Конспект урока "Металдарға саяхат!"

Сыныптан тыс шара: «Металдарға саяхатинтеллектуалдық ойыны
Күні___ _________
Тобы_ _
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,
ақылдылығы мен жылдамдылығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, пәнге деген
қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Дамытушылық. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту компьютерлік
іскерлігін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау
қабілетін дамыту, оларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, суреттер, компьютерлік презентация
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! «Металдарға саяхат!»
интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып
отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз!
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Бірінші топ: ТОР-921 1 топша
Екінші топ: ТОР-921 2 топша
Жүргізуші: Ал, олай болса, «Металдарға саяхатинтеллектуалдық ойынымызды
бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен, «Металдарға саяхат ойынының шартымен таныс
болыңыздар!
Ойын 4 турдан тұрады.
1-тур- «Бәйге»
2-тур- «Көкпар»
3-тур- «Үй тапсырмасы»
4-тур-« Алхимик»
Жюри мүшелері сәйкес келген жауаптарға 1 балл береді. Ең көп жинаған топ жеңімпаз
болады.
Жүргізуші: Ойын ережесімен таңыс болыңыз:
1-турда әр түсте 3 сұрақтан бар, әр сұрақ 1 балл. Сұрақтар әр топқа кезекпе кезек
қойылады.
Олай болса, 1 – турды бастаймыз.!!! Алғашқы сұрағымызды тыңдаңыз
Жүргізуші: Түсті металдар 1 сұрағы: Дүниежүзінде қанша түсті металл
балқытылады
Жауап варианттары:
1. 70 астам
2. 80 астам
3. 50 астам
4. 100 астам
Жауабы: 1
2 сұрақ: Түсті металдарды атаңыздар?
Жауап варианттары:
1. Мыс, алюминий, титан, күміс, никель, қорғасын
2. Қалайы, темір, жез, алтын,мырыш
3. Қорғасын, алтын. болат, қола
4. Алюминий, титан, фосфор, шойын Жауабы:1
3 сұрақ: Бағалы түсті металдарды атаңыз?
Жауап варианттары:
1. Натрий, титан, платина, алтын
2. Қалайы, фосфор , алтын
3. Платина, алтын, күміс
Жауабы: 3
Жүргізуші: Болаттар 1 сұрағы: Құрамында 0,023%...2,14% көміртегі бар темір мен
көміртегінің қорытпасы қалай аталады?
Жауап варианттары:
1. Шойын
2. Болат
3. Таза темір
Жауабы:2
2 сұрақ: Болаттың маркісінде«А» әрпі соңында түрса, ол нені көрсетеді? Мысалы: У7А
Жауап варианттары:
1. Жоғары сапалы
2. Құрамындағы көміртегінің шамасы
3. Иілудегі беріктік шегін Жауабы:1
3 сұрақ: Болаттағы қандай қоспалар зиянды болып табылады?
Жауап варианттары:
1. сутегі, көміртегі, фосфор, оттегі
2. күкірт, фосфор, оттегі, сутегі
3. оттеггі, кремний, күкірт, сутегі
4. кремний, марганец, көміртегі
5. кремний, күкірт, марганец, сутегі Жауабы:2
Жүргізуші: Шойындар 1 сұрағы: Құрамында көміртегінің шамасы 2, 14% жоғары
болатын темір мен көміртегінің қорытпасы қалай аталады?
Жауап варианттары:
1. Шойын
2. Болат
3. Таза темір
4. Ферроқорытпа
Жауабы:1
2 сұрақ: 2 сұрағы СЧ15 деп белгіленетін шойын аталғандардың қайсысы?
Жауап варианттары:
1. Беріктігі жоғары шойын
2. Сұр шойын
3. Ақ шойын
4. Созылмалы шойын
5. Антифрикционды шойын Жауабы:2
3 сұрақ: Шойын көрсетілген құрылғылардың қайсысында өндіріледі?
Жауап варианттары:
1. Мартен пешінде
2. Кенвентор пешінде
3. Домна пешінде
4. Томос пеші Жауабы: 3
Жүргізуші: 2-тур- «Көкпар» бұл турда әр командаға 10 сұрақтан қойылады. (Шапшаңдық
ескеріледі.)
1 топқа. 1 сұрақ: Болаттың маркасында қандай легірлеуші элемент «Г» әрпімен
белгіленеді? Жауап: Марганец
2. Көміртекті аспаптық болат қалай таңбаланады? Жауап: У7
3. Бөлшек материалының бет қабатын кремниймен диффузиялық қанықтыру қалай
аталады? Жауап: Силицийлеу
4. Бөлшек материалының бет қабатын алюминиймен диффузиялық қанықтыру қалай
аталады? Жауабы: Алиттеу
5. Аталған қоспалардың қайсысы шойын үшін зиянды? Жауабы: Күкірт
6. Қандай металмен қапталған темірді ақ қанылтырдеп атайды? Жауабы: Қалайы
7. Айна дайындауда пайдаланылатын металл? Жауабы: Индий
8. Қазақстанда мыс кендерінің орналасуы? Жауабы: Жезқазған,Қонырат, Балхаш
9. Қола құймасы Жауабы: Қалайы, алюминий, кремний, мыс (мырыш негізгі қосылма
болып табылмайтын) қорытпасынан тұрады
10. Сұйық металды атаңыз? Жауабы: Сынап
2-топқа. №1 сұрақ: Болат маркісінде қай легірлеуші элемент«Ю» әрпімен белгіленеді?
Жауап: Алюминий
2. Жай сапалы конструкциялык болат қалай таңбаланады? Жауап: Ст 3, Ст 5....
3. Бөлшек материалының бет қабатын көміртегімен диффузиялық қанықтыру қалай
аталады? Жауап: Алиттеу
4. Бөлшек материалының бет қабатын бірден көміртегі және азотпен қанықтыру қалай
аталады? Жауабы: Циандау
5. Аталған қоспалардың қайсысы шойын үшін пайдалы қоспа? Жауабы : Кремний
6.Қандай сұйық металл техникалық приборларда пайдаланылады? Жауабы: Сынап
7. Екі есе судан жеңіл металды атаныз: Жауабы: Литий
8. Жез құймасы Жауабы : 10%Sn , 90% Cu
9. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл атаңыз? Жауабы: Иод
10. Ең жеңіл металл атаңыз? Жауабы: Литий
Жүргізуші:
3-тур- «Үй тапсырмасы»
Бұл турда әр команда үйге берілген тапсырма бойынша шағын көрініс жасау керек
болатын. «Үй тапсырмасы»-на қойылатын жоғарғы балл 10.
Ендеше, барлығымыз екі топтың да үй тапсырмасын тамашалайық.
Жүргізуші: 4-тур-«Алхимик». Бұл турда әр топтан оқушылар сиқырлы сандықтан қағаз
суырып онда жазылған «Ғажайып жұмбақтарды» шешіп, жауабын айтады.
Ақ түйір айналады тыныш таппай,
Жүргендей су бетінде орын жоқтай, бұл не? (Na)
Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде (Алюминий)
Алтын менен күмісті кім білмейді,
Қолда барда қуанып кім күлмейді.
Химиктерге жақпайтын бір сыры бар
Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді. (активті металл)
Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып айға елімнің туын тікті,
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын (Темір)
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып? (сынап)
Аспанда ай - әкім
Жерде адам әкімі? (Күміс)
Жазылуы бойынша оқысаң элементпін
Ал керісінше оқысаң өткізгішпін.
Ойлаңдаршы сонда мен кіммін (Мыс - сым)
Менделеев кемеңгерім
Өз орнымды белгілепті.
Мені қымбат демеңдер тым,
Заттың нарқын ел біледі (Алтын)
Кейде қатты тас тілген болаттан да,
Кейде жұмсақ қолға алсаң қалады таңба.
Барма элемент осындай табиғатта,
Аташы тағы ойланып, ұзақ таңға? (Алмаз)
Ақ түйір айналады тыныш таппай
Жүргендей су бетінен орын жақпай
Аздан соң суға сіңіп жоқ болады.
Оқушым ал ойланған қойма таппай (Натрий)
Сабақты қорытындылау үшін сөз бөлімнің арнайы пәндер оқытушысы А.Ш.Байгелова мен
Б.К.Мусагалиевке беріледі. Топ жетекшілері марапаттайды. (Марапаттау)
Сабақты қорытындылау: Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.
Сіздерге осы сыныптан тыс шарамызға белсенді қатысқандарыңыз үшін көп
алғысымызды айтамыз. Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!