Конспект ОУД "Өзен бойымен саяхаттаймыз"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Өлі және тірі табиғат»
Тақырыбы/Тема: «Өзен бойымен саяхаттаймыз»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған ортаны қадірлей білу және
қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу, балалардың бойында мейірімділік,
достық сезімдерін тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере
отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін
дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды,
беттестіру және тұстастыру арқылы тең және тең емес заттарды
салыстыруды жетілдіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық
сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді
тақта, Кюизенер таяқшалары, ыдыс ішіндегі балықтар, қармақ.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жоғарыда
вверху, төменде - внизу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Біз бүгін «Өзен бойына» саяхаттаймыз.
Балалар өзенге саяхатқа немен баруға болады?
-Өзенде жүзетін қандай көлік түрлерін білесіңдер?
-Балалар бізде қайық жоқ қой, ендеше біз қайықты өзіміз құрастырып
алайық. Экраннан таяқшалардан құралған қайықтың суретін көрсетіледі.
Кюизенер таяқшаларынан қайықты құрастыруды үйретемін.
Жарайсыңдар балалар, бізге енді саяхатқа шығуға болады.
Орындықта отырып, көзімізді жұмып, өзімізді қайықта отырғандай сезінейік.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Тәрбиеші сөзі:
Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Құстардың
даусы, гүлдер жайнап өсіп тұр. Өзен - көлдер сылдырлап ағып жатыр. Міне
біз өзен бойына да келіп жеттік.
-Балалар қараңдаршы өзеннің ағысына тастар үйіліп қалыпты, қане біз
тастарды алып тастайық. Тастар жай тастар емес екен сиқырлы тастар.
Қараңдаршы олар неге ұқсайды?
Дұрыс айтасыңдар геометриялық пішіндерге ұқсайды. Ендеше бір-бірден
тастарды алып олардың қандай пішінге ұқсайтынын айтайық.
Жеке жұмыс: Айлин сен қандай пішінге ұқсас тасты алып тастадың?
-Әділбек қарашы өзеннің ағысында тастар қалды ма?
Балалар қараңдаршы өзен енді еш кедергісіз сылдырлап ағып жатыр.
Ал, енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
-Балалар өзенде балықтар жүзіп жүр екен, сендер балық аулағанды жақсы
көресіңдер ме?
- Балалар, «Кім көп балық аулайды?» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты: ортада ыдыс ішінде балықтар бар. Ортаға екі бала шығады, екі
магниті қармақпен судан балық аулап, шелекке салады.
-Балалар шелектегі балықтарды салыстырайық.
-Шелектегі балықтарды санайды. Тең немесе тең емес екенін айтады.
Ойында көп балық аулап, ептілік көрсеткен бала жеңімпаз атанады.
-Балалар біз балықтар туралы қандай сергіту жаттығуын білеміз. Қане бірге
орындайық.
Сергіту сәті.
Балық болып жүземіз (малту қимылын көрсету)
Шынығамыз суда біз (оң қолмен, сол қолмен)
Шынықсақ біз бәріміз (білектерін көрсеті)
Шымыр болып өсеміз (бір орында жүру)
«Жоғарыда-төменде» ойыны (интербелсенді тақтамен)
Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты,
зейін, қиялды дамыту.
Ойынның мазмұны: Балалар суретке қараңдаршы онда құстар мен
балықтар араласып кетіпті. Біз оларды өз орнын табуға көмектесейік.
Мысалы, құстар жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
Билингвалдық компонент: жоғарыда – вверху, төменде - внизу
Жарайсыңдар, балалар! Енді біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхатқа шықтық?
Өзен ағысына қалай көмектестік?
Тастар неге ұқсайды екен?
Құстар мен балықтарды қалай орналастырдық?
Балаларды мадақтау.