Конспект ОУД "Бұл қай кезде болады"
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас. Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы/Тема: «Бұл қай кезде болады»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Табиғат сұлулығын сезіне білу, қамқорлық көрсетуге
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Табиғат құбылыстарын атай отырып, сөйлеуін,
тілін дамыту. Қоршаған ортамен таныстырып, қоршаған ортаға деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
3.Оқыту – обучающая: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту. Қыс мезгілінің
белгілері туралы білімдерін тереңдету; осы мезгілге тән құбылыстармен таныстыру;
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: слайд, аңдардың бейнесі
және азықтары бейнеленген карточка, жыл мезгілдерінің суреттері
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қыс-зима, қар-снег
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт. Музыкамен топқа Табиғат ана кіреді.
Мен Табиғат анамын!
Жайдары жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге
Оған достым таң қалма!
Табиғат ана жұмбақ жасырады.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады? (Қыс мезгілінде)
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар
жауып тұр.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп
суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып
көрінеді.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег.
Слайд бойынша қыс мезгілінде болатын құбылыстарды атау.
- Қыс мезгілі қандай болады екен?
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Қыста қай аңдар ұйқыға кетеді?
Табиғат ана: Жарайсыңдар,балалар.Менің сендерге бір тапсырмам бар.Ормандағы
аңдар сендерден көмек сұрайды.
«Аңдарға көмектесейік» ойыны
- Балалар, бізге орманнан аңдар көмек сұрап келіпті. Олар қысқы азығын жинап
үлгермей жатыр екен. (Тиін, аю, кірпі, қоян)
Әңгімелейді. Әр аңның азығын тауып береді.
Сергіту сәті
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Жалт-жұлт еткен бейне бір,
Ұшып жүрген көбелек.
«Не артық?» дидактикалық ойын
Қыс мезгіліне жатпайтын суретті тауып, қарындашпен қоршайды.
Жеке жұмыс: Дильназ, Амирхан тапсырманы тақтада орындайды.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ыс-ыс-ыс, Келіп қалды қыс.
Ар-ар-ар, Қандай аппақ қар.
Ша-ша-ша, Жап-жасыл шырша.
Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістер туралы білімдерін жетілдіру.Ойлау
қабілеттерін дамыту.
Шарты: Сары-қызыл жапырақтар қандай жыл мезгілінде болады?
Қар қай жыл мезгілінде жауады?
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі қандай болады екен?
Табиғат ана: Жарайсыңдар балалар!Сендер өте ақылды екенсіңдер.
Жақсы жауап берген балаға жұлдызша таратып береді.