Конспект урока "Ы. Алтынсарин «Өзен»" 5 класс

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 12.01.2015
Сынып: 5 «а», «ә»
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы түсінік беру, «Өзен»
өлеңіне талдау жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің жинақтар
топтамасы, портіреті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
Ақын
Жазушы
Ұстаз
Аудармашы
Балалар
әдебиетінің атасы
Қоғам қайраткері
Ыбырай – қазақ балалар әдебиетінің атасы.
1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
4 жасында әкесі қайтыс болады.
Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.
1850 жылы Ыбырай орыс – қазақ мектебіне оқуға түседі.
Оны жеті жылда жақсы бағалармен бітіреді.
1864 жылы Ыбырай қазақ балаларына арнап мектеп ашады.
Ыбырай
Алтынсарин
2.«Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ. Түсінік тексеру:
*Сұрақ жауап
Өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?
Өлеңде қандай көркемдегіш сөз және сөз тіркестерін қолданған?
Өлеңнің буын өлшемін және ұйқас түрін анықтаңдар
ІV .Жаңа сабақты бекіту:
Өздік жұмыс:
Өздерің көрген, шомылған өзенді өз сөздеріңмен әңгімелеу және олардың адамның қандай
игілігіне жарап жатқанын жазу.
Өлең жолдарынан бейнелі сөздер мен теңеулерді тауып жазу.
*Сөздік жұмысын жүргізу:
Өксіген – шөлдеген мағынасында.
Қынарда – жағасында, маңында.
Жай – орын, қоныс.
Жанабында – жанында, маңында.
V.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.
2. «Өзен» өлеңін жаттау.
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 13.01.2015
Сынып: 5 «а», «ә»
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады? »
өлеңі туралы түсінікберу, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға
ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ізгілікке баулу,
елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың білімдік танымын , шығармашылық қабілетін, тілдік
қорын, ізденістерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармалар
топтамасы, портреті, еңбек туралы нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: тіл, экология, еңбек..
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.
2. «Өзен» өлеңін жаттау.
Білім тексеру:
«Топтастыру» стратегиясы.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
* «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс
Франк –француз ақшасының атауы.
Мәтіннен көнерген сөздерді табу: купец, реуішті.
ІV. Түсінік тексеру:
*Сұрақ жауап
1.Әңгіменің мазмұнына зер салып оқыңдар.
2.Еңбек етуден ерінген адам қандай болатынын аңғарту.
3.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
4.Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқыңдар.
V. Жаңа сабақты бекіту:
1. Венн диаграммасы:
Қорытынды: «Екі бетті күнделік» стратегиясы.
Әңгімеден алған әсерім
Пікірім
.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру
1.«Байлықтың көзі еңбекте» тақырыбында шағын шығарма жазу.
2. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мазмұндау.
Ы.Алтынсарин
туралы не
білеміз?
Жалқау