Конспект ОУД "Қысқы ертегі"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы/Тема: «Қысқы ертегі»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: табиғатты қорғауға, табиғат әсемдігін
сезінуге тәрбиелеу;
2.Дамытушылық – развивающая: қыс мезгілінің белгілері туралы
білімдерін тереңдету; осы мезгілге тән құбылыстармен таныстыру;
байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту; тілдік-сөздік қорын байыту.
3.Оқыту – обучающая: Қардың жаууын бақылау, оның ақ және үлпілдек
екенін көрсету, қардың қасиетімен таныстыру: суық, қарды алақанға
салғанда еритінін, одан аққала, сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: түрлі көлемдегі
дөңгелектер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қыс-зима, қар-
снег, аққала - снеговик.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: - Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай
мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран
соғып, қар жауып тұр.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол
жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа
болып көрінеді.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар, қардан не жасауға болады?
-Аққала, сырғанақ жасауға болады.
Билингвалдық компонент: аққала - снеговик.
Қазір бәріміз бірігіп, аққала жасаймыз.
Ойын: «Аққала құрастыру»
Ойынның шарты: Берілген қиындылардан аққаланы құрастырып шығу.
Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане айтайықшы?
Алдымен үлкен бөлігін жасап қоямыз, енді екінші бөлігін жасайық, оны
қайда қоямыз?
Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек-аяқ жағы, ортасы-кеуде жағы,
кішкентайы-басы, және екі қолымен бес дөңгелектен тұрады.
- Байқаңдар, балалар, аққаламыздың бөліктерін орын – орынымен қояйық,
шатасып кетпесін. Аққаламыз дайын болды.
- Жарайсыңдар, балалар.
Жеке жұмыс: Нартай, Бағлан аққаланың бөліктерін жеке- жеке атайды.
Сергіту сәті. «Ұлпа қар»
Қар ұшады. /балалар қолдарын созып ұшқан болады/
Қар айналады. /балалар бір орында тұрып айналады/
Қар жерге қонады/балалар жерге отырады/
Қар ұйықтайды/балалар көздерін жұмады/
Қардың мына түрлерін есімізге сақтап алайық.
Ақ қар. Жаңа жауған тап - таза қар.
Ақша қар. Жаңа жауған ұлпа қар.
Ала қанат қар. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, бір жерде жұқа, бір жерде қалың
қар.
Жапалақ қар. Түйіршіктері ірі - ірі қар.
Үлпілдек қар. Өте жұмсақ, үлбіреген жаңа жауған қар.
Қимылды ойын: «Аяз»
Мақсаты: Балаларды тез жүгіріп, секіруге, ептілікке жаттықтыру. Бірлесе
ойнауға тәрбиелеу.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Қардың түсі қандай?
-Қарды сипаттап беріңдер?
-Қардан не жасауға болады?
-Қардың қандай түрлерін білесіңдер?
-Қыстап қалатын құстарды атаңдар?
Балаларды мадақтау.