Конспект ОУД "Табиғат бұрышын мекендеушілер. Жақсылық жасау күні"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Социум.
Пән/Предмет: Экология
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Өлі және тірі табиғат»
Тақырыбы/Тема: «Табиғат бұрышын мекендеушілер» «Жақсылық жасау күні»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: табиғат бұрышын мекендеушілерге деген қамқорлық
сезімдерін арттыру. Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балаларды табиғат бұрышын мекендеушілерге күтім
жасауға қатыстыру. бақылау жүргізе білуді дамыту, талдау, қорытынды жасау, оларды
сөйлегенде қолдану. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: «Жақсылық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау, жәндіктер туралы қарапайым
түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, жәндіктер),
өсімдіктер туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын
әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қағаздан жасалған жүрекше,
Лэпбук «Жәндіктер», сәнді өсірілген гүлдер, аквариумдағы балықтар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: табиғат бұрышы –уголок
природы, балық – рыба, көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза,
қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа – муравей.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар дөңгелене тұрып, қолдарына қағаздан жасалған жүрекшені алып,
бір-біріне жылы сөздер мен тілек айтып ұсынады.
Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.
Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.
Жаса, жаса, жақсылықты сен жаса.
Жақсылықты жасайық біз бәріміз.
Балалар «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жақсылық жасау дегеніміз – тек қана адамдарға емес, қоршаған ортаға, жануарларға,
өсімдіктерге барлығына қамқорлық көрсету, қайырымды болу.
- Балалар сендер әрдайым адамдарға жақсылық жасап жүресіңдер, біз бүгін тобымыздағы
өсімдіктер мен жануарларға жақсылық жасайық.
-Балалар айтыңдаршы біздің топта гүлдер, балықтар және жәндіктер қай жерде
орналасқан?
-Дұрыс айтасыңдар, табиғат бұрышында.
Билингвалдық компонент: табиғат бұрышы –уголок природы
-Балалар барлығымыз назарымызды табиғат бұрышына аударайық.
Табиғат бұрышында не бар?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Ең алдымен гүлдерді тамашалайық.
-Балалар өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі
етіп қоймай, бөлменің ауасын тазартады. Гүлдер бізге көп жақсылық жасайды екен. Бізде
жақсылық жасау күні қарсаңында гүлдерге қамқорлық жасайық.
Билингвалдық компонент:гүлдер – цветы
Ал сендер гүлді күту ережелерін білесіңдер ме?
Гүлдің жапырақтарын шаңнан қалай тазалаймыз?
Гүлдер жақсы өсу үшін не қажет?
Жарайсыңдар, балалар! Егер сендер гүлдерге дұрыс қамқорлық жасайтын болсаңдар,олар
біздің жерімізді сәнге бөлейді.
Балалар қараңдаршы табиғат бұрышында қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?
-Табиғат бұрышындағы жануарларды күту үшін нені білу керек?
- Алдымен аквариумда өсірілетін балықтармен танысайық.
-Балықтарды міндетті түрде аквариумда өсіру керек. Неге?
-Балықтарды қалай күту керек? Аквариумда не болуы тиіс? Балдыр не үшін керек?
-Аквариумдағы балықтардың пішіні қандай? Аквариумда қандай балықтар өсіріледі?
Дұрыс айтасыңдар, балықтарға уақытымен тамақ беріп, суын тазалап отырсақ бұл да
жақсылық болып табылады.
Лэпбук арқылы жәндіктердің суретін көрсету, жеке - жеке айтқызу. Билингвальді сыңарын
айтқызу: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья
коровка, қоңыз - жук, құмырсқа – муравей.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты алып қолына
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады.
Ойын. «Жақсы бала қандай?»
Балалар шеңберге тұрып, жақсы іс-әрекеттерді жылдам айтып, бір-бірінің алақандарын
ұрады.
Жеке жұмыс: Амина сен жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
- Арсен сен өзің қандай жақсылық жасай аласың?
3.Қорытынды/итоговая часть:
- Балалар «Жақсылық жасау» дегеніміз не екен?
- Жақсылық жасауды қайдан үйрендіңдер?
-Біз бүгін нелерге жақсылық жасадық?
-Балалар айтыңдаршы гүлдердің бізге қандай пайдасы бар?
-Балалар біз бүгін қандай табиғат бұрышын мекендеушілермен таныстық?
-Қандай жәндіктерді білеміз?
- Ал біз өз балабақшамыздағы жануарларға қалай күтім жасаймыз?
Жарайсыңдар балалар, әрдайым бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіріп, тұла бойымызға
таратып, жүрегіміздегі жақсылыққа толтырайық. Балаларды мадақтау.