Конспект ОУД "Үйге баратын жол"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Құрастыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы/Тема: «Үйге баратын жол»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: шығармашылыққа, қол ептілігіне, көмек
көрсетуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: балалардың құрылыс материалдары
туралы білімдерін кеңейту, керек бұйымдарды көлеміне, ұзындықтарына сай
таңдап алуға дағдыландыру.
3.Оқыту – обучающая: Құрылыс материаладарының негізгі бөліктері мен
бөліктердің бөлшектерін ажыратуға үйрету. Кірпіштер мен пластиналардан
қарапайым құрылыс жасауды үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қоян, кірпіштер,
бала саны бойынша сәбіз.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: кең – широкий,
тар - узкий
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Есік қағылады. Қоян қонаққа келеді. Балалар мен көп сәбіз
жинадым, енді сол сәбіздерді бақшадан үйіме жеткізе алмай жатырмын.
Машинамен апарайын десем жол жоқ, машина жүре алмайды. Сендер маған
көмектесесіңдер ме?
Балалар біз қоянға жол салуға көмектесеміз бе?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Жолды неден салуға болады? (балалар өз ойларын айтады)
-Балалар ал біз жолды кірпіштерден жасайық.
Көрсету және түсіндіру.
-Кірпіштерді бірінен соң бірін арасын бөлмей орналастырамыз.
Кірпіштерді тігінен орналастырамыз. Жол қандай болды?
Дұрыс айтасыңдар, жіңішке, тар.
Билингвалдық компонент: тар - узкий
Ал сәбіздерді тезірек тасу үшін жол кең болу керек. Ол үшін біз кірпіштерді
көлденеңінен орналастырамыз. Жол қандай болды?
-Қане қайталаймыз, кең жолдар.
Билингвалдық компонент: кең – широкий
Ал енді балалар сендер жолды жалғастырып көріңдер.
Балалар қоян шаршаған сияқты, қоянмен бірге сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы –қырлы жерлермен
Ытқып –ытқып жүгірді.
Жеке жұмыс: Ализаир сен қанша кірпіш алдың?
-Малика жолды жасау үшін бізге қанша кірпіш керек болды?
Ойын: «Сәбіздерді жина»
Балалар бір-бірден сәбіздерді алып, қоянның үйіне тасиды.
Қоян балаларға алғыс айтады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Біз қоянға қалай көмектестік?
Жолды кімдер салады?
Біз жолдарды неден жасадық?
Кең жолдар жасау үшін кірпіштерді қалай қою қажет?
Балаларды мадақтау.