Классный час "Табиғат құбылыстары"
Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушылардың дене,зат туралы алған білімдерін тиянақтау,әрі
жетілдіру.Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.
2. Дамытушылық:
Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін
арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;
3. Тәрбиелік:
Қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграммасы,
топтастыру, баяндау,
Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары ), сызбалар, үлестірмелі
қағаздар,слайд, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.
Cыныпты түгендеу.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Бейсенбінің күні,
Сәттілікке толсын!
Бүгін алар бағамыз,
Кілең “бестік” болсын
Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
( топқа бөлу )
• 1топ-Шуақтар
• 2 топ- Тамшылар
• 3 топ-Жұлдыздар
4 топ- Кемпірқосақ
Топ ережесін құру, таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сиқырлы қорапша» ойыны.
1. Дене деген не?
2. Дене нешеге бөлінеді?
3. Табиғи денені атап шық.
4. Жасанды денені ата.
5. Табиғи дене нешеге бөлінеді?
6. Тірі денелерді атап шық.
7. Өлі денелерді ата.
8. Зат қасиеттерін атап шық.
9. Дене неден тұрады?
( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).
Тақтаға « дене », « зат », сөздері ілініп, ойлары тұжырымдалады.
III. Жаңа сабақ. Ой қозғау.
а) Оқушылардан жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер туралы сұрау.
Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.
Жазда күн ысиды, жел соғады.
Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.
Қыста қар жауады, боран болады.
Ойларын жинақтау.
Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде танысамыз.
Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру.
ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды. Ағаш өседі, құлайды, шіриді.
Жан-жануарларда өседі, көбейеді, өледі.
Ертеңілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады.
Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел
соғады, қар ериді, су тасиды.
Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.
Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.
Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып,
олар шоғырланып бұлт құрайды.
Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста
биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға
айналады.
Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары
бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші
бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр
ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді.
Слаидтағы суреттерді дыбыстарын ести отырып,көрсету.
Сергіту сәті «Би қимылдары»
Шығармашылық жұмыс:
Топпен жұмыс :Табиғат құбылыстарының суреттерін сала отырып,бекіту.
Табиғаттағы табиғи апаттарды атап,таныстыру, олардан сақтанудың
жолдарынталқылау.
Табиғат болжамдарын топта талқылау,бір-бірін толықтыру.
Слаидтағы болжамдармен такныстыру.
Венн диаграммасы.
1-топ жаңбыр-қар
2-топ жел-боран
3-топ күн-түн
4-топ су-мұз
IV. Дәптермен жұмыс.
Шағын эссе «Табиғатты аяла»
V. Жұмбақтар жасыру.
1. Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.
( бұршақ )
2. Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
( жел )
3. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
( найзағай )
4. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
( күн )
5. Арыстан ақырады,
Орман жаңғырады.
( найзағай )
VI. Сабақты қорыту.
Жаңбыр жауып басылсын,
Көк аспаным ашылсын.
Көңіл ,қуат, жыр беретін,
Күн шуағы шашылсын! -дей келе оқушылар « Жау-жау, жаңбыр » әнін
орындайды.
VIІ. Бағалау.
Әр топтағы балалар өз еңбектеріне баға береді.
VІІІ . Үйге тапсырма.
Мәтінді оқу. 34-35 бет « Табиғатты аяла » эссе жазуды аяқтау.
ІX. Сабақты аяқтау.
Табиғат
құбылыс-
тары
Түн
Боран
Жел
ЖаңбырНайзағай
Дауыл
Қар
Көкшетау қаласы
№15 негізгі жалпы білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Табиғат құбылыстары»
Дүниетану 3 «ә» сыныбы
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі
Макиш Акку Мерекеевна
2015-2016 оқу жылы