Конспект ОУД "Бізді қоршаған ортаға саяхат"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы/Тема: «Бізді қоршаған ортаға саяхат»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған ортаны қадірлей білу және
қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың логикалық ойлау іс -
әрекетін дамытып, жан - жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін
есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: «Бір-бірден», «Бірде біреуі жоқ» ұғымдарын
ажырату дағдыларын жетілдіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ағып жатқан бұлақ,
тастар, алма ағашы, алмалар, күн мен жаңбыр суреттері
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бір-бірден - по
одному, бірде біреуі жоқ – ни одного
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Біз бүгін «Бізді қоршаған ортаға» саяхатқа шығамыз.
Психологиялық сәт: (музыка қою)
Балалар саяхатқа немен баруға болады?
Дұрыс айтасыңдар, ал біз бүгін поездбен барамыз.
Орындықта отырып, көзімізді жұмып, өзімізді поезда отырғандай сезінейік.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Тәрбиеші сөзі:
Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Құстардың
даусы, гүлдер жайнап өсіп тұр. Өзен - көлдер сылдырлап ағып жатыр,
Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі.
Мөлдір бұлақтың кездеседі:
-Балалар қараңдаршы бұлақтың ағысына тастар үйіліп қалыпты, қане біз
тастарды алып тастайық.
-Айлин сен бір тасты алып тастай ғой.
-Айлана сен бір тасты алып таста, осылай бәріміз бір-бірден алып тастаймыз.
-Әділбек қарашы бұлақтың ағысында тастар қалды ма?
-Жоқ, жарайсыңдар балалар, біз бұлақтың еркін ағуына көмектестік.
Тастарды бір-бірден алып тастадық. Қане қайталаймыз: «бір-бірден»
Билингвалдық компонент: бір-бірден - по одному.
Бұлақ бізге риза болып, өзінің суын береді. Бұлақтан су ішеміз.
Ал, енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
Алдымыздан алма ағашы кездеседі.
Алма ағашы: -Балалар, менің алмаларым жерге түсіп жатыр, оларды жинауға
көмектесесіңдер ме?
-Балалар алмаларды бір-бірден жинайық.
-Айару қарашы жерде алма қалды ма?
-Жоқ, қане бәріміз «бірде біреуі жоқ» деп қайталайық.
Билингвалдық компонент: бірде біреуі жоқ – ни одного
Алма ағашы қуанып, сендерге өзінің алмаларын сыйға тартады.
Ал енді саяхатымызды жалғастырайық.
Раушан гүліне кездесеміз. -Балалар қараңдаршы, раушан гүлі көңілсіз. Қане
біз раушан гүлін сергітіп, жаттығу жасайық.
Сергіту сәті:
Таң атқанда күн шығып,
Гүл ашады қауызын.
Желмен бірге тербеліп,
Теңселеді ақырын.
- Балалар, рақмет сендерге, мен бір сергіп қалдым.
Балалар қараңдаршы аспанда күн жарқырап тұр. Қане, ойын ойнайық.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді.
Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген
сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың
артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар,
серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгін көп жұмыс жасадыңдар, енді балабақшамызға
қайтайық.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхатқа шықтық?
Мөлдір бұлаққа қалай көмектестік?
Тастарды қалай алып тастадық?
Алма ағашына қалай көмектестік?
Жерде алма қалдыма?
Дұрыс жерде «бірде біреуі жоқ» қалмады.
Балаларды мадақтау.