.
Бек: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша. .
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.