Конспект ОУД "Бұлт күнді жапты"
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.
Творчество.
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы/Тема: «Бұлт күнді жапты»(қарындаш)
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың байқағыштығын дамыту,
қарындашты дұрыс ұстап жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балаларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланып
күннің көзін шеңбер ретінде, күннің сәулесін тік сызықпен және бұлтты
будақтатып салуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: күн және бұлттың
бейнесі, түрлі-түсті қарындаштар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бұлт– туча; күн-
солнце.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: Балалар, біз бүгін аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Көзімізді
жұмып өзімізді аспанда жүргендей сезінейік. Күн шақырайып бізге жылу
шашып тұр. Сендер бір үлкен бұлттың ішінде өмір сүретін кішкентай
тамшыларсыңдар. Бұл кішкентай тамшылар өт көңілді, әрі қуанышты,
барлығына жақсылық жасайтын су тамшылары. Сендер сиқырлы тамшыдан,
жаны жақсылыққа толы балаларға айналып, топқа қайта оралдыңдар.
Көздеріңді жаймен ашыңдар. Не елестеттіңдер?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Аспанда әлемінде нені көрдік? (күн және бұлттың бейнесін көрсету)
Күн туралы әңгіме.
-Күн көзі бізге не сыйлайды?
-Күн қандай пішінге ұқсайды?
- Күн шуағын кімге шашыратып тұр екен? Түсі қандай?
Билингвалдық компонент: күн- солнце.
-Балалар аспанда күннің жанында не болады?
-Бұлттар қандай пішінде құралғанын көзбен көрейік. Бұлттардың қандай
пішіндерін көрдіңдер? Бұлттардың пішіндері – атқа, жүрекке, қызылшаға,
адам мүсініне, аңға ұқсайды.
Бұлттың түсі қандай?
Билингвалдық компонент: бұлт– туча.
Балалар ендеше біз бүгін күн мен бұлттардың суретін салайық.
Көрсету және түсіндіру.
Балаларға күнді қалай бейнелейтінін көрсету. Қағазды тігінен қойып, шеңбер
салу, жан - жағына сәулелерін түзу сызықтармен әшекейлеу.
Бұлтты күннің жанына будақтатып салуды көрсету.
Жеке жұмыс: Камилаға, Нартайға түстерді дұрыс ажыратып, бұлтты салуға
көмектесемін.
Сергіту жаттығуы: «Жаңбыр»
Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды.
Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.
«Күн мен бұлт»
Мақсаты: балалардың жылдамдықтарын арттыру, күннің көзі мен бұлтты
ажырата білуге тәрбиелеу
Барысы: балалар күннің көзінде ойнап жүреді, сосын тәрбиеші бұлт
көрнекілігімен шыққанда барлығы бір жерге жиналу керек, жаңбырдың
астында қалып қоймауы керек. Ойын балалар қалауымен бірнеше рет
қайталанады.
Керекті құралдар: күн мен бұлт пердесі
3.Қорытынды/итоговая часть:
Көрме ұйымдастыру.
Балалар салған суреттерін тақтаға әкеліп іледі.
Суреттер талқыланып, балалар бір біріне баға беру.
Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?
Қосымша толықтырулар енгізген балаларды мадақтау.